Туляремия ауруы туралы м?лімет
(оба тәрізді ауру)
Анықтамасы.Туляремия – Francisella tularensis қоздыратын, лимфа түйіндерді, теріні, көзді, анқаны, өкпені закымдауымен және улану симптомдарымен сипатталатын жедел облигатты табиғи-ошақты зоонозды ауру.
Тақырыптың өзектілігі.Туляремия – убиквитарлы инфекция. Аурудың ощақтары Америкада (барлық штаттарында), Еуропада, Азияда кездеседі. Ресей мен Қазақстанда арудың ошақтары диффузды орналасып, үлкен территорияларда кездеседі. Қазақстан республикасында сырқаттанушылдық 0,06-0,95 аралығында ресми түрде тіркеледі. 2002 ж аурудың 17 жағдайы (Шығыс-Қазақстан облысында – 13), 2003 ж. – 15 (Шығыс-Қазақстан облысында – 7, Солтүстік Қазақстан облысында – 4, Ақтөбе облысында -3), 2004 ж. -7 (Шығыс-Қазақстан облысында – 5, Алматы облысында -2, 2005 ж. – 9 (Шығыс-Қазақстан облысында – 8, Ақмола облысында -1) ресми түрде тіркелген.
Туляремияның қоздырғышын биологиялық қару ретінде қолдану мүмкін. Аэрозоль түрінде қолданғанда қоздырғыштың 10-50 микробы жетеді.
Тарихи мәліметтер.Аурудың атауы табылған жеріне байланысты(Туляре аралы,Калифорния, АҚШ). 1910 ж. Ч. Мак-Кой обаның табиғи ошағын зерттеп жүргенде суырдан оба тәрізді ауруын анықтаған, ал 1911 ж. Ш.Чепин екеуі ауру суырдан қоздырғышты бөліп алған. Содан Bacterium tularense деп атаған.
Сосын адамдардың да бұл аурумен ауратыны анықталды.
Қоздырғыштың 2 түрі бар: А-түрі және В-түрі. А-түрінің вируленттік қасиеті жоғары, ауру Солтүстік Америкада кездеседі, қояндар аурады, олардан аңшыларға жұғады. В-типі Еуропада, Азияда таралған, вирулентілігі төмен, кеміргіштер ауырады. 1966 ж. М.А.Айкимбаев қоздырғыштың үшінші орта азиялық түрін анықтаған. Қазақстанда қоздырғыштың 2 түрі кездеседі: В-түрі және орта азиялық түрі.
Қарапайым қоректік орталарда өспейді. Цистенал немесе табиғи субстраттар: жұмыртқа сарысы, бауыр, талақ, ми қосу керек. Өсу үшін оптималді температура – 35-37°С, рН 7,0-7,2.
Қоздырғыш сыртқы ортада ұзақ уақыт сақталады. Өзен суында 4° температурада – 1 ай, 0° - 9 ай; топырақта – 2,5-4 ай; бидай, шөпте - О° төмен температурада – 6 ай, 20-30° - 20 күн, ауру және өлген жануарлардың терісінде 8-12° температурада – 1 айдан жоғары.
Жоғары температураға және дезинфекциялаушы ертінділерге (фенол, сулема, формалин, этил спирты) төзімсіз.
Туляремиядан өлген малды 1 тәулік бойы дезинфекциялаушы ертіндеде ұстап, сосын өртеп жіберу керек.
Туляремия қоздырғышы рифампицинге, стрептомицинге левомицетинге, тетрациклинге, ципрофлоксацинге сезімтал.
Эпидемиологиясы.1. Аурудың көзі. Туляремия – облигатты зооноз, табиғи ошақтық ауру. Аурудың көзі және резервуары – жануарлар. Табиғатта аурудың резервуары: кеміргіштер, егеуқұйрықтар, қояндар, ондатра. Олардан синантропты кеміргіштер залаладанады. Туляремия қоздырғышы 90 жабайы омыртқалы жануарларда, үй жануарларында (қой, ит, жылқы) кездеседі. Олар туляремияға өте сезімтал. Ресейде – аурудың негізгі көзі су тышқандары, үй тышқандары, қояндар, иттер, ондатра. Ауру тасымалдаушылары – иксод кенелері және қансорғыш қанаттылар: маса, шожала. Кенелердің организмінде қоздырғыш өмір бойы сақталады, қан сорғыштардын организмінде – 2 апта бойы, ал инфицирленген жануарлардың қанында олар өлгенше дейін сақталады. Жануарлар арасында ауру кенелер арқылы тарайды. Кеміргіштер арасында инфекция алиментарлы жолмен тарайды. Адам аурудың көзі болып табылмайды.
Табиғи ошақтардың 7 түрін ажыратады: батпақтық, қоғалдық, ормандық, далалық, таулы-шатқалды, тоғайлық, тундралық. Қазақстанда ошақтардың 4 түрі кездеседі: таулы-шатқалды, батпақтық, тоғайлық, далалық. Әр ошақ өзіне тән жануарлармен, қансорғыштармен ерекшеленеді.
2. Берілу жолдары:
· трансмиссивті (негізгі) – арнайы тасымалдаушысы жоқ, ауру әр түрлі қансорғыш қанаттылар (маса, кене, шожала) арқылы берілу мүмкін;
· контактілі – тері мен шырышты қабықшалар арқылы инфицирленген жануарлармен жанасқанда: теріні өндеген кезде, жануарлар тістеп алған кезде; аңшылар ондатра арқылы жұқтырады;
· алиментарлы – кеміргіштердің зәрімен инфицирленген су, тағам арқылы. Кеміргіштермен ластанған судың эпидемиологиялық маңызы зор. Аурудың құдықтық өршуі жиі кездеседі. Кеміргіштің өлігі құдықта жатса, сол құдықтың суын ішкен адамдар заладанады;
· аэрогенді – заладанған шаң арқылы, шөп жинайтын жұмыстар жүргізгенде.
3.Қабылдаушы макроорганизм. Адамдар туляремияға 100% сезімтал. Көбінесе ересектер, ер адамдар, кәсіби топтары – аңшылар, балықшылар, ауыл шаруашылық қызметкерлері аурады. Антропургиялық ошақтар инфицирленген кеміргіштердің миграциясына байланысты, олар үй кеміргіштеріне ауруды жұқтырады. Эпидемиялық процестің ағымы жыл мезгіліне, табиғи ошақтың ерекшелігіне, эпизоотиялық жағдайға байланысты. Жекеленген эпидемиялар үшін белгілі бір жұғу механизмінің және белгілі бір клиникалық түрінің басым болуы тән. Жыл маусымдылығы – жаз-күз айлары. Сонғы кездерде ауру спорадикалық түрінде кездеседі. Аурудан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады.
10 июня 2011, 13:40 | 3 163 просмотра
Бұл аурудың туляремия деп аталуының себебі, оны қоздырушы микробының тұңғыш рет Солтүстік Америкадағы Туляре деген жерде анықталуына байланысты. Туляремия ауруын қоздырушы – жәй көзге көрінбейтін өте ұсақ микроб, табиғат жағдайлары бұл микробқа түрліше әсер етеді, мысалы: күн сәулесі тікелей түссе туляремия микробы бір сағаттың ішінде жойылады. Ал суыққа өте төзімді келеді, яғни микроб салқын суда немесе ылғалды жерде ұзақ уақыт өзінің тіршілік қасиетін жоймайды. Туляремия микробы залалсыздандыруға қолданылатын улы дәрілердің әсеріне төзімсіз, тез арада жойылады.
Туляремия ауруының белгілері: бұл ауруға адам жасына қарамастан шалдығады. Туляремияның қоздырғышы кісінің денесіне тері арқылы, ауыздың, көздің тыныс алу мүшелерінің шырышты қабығы арқылы еніп, сол аймақта өсіп көбейе бастайды. 3-5 күннен кейін аурудың алғашқы белгілері біліне бастайды. Адамның дене қызуы кенеттен көтеріліп 38-39 градусқа дейін жетеді, басының қатты ауруына, бұлшық еттерінің сыздап ауруына шағымданады, денесі құрысады, тамаққа тәбеті төмендейді, терлейді, ауырған адамның мойын, жұтқыншақ, қолтық немесе шап бездері қабынып, қол тигізбей ауырады.
Туляремия өте ұзаққа созылатын қауіпті індет болғанымен көп жағдайда ауырған жандар мүлдем айығып кетеді. Аурудың бір ерекшілігі туляремия ауру адамнан сау адам-ға жұқпайды.
Табиғатта туляремия қоздырғышы қалай сақталады. Кеміргіштер тобына жататын хайуанаттардың ішінде көбінесе туляремиямен ауыратындары: су тышқаны, ондатра, аламан дала тышқандары, қаптесер және қояндар. Туляремия микробының хайуанаттар арасында таралуына және оның табиғатта сақталуына негізінен жайылымдық жерде кездесетін кенелер себепкер болады. Бұл кенелер туляремиямен ауырған хайуанаттардан қан сорған кезде қанмен қоса ауру қоздырғыш микробын бірге жұтып, оны бірнеше жылға дейін өз денесіне сол күйінде сақтайды. Бұндай кенелер адамдарды, жан-жануарды шаққан кезде туляремия ауруын жұқтырады.
Бірақ аурудың табиғатта таралу жолдары жәндіктердің шағуымен ғана шектелмейді. Туляремиямен ауырған жануарлар өле-өлгенше өздерінің құмалағымен, зәрімен бірге ауру қоздырушы микробты көбейтіп шығарады да онымен қоршаған ортаны, суды, топырақты, шөпті ластайды. Туляремиядан мерт болған жануарлардың өлексесі бұл аурудың таралуының негізгі себептерінің бірі екенін айта кеткен жөн. Себебі көптеген кеміргіштер бірінің өліктерін бірі жейді, сөйтіп олар ауруға шалдығады, суды, шөпті, топырақты, азық- түлікті ластайды.
Туляремияның адамға жұғу жолдары. Туляремияның адамға жұғу жолдары әртүрлі болады. Бұл ауру әдетте ауылдық жердегі ел арасында басталады. Себебі халықтың күнделікті кәсібі мал бағу шөп шабу, егін салу және балық аулау болғандықтан адамдар табиғаттағы жануарлар арасында көп тараған туляремия ауруымен немесе бұл ауруды таратушы жәндіктермен жиі кездеседі. Тыш-қандар өте көп болған жылдары адамдардың да туляремиямен жиі ауыратыны белгілі. Туляремия ауруын таратушы жәндіктер (маса, сона, кенелер) жаз айларында өніп - өсіп көбейеді. Туляремия адамға бұдан басқа да талай жағдайларда жұғуы мүмкін, мысалы пішен шауып немесе жем шөп тасыған кезде көтерілген шаң-тозаңмен бірге аурудың микробы араласқан ауамен тыныс алғанда жұғады.
Аңшылар мен балықшыларға туляремия ауруын жұқтыруда ондатраның, су тышқанының және қояндардың әсері зор. Бұл аңдарды аулағанда, сойғанда, кеміргіштер жүрген жердегі суды қайнатпай ішкенде, аңшыларға және олардың отбасы мүшелеріне аурудың жұғу қаупі өте жоғары.
Туляремиядан сақтану жолдары. Қазіргі кезде туляремиядан алдын ала сақтанудың бірден бір шарасы – бұл ауруға қарсы вакцина егу болып табылады. Алғашқы егу 7 жастан басталып, қайталап егу әрбір 5 жыл сайын өткізіліп отырады. Жыл сайын облыстық бюджеттен туляремияға қарсы екпе сатып алуға қаржы бөлінеді және бұл аурудан қолайсыз елді мекендерде егу жүргізіледі. Біздің елімізде туляремияға қарсы егудің арқасында адамдардың туляремиямен сырқаттануы сиреді. Соңғы рет 2004 жылы туляремия адамдар арасында Алакөл, Қарасай аудандарында тіркелді.
Туляремияның алдын алуда екінші маңызды мәселе – бұл ауруды таратушы кеміргіштерді жою. Осы жұмыстарды жүргізуге (дератизация) облыстық бюджеттен қаржы бөлінеді, жылда 15 ауданда дератизация жасалынады.
Жалпы осындай шаралар жүргізілуіне қарамастан әрбір адам өзін бұл аурудан қорғануды білу керек. Елді жерлерде үйлердің, қоймалардың, құдықтардың санитарлық тазалығына көңіл бөлу маңызды мәселенің бірі. Аулаларды шөп – шаламдардан тазартып тұру қажет. Үйлерді, қораларды тышқан кіре алмайтындай етіп бекіту керек. Тышқандарды құрту үшін қақпан тәрізді құралдарды кеңінен пайдаланып және уланған жемтіктер салу қажет, бірақ уланған жемтіктерді салғанда улы заттардың азық-түлікпен араласып кетпеуін мұқият қадағалау керек. Негізі ондай жұмыстарды сұраныс жасап кеміргіштерді жоюмен айналысатын мекеме арқылы жасаған абзал, ол қызметтер ақылы түрде жүргізіледі. Азық – түлік сақтайтын жерді тыш-қаннан қорғау басты міндет. Табиғат аясына шыққан кезде кене адамды шақпас үшін көйлектің жеңін, шалбардың балағын қысып байлап, күніне бірнеше рет денені киімді жәндіктерден тазартып отыру керек.
Жалпы тазалық шараларын ауыз су алатын орындарда да жүргізу шарт. Құдықтарды тышқан түспейтіндей етіп қақпақтау, бұлақтарды балдыр мен лайдан тазарту керек.
Кеміргіштердің өлікселерін жалаңаш қолмен ұстауға болмайды, өлекселерді арнайы құралмен ұстап жерге көміп немесе өртеп жіберген дұрыс. Ал егерде аулап жүрген аңдар арасында туляремия ауруының белгісі білінсе, өндірілген аң терілерін арнайы әдіспен дезинфекция жасау қажет.
Табиғат туляремия ауруының ордасы болғандықтан адамның бұл аурумен ауру қауіпі әрқашанда сақталады.
Туляремия-қоздырғыштың тарау механизмі әр түрлі болып келетін табиғи ошақтық зоонозды жедел бактериялық инфекция. Уланумен, қызба және лимфа түйіндерінің зақымадалуымен сипатталады.
Тарихи мәліметтер: Г.Мак-Кой 1910 жылы Калифорниянияның Туляре деген батпақты жерінде обаның табиғи ошағын зерттеп жүріп, суырдан оба тәрізді ауруды ойлап тапқан. Ол Ч.Чепинмен бірге 1911 жылы суырдан осы аурудың қоздырғышын Bacterium tularense-ні бөліп алды. Көп ұзамай бұл аурумен адаммен ауыратыны анықталып, И.Френсистің 1924 жылы ұсынысы бойынша туляремия деп атаған.
Туляремия қоздырғышы – Francisella tularensis, Francisella туыстығына, Brucellacea тұқымдастығына жатады. Негізгі үш түрі бар:
- Америкалық (арктикада кездеспейтін) – қояндар ауырып, аңшыларға жұқтырады
- Орта Азиялық
- Гонарктикалық (Евразиялық) – вируленттілігі төмен, кеміргіштер ауырады.
Ұсақ кокк таяқша тәрізді клеткалар (0,2-0,5 мкм), грам теріс, капсула, спора түзбейді. Екі антигендік коплексі бар: қабықтық (Vi) және соматикалық (О) антиген. Қоздырғыштың вируленттілігі және иммунологиялық қасиеттері қабықтық антигенмен байланысты. Сыртқы ортада ұзақ сақталады.
Суда 3 ай, 0-градустан төмен болса, бидай және сабағында 6 ай, өлген жануалардың терісінде 8 ай. Қайнатқанда 1-2 минутта. Хлорамин, лизол, хлорит әк ерітінділерінде 3-5 минут ішінде жойылады.
Аурудың көзі және резервуары – жануарлар: кеміргіштердің әртүрлі тобы: сұр тышқан, үй тышқаны, егеуқұйрықтар, оңдатра, қояндар. Үй жануарларынан: қойлар, шошқалар, ірі қаралар.
Ауруды тасымалдайтындар: сексод, гамаз кенелері, масалар, бүргілер тасымалдап, жұқтырады.
Туляремияның адамға жұғу жолдары:
- Контактілі– тері мен шырышты қабықшалар арқылы инфицирленген жануарлармен жанасқанда, жануар тістеп алған кезде
- Алиментарлы– кеміргіштердің зәрімен инфицирленген су, тағам арқылы
- Шаң-тозаң арқылы – залалданған шаң арқылы, шөп жинайтын жұмыстар жүргізгенде
- Трансмиссивті– әртүрлі қан сорғыштармен (маса,кене) арқылы беріледі.
Туляремия ауруы көбінесе батпақты ошағы бар ауылшаруашылық аудандарында кездеседі. Қала адамдары аңға, балық аулауға шыққанда ауру жұқтырады,сонымен қатар үй шаруашылығындағы әйелдер ауырады. Туляремия ауруына бейімділік жоғары. Бір рет ауырған адамда тұрақты иимунитет пайда болады.
Туляремия инфекциясының патогенезі
Жұқтыру сатысы. Қоздырғыштың кіру қақпасы – терінің микротравмалар, көздің, тыныс алу жолдарының және асқазан ішек жолдарының шырышты қабаты. Аурудың клиникалық түрін қоздырғыштың ену жолы, патогенділігі, мөлшері, макроорганизмнің иммундық қорғаныс мүмкіншілігі анықталады. Қоздырғыштың енгеннен кейін, ену қақпасында қабыну процесі дамып, микробтың массивті көбеюі болады.
Лимфогенді таралу сатысы. Қоздырғыш регионарлы лимфа түйіндеріне лимфогенді жолмен жетіп, сол жерде көбейіп, лимфа бездерін қабындырады (ЛИМФАДЕНИТ). Микробтар көбейіп, кейбіреуі жойылып, эндотоксин бөлінеді, жергілікті патогенетикалық процестің дамуын өзгертеді, қанға түссе организмнің жалпы улануын шақырады.
Бактериемия сатысы. Лимфалық аппараттың барьерлік қызметі төмендесе, қоздырғыш қанға түсіп, бүкіл денеге жайылады.
Гематогенді диссеминация. Инфекцияның денеге жайылуы паренхиматоздық мүшелердің арнайы зақымдануымен және организмнің сенсибилизациясын дамытады. Әртүрлі лимфа түйіндерінің ұлғаюы, әртүрлі мүшелерде (бауыр, көкбауыр, өкпе) гранулемалардың пайда болады. Диаметрі 1-4 мм ақсары түсті гранулемалар. Микроскоппен қарағанда гранулеманың ортасында эпителиоидтық клеткалар, лейкоциттермен лимфоциттермен қоршалған некроз ошағы көрінеді. Сыртқы пішіні бойынша туберкулез гранулемасына ұқсайды: осындай процесс аймақтық лимфа түйіндерінде де жүреді. Сол жерде алғашқы лимфа бездерінің қабынуы бубон байқалады. Іріңдеген және түйін жарылғанда теріде жазылмайтын жара пайда болады. Екіншілік бубондар қоздырғыштың қан арқылы түскенде пайда болады, гранулематоздық, некроздық, өзгерістер іріңдемейді
Туляремия клиникалық көрінісі:
Инкубациялық кезең брнеше сағаттан 3 аптаға созылады. Орташа 3-7 күн.
Ағым ұзақтығы бойынша бөлінеді:
- жедел ( 3 аптаға дейін)
- жеделдеу (6 ай және ұзақ)
- рецедивті.
Ағым ауырлығы бойынша:
Туляремияның клиникалық жіктелуі және жұғу жолдары:
- Бубонды түрі: Көздің шырышты қабаттары,тері арқылы (контактілі,трансмиссивті) жолмен жұғады
- Жаралы-бубонды: Көздің шырышты қабаттары, тері арқылы (контактілі,трансмиссивті)
- Көз-бубонды: Көздің шырышты қабаттары, тері арқылы (контактілі)
- Ангинозды- бубонды: Ауыз арқылы (алиментарлы, су арқылы)
- Абдоминальды: Ауыз арқылы (алиментарлы, су арқылы)
- Өкпеклік (бронхиттік және пневмониялық варинаттар): Тыныс алу жолдары арқылы (ауа-шаң)
- Генерализденген н/е біріншілік – септикалық түрі: Кез-келген жұғу түрінде кездеседі. Әлсіз адамдар ауырады
Туляремия клиникасында 2 синдром бар:
- улану синдромы:
- жергілікті өзгерістер синдромы.
Клиникалық формасында тәуелсіз ауру жедел улану синдромынан басталады: қалтырау, дене қызуының жоғарлауы, бас ауыруы, бұлшық еттердегі ауырсыну (аяқ, бел, арқа бұлшық еттері), ұйқысының бұзылуы, тәбетінің төмендеуі, тершеңдік т.б ауыр ағымында құсу галлюцинация болады. Қызба түрі: ремиттирлеуші, дұрыс емес интермиттерлеуші, үнемі н/е толқын тәрізді сиапатты болады, ұзақтығы жиі 2-3 апта,сирек 30 күн және одан ұзақ.
Аурудың бірінші күнінен бастап бетінің, коньюктива, ауыздың шырышты қабаты, жұтқыншақтың бозарауы және гиперемиясы және склера тамырдарының иньекциясы байқалады. Ауру бауыр мен көкбауырдың ұлғаюымен жүреді. Кейбір науқасатарда эритема, розеола, петехия н/е папула түрінде бөртпелер болады, симметриялық аудандарда кездеседі. Бөртпе 8-12 күн сақталады, кейін түлейді, пигментация қалады. Бөртпелер қайталануы мүмкін. Улану синдромы негізінде туляремияның басқа формаларына тән симптомдар кездеседі.
Бубонды түрінде ауру басталғаннан 2-3 күні бубон түзіледі. Жиі қолтық асты, мойын, жақ асты бубондары болады, қоздырғыш жиі алиментарлы және қол терісі арқылы түседі. Лимфа түйіндері қатты, аурусынбайды, қозғалымы және шеті анық болады. Бубон мәлшері әр түрлі, біреу немесе көп болады. Бубондардың жазылуы: сіңірілуі, іріңдеуі және ойылып, тыртықтануы және склерозға ұшырауы мүмкін. Сіңірілуі мен склероздануы (тіннің дәнекер тінімен алмасуы) бубондарда баяу жүреді, іріндесе бубон 3-4 аптада тесіліп, кою, кілегей тәрізді зат шығады.
Жаралы-бубонды түрі қарым-қатынас және трансмиссивті жолмен жұққанда дамиды. Қоздырғыш енген орнында дақ түзіледі (біртіндеп 6-8 күнде папулаға айналады, везикула, одан пастула), терең емес жара түзіледі (5-15мм), жара маңайында аздаған қабыну өзгерістері болады. Жара баяу, тыртықтанып жазылады.
Көз-бубонды түрі коньюктива арқылы түскенде 1-2% жағдайда кездеседі. Бір жақты зақымдалу тән. Коньюктиваның айқын қызаруы тән, одан кейін папула жараға айналады, қабықтын ісінуі, алдыңғы мойын, құлақ маңы, жақ асты лимфа түйіндерінің ұлғаюы тән. Процесс бірнеше аптадан бірнеше айға созылады.
Ангинозды-бубонды түрі: алиментарлы жолмен жұққанда кездеседі. Науқастарда тамағында аздап аурысыну болады, аурудын 4-5 күні бадамша безінің ұлғаюы, кір-сұр тот жабындымен жабылуы, біртіндеп жазылатын терең жараның түзілүі тән. Сирек жаралы процесс ауыздың шырышты қабатында, таңдай және жұтқыншақта болады. Баспен бірге біржақты лимфаденит болады.
Абдоминальды түрі. Алиментарлы жолмен қоздырғыш түскенде болады және мензентериальды лимфа түйіндерінің зақымдалуымен сипатталады. Науқастар іштегі қатты аурсынуға, құсу, іш өтуге шағымданады. Кейде пальпацияда қолға ұлғайған лимфа түйіндері сезіледі.
Өкпелік түрі. Бронхиттік және пневмониялық вариантпен жүреді. Бронхиттік түрі катаральды белгілерімен көрінеді: кұрғаұ жөтел, кеуде артындағы ауырсыну, өкпеде құрғақ шашыранқы сырылдар естіледі, субфебрильді дене қызуы тән. Ауру ұзақтығы 8-12 күн.
Пневмониялық түрінде – өкпеде қабыну процессімен қоса ұзақ және ауыр ағыммен сипатталады. Интоксикация белгілерімен қоса кеудегі ауырсыну, жиі құрғақ жәтел, сирек шырышты – іріңді немесе қанды қақырық болуы тән. Бұл түрге рецидив болуы(бірнеше айдан жылға дейін), асқынулар (абцесстер, каверналар т.б.) тін.
Жайылған (генерализденген) түрі. Әр түрлі жолмен қоздырғыш түскенде кездеседі. Ауыр ағыммен, тиф тәрізді немесе септикалық вариантпен жүреді, біріншілік аффект және регионарлы лимфаденит тән емес. Жиі бөртпе, экссудивті полиморфты эритемамен, бауыр және көкбауыр ұлғаюымен жүреді. Ағымы ұзақ баяу жазылады, рецидивтер болуы тән.
Асқынулары:
- екіншілік туляремиялық пневмония;
- менингит,менингоэнцефалит:
- миокардиодистрофия,перикардит;
- жедел өкпелік немесе жүрек-қантамыр жетіспеушілігі.
Диагнозды эпидемиологиялық анамнез және клиникалық симптоматикаларына сүйене отырып қояды.Түйіндердің түзілуінің диагностикалық маңызы зор. Туляремияның салыстырмалы диагностикасын лимфа түйіндерінің ұлғаюымен жүретін басқа аурулармен жүргіземіз. Сондай аурулардың бірі мысықтық тырнақ іздері. Бұл ауру кезінде де инфекция қақпасында біріншілік аффект,лимфа түйіндерінің ұлғаюы,олардың іріңдеуі жүреді.. Бұл ауру үшін маңызды диагностикалық критерий-мысықпен контактта болғанды анықтау. Жиі қолтық асты және шынтақ лимфа бездер і ұлғаяды. Іріңді лимфаденит үшін лимфа түйіндерінің маңында іріңді зақымданудың болуы тән.(қол флегмонасы,абсцесс,остеомиелит т.б) Лимфа түйіндерінің ісіктік ұлғаюы кезінде түйіндердің тығыздығы және прогрессивті өсуі тән.
Қойылған диагнозды дәлелдеу үшін биологиялық, серологиялық және аллергиялық зерттеу тәсілдері қолданылады. Биологиялық зерттеулерде бубондардан, жара түбінен қырып алынған заттарды хайуанаттарға (теңіз шошқасына мен ақ тышқанға) тері астына немесе іш пердесіне егеді. Ауру жұқтырылған хайуанаттар 4-14 күннен кейін туляремиядан өледі. Қоздырғышты бөліп алу үшін қанды, бауырдың, көкбауырдың, лимфа түйіннің аз бөліктерін сары уызды ортаға егеді. Қоздырғышты бөліп алу мен дәлелдеу аса қауіпті жұқпалы аурулар бөлімінің арнайы жабдықталған зертханасында жүргізіледі.
Серологиялық зерттеу тәсілдерінің ішінен агглютинация әдісі жиі қолданылады. Оның 1:100 және одан жоғары титрлері диагностикалық болып есептелінеді.
Ауруды ертерек және ретроспективті анықтау үшін сезімтал ПГАР, ИФР серологиялық реакциялары қолданылады.
Тулярин антигенімен қойылатын тері аллергиялық сынамасы 3-5 күнінен бастап оң нәтиже береді. Экспресс әдісретінде қан тамшы агглютинациясы қолданылады
1.Этиотропты ем
- Стрептомицин 0,5*2 рет, өкпелік жайылмалы түрлерінде 1,0*2 рет бұлшықет ішіне;
- Гентамицин 5 мг/кг бұлқыет ішіне, көк тамыр ішіне;
- Жаңа аминогликозидтер: сизомицин 0,1*3 рет, нетромицин, амикоцин
Альтернативті препараттар:
- Доксициклин 100 мг тамыр ішіне 12 сағат сайын
- Ципрофлоксацин 400 мг тамыр ішіне 12 сағат сайын
- Хлорфеникол 15 мг/кг тамыр ішіне 6 сағат сайны
- Цефолоспориндер
Емдеу курсы қызба кезеңі бойы және қалыптытемпературакезеңі бойы 5-7 күн.
- Патогенетикалық ем:
- Интоксикациямен күресу
- С және В топты витаминдер
- Дезенсиблизация
- қабынуға қарсы қолданылатын препараттар
- Жергілікті ем: компресс, майлы таңғыштар, солюкс, диатермия
Достарыңмен әлеуметтік желіде бөліс
Медик+ админ! Сайт бойынша жауапты адам.
Сайт бойынша іздеу
Ең үздік материалдар
Ежегодно люди почти по всему миру начинают чесаться от противных укусов комаров. Это кажется просто неприятным событием и только, однако комары могут представлять опасность для жизни и здоровья не только людей, но и животных. Кровососущие насекомые являются переносчиками множества заболеваний, их называют трансмиссивными или арбовирусными. Комары активизируются, как только температура окружающей среды ночью устанавливается на +10° С.
Что такое туляремия?
Туляремийная палочка довольно живучая, она выживает при температуре +4 °С до месяца, на соломе или в зерне при 0 °С - до полугода, при температуре +20-30 °С - до 20 дней, а в шкурах умерших заражённых животных при +8-12 °С - до месяца. При воздействии высоких температурах и дезинфицирующих средств этот микроорганизм быстро погибает.
Источником и резервуаром инфекции являются грызуны, птицы, некоторые млекопитающие (зайцы, собаки, овцы и др.) Самый распространённый метод передачи этого заболевания - трансмиссивный, то есть, при укусе кровососущих насекомых (например, комаров). Больной человек не заразен. Вероятность заражения туляремией вне очага этой инфекции крайне мала, однако это возможно при контакте с продуктами и сырьём из эпидемически неблагополучных областей. Люди крайне восприимчивы к туляремии, заболевание развивается почти у всех инфицированных.
Туляремия в России
Возбудитель туляремии встречается практически по всему миру. Впервые он был найден в 1910 году в Калифорнии, далее туляремия была описана и во многих других странах. В России Francisella tularensis была впервые описана в 1926 году около Астрахани. Сейчас туляремия встречается практически по всей нашей стране, чаще в Северном, Центральном и Западно-Сибирском регионе, а также в Ростовской, Смоленской и Оренбургской областях, Республике Башкортостан и в Москве.
До 2000 года ежегодно регистрировалось 100-400 случаев этого заболевания в год. С 2000 по 2003 заболеваемость снизилась до 40-60 случаев в год, а затем снова начала повышаться, вплоть до того, что в 2013 году в Ханты-Мансийске было зафиксировано 800 случаев за год! Вспышки чаще случаются из-за массового размножения мышей. В настоящие дни ситуация с туляремией несколько лучше, благодаря вакцинации в эпидемически неблагоприятных районах. Заболеваемость сейчас не выше 400 случаев в год.
В группе риска заражения находятся жители вышеназванных регионов, а также:
- пастухи
- рыболовы и охотники
- персонал служб отлова и содержания бездомных животных
- сотрудники мясокомбинатов и животноводческих хозяйств
- люди, занимающиеся расчисткой и благоустройством леса
- специалисты по заготовке, хранению и переработке сельскохозяйственной продукции
На предприятиях, где существуют такие работники, а также во многих районах, где случаются вспышки туляремии, проводится массовая вакцинация от туляремии. Если вы живёте в вышеназванных областях, не следует упускать этот момент и обязательно получать свою прививку.
Симптомы туляремии
Форма болезни и, соответственно, течение различается от пути заражения, однако для всех форм есть и общие симптомы:
- Инкубационный период от несколько часов до месяца, чаще всего, 3-7 дней
- Острое начало - температура резко поднимается до 35,5-40 °С
- Лихорадка сохраняется длительно, до месяца, она может быть постоянной или попеременно повышаться и понижаться, на пике жара наблюдается эйфория и повышение активности
- Головная боль, боль в мышцах ног и спины
- Потеря аппетита
- Покраснение лица, глаз, конъюнктивы и других слизистых оболочек
- Сыпь различного типа
- Пониженное сердцебиение и артериальное давление
- Через несколько дней болезни увеличивается печень и селезёнка
- В тяжёлых случаях - рвота, носовые кровотечения
Остальные симптомы отличаются в зависимости от формы болезни. В зависимости от пути заражения развиваются следующие формы: язвенно-бубонная, бубонная, глазобубонная, ангинозно-бубонная, абдоминальная, лёгочная и генерализованная.
Путь заражения: трансмиссивный (при укусе кровососущего насекомого, в том числе комара).
Симптомы:
- Язва на месте укуса (небольшой глубины, с тёмной корочкой на дне)
- Набухшие лимфатические узлы (бубоны), ближайшие к месту укуса, набухают через 2-3 дня после начала болезни
- Бубоны могут быть в диаметра от 3 до 10 см
- У половины инфицированных бубоны рассасываются без следа, но медленно, до нескольких месяцев
- У другой половины пациентов через пару недель бубоны могут нагнаиваться и прорываться, образуя свищи, которые заживают очень медленно, оставляя после себя рубцы
Путь заражения: укус животного, контакт с заражённым животным
Симптомы такие же, как у язвенно-бубонной формы, за исключением язвы в месте укуса, такой язвы не образуется.
Путь заражения: попадание возбудителя на конъюнктиву с пылью, грязными руками, насекомыми
Симптомы:
- Покраснение, отек и болезненность глаза
- Ощущение песка в глазах
- Набухание
- Эрозии и язвочки с гнойным отделяемым на конъюнктиве
- Набухшие ближайшие лимфоузлы, которые либо рассасываются баз следа через пару месяцев, либо нагнаиваются с образованием свища и рубца
- Очень тяжёлое и длительное течение вплоть до потери зрения
Путь заражения: При употреблении плохо обработанного заражённого мяса и воды
Симптомы:
- Боль в горле
- Трудности с глотанием
- Покраснение и отёчность миндалин (обычно одной)
- Увеличенные миндалины с серым некротическим налётом
- С прогрессированием заболевания миндалины некротизируются, образуются плохо заживающие язвы и рубцы
- Набухание и воспаление околоушных, шейных и подчелюстных лимфоузлов со стороны поражённой миндалины
- Воспалённые лимфатические узлы (бубоны) либо рассасываются без следа в течение длительного времени, либо нагнаиваются с образованием свища и впоследствие рубца
Путь заражения: При употреблении плохо обработанного заражённого мяса и воды и дальнейшем заражении лимфатических сосудов брыжейки кишечника
Симптомы:
- Сильные боли в животе
- Тошнота, иногда рвота
- Анорексия
- Изредка диарея
- При ощупывании болезненность в области пупка
- Увеличение печени и селезёнки
Путь заражения: При вдыхании пыли, содержащей возбудителя туляремии
Симптомы:
При бронхитическом течении:
- Сухой кашель
- Умеренная боль за грудиной
- Общая интоксикация
- Лёгкое течении, выздоровление наступает через 10-12 дней
При пневмоническом течении:
- Длительное, изнуряющее начало заболевания
- Признаки пневмонии
- Продуктивный кашель со слизисто-гнойной, реже кровянистой мокротой
- Течение длительное и тяжёлое, до 2 месяцев и более
- Одышка
- Боль во всей грудной клетке
- Может осложняться абсцессами, плевритом, бронхоэктазами
Путь заражения: При любом пути заражения может развиться такая форм, обычно у людей с ослабленным иммунитетом
Симптомы:
- Длительно сохраняющаяся неправильная лихорадка
- Выраженная интоксикация
- Сильные мышечные боли
- Нарастающая слабость
- Головная боль
- Головокружение
- Бред и галлюцинации
- Спутанность сознания
- Частые осложнения в виде вторичной пневмонии, инфекционно-токсического шока, менингита и артритов
Туляремия - особо опасное заболевание, с тяжёлым течением и трудностями в лечении, поэтому важно проводить профилактику.
Диагностика и лечение туляремии
У некоторых форм туляремии довольно специфические симптомы, но они могут проявиться не сразу или проявиться необычно. Если вы живёте в районе, где случаются вспышки этого заболевания или работаете на предприятии с риском заражения, или просто путешествовали в страну или область, где была эпидемия туляремии, и у вас резко появился сильный жар, следует срочно обратиться к врачу.
В больнице диагноз туляремия ставится на основании:
- Осмотра (увеличенные лимфоузлы, покраснение лицо и глаз, сыпь, увеличение печени и селезёнки и так далее)
- Опроса (недавнее пребывание в эпидемически неблагоприятном районе, жалобы на слабость, тошноту, рвоту, резкий сильный жар, болезненность в области лимфоузлов и т.д.)
- Результатов лабораторных исследований
Самым точным подтверждением диагноза "туляремия" являются лабораторные исследования. Для диагностики могут провести кожную аллергологическую пробу. Это высокоспецифический метод ранней диагностики болезни. Другой вариант - воспользоваться серологическими методами (поиск антигенов в сыворотке или антигенов на поверхности эритроцитов, очень точный метод диагностики). И третий вариант - бактериологические или биологические методы. Последние представляют собой выделение чистых культур бактерий из крови или мокроты (на поздних стадиях болезни) или заражение лабораторных свинок, а затем посев их крови на специальные среды для опять же выделения бактерий.
Туляремия - это бактериальная инфекция, поэтому основной метод лечения - это использование антибиотиков. Чаще всего назначают антибиотики из группы аминогликозидов и антибиотики тетрациклинового ряда. Помимо этого специфического лечения, также назначают препараты для детоксикации организма и симптоматические средства, например, капельницы для восстановления объёма циркулирующей крови и регуляции давления. Также иногда производится хирургическое вскрытие и удаление нагноившихся бубонов, если они не вскрываются самопроизвольно.
Профилактика туляремии
Основными методами профилактики являются:
- Вакцинация каждого человека с 7-летнего возраста, проживающих в эпидемически неблагоприятных районах. Прививки также делают работникам сфер, где есть опасность заразиться туляремией (например, охотники, рыболовы, полеводы, мелиораторы, лица, направляемые на временную работу — геологи, строители и так далее). Вакцина является живой, иммунитет вырабатывается через 20-30 дней и длиться на протяжении 5 лет.
- Также в населённых пунктах проводятся дератизационные мероприятия, так как именно грызуны являются основными резервуарами туляремии. Если вы проживаете В сельской местности, где случаются вспышки туляремии, следует также озаботиться защитой от грызунов. А также продукты и воду лучше хранить там, где грызуны туда не доберутся, а также не употреблять пищу, в том числе грибы, со следами жизнедеятельности грызунов. Для питья, мытья овощей и фруктов, приготовления пищи следует использовать только кипяченую воду.
- Для того, чтобы избежать заражения при вдыхании заражённой пыли, работы, сопровождающиеся пылеобразованием, нужно проводить с использованием средств личной защиты (ватно-марлевая повязка или респиратор, перчатки).
- Даже если защититься от поражённых животных и не употреблять заражённую пищу и воду, это может вас не спасти, так как туляремию могут переносить кровососущие насекомые (комары, клещи и т.д.), соответственно, в профилактике туляремии большую роль играет защита от этих насекомых.
Для того, чтобы ваш двор стал менее привлекательным для комаров, можно воспользоваться естественными методами:
- Осмотрите свой двор и уберите всё, на чём может скапливаться вода, ведь такие объекты легко могут стать источником сотен комаров. Этим насекомым нужно минимальное количество воды для откладывания яиц, достаточно крышки от пластиковой бутылки, так что будьте внимательны.
- Прочищайте водостоки и дренажные системы, чтобы в них не собиралась вода.
- Выравнивайте углубления на участке, в которых может скопиться дождевая вода чтобы во дворе не было луж, пригодных для размножения комаров.
- Уберите полые брёвна пни, в них собирается довольно много воды, а также они являются ещё и отличным местом для зимовки комаров.
- Следите за целостностью москитных сеток на окнах, чтобы кровососущие насекомых не могли попасть в дом
- Установите жёлтые лампы, отпугивающие насекомых, может, они и не очень эффективны, но в этой борьбе все средства хороши
- Установите жёлтые лампы, отпугивающие насекомых, может, они и не очень эффективны, но в этой борьбе все средства хороши
Помимо этого, следует использовать репелленты (ДЭТА, свечи с цитронеллой и т.д.), но самое эффективное средство от комаров - хорошая ловушка для кровососущих насекомых. Ловушки от компании Mosquito Magnet не отпугивают комаров, а планомерно уничтожают самок этих насекомых. Если ваш двор окружён достаточно высоким непроницаемым забором, такая ловушка значительно уменьшит популяцию комаров на вашем участке и вы сможете наслаждаться безопасным отдыхом на улице. В нашем каталоге вы найдёте несколько ловушек Mosquito Magnet на выбор, чтобы вы могли подобрать лучший для себя вариант. А вот тут вы можете узнать, как они работают.
Защитите свою семью, домашних животных и гостей от болезней, переносимых комарами с ловушкой Mosquito Magnet - длительное, научно доказанное решение.
Читайте также: