Ботулизм реферат на казахском языке
Ботулизм (аллантиазис, ихтиизм) – ботулотоксиннің әсерінен дамитын, сопақша ми және жұлынның зақымдануымен сипаталатын жедел токсико-инфекциялық ауру.
Ботулизм – барлық жұқпалы аурулар арасында сирегірек кездесетініне қарамастан ол өзекті мәселелі ауру. Барлык елдердегідей, Қазақстанда да ботулизммен аурудың басым көпшілігі (89%) үйде дайындалатын тағам өнімдерін (маринадталған саңырауқұлақтар, көкөніс консервілері, үйде дайындалған балықтар т.б.) пайдалануымен байланысгы. Ботулизмнің клиникалық және эпидемиологиялық мәні аурудың ауырлығымен, жоғары өлім-жетімділігімен (15-25%) және тағам өнімдерін үй жағдайында консервілеу масштабының есуімен анықталады.
Этиологиясы. Қоздырғышы – Clostridium botulinum – Clostridium тегіне, Bacillacea тұқымдастығына жатады. Бұл қоздырғыш анаэробты, спора түзетін таяқша. Антигендік құрылымы бойынша токсиннің 7 түрін ажыратады А, В, С, Д, Е, Ғ, С. Соның ішінде адамға зиянды төртеуі ғана — А, В, Е, Ғ.
Ботулизм қоздырғышының көрінісі
Өсуі мен токсин түзуінің оптимальді температурасы 28-35°С. Споралар өте төзімді: 100°С температурада 5сағаттан кейін, ал 120°С температурада 30 минут ішінде өледі. Клостридияның вегетативті түрі ботулотоксин бөледі. Қоздырғыштың вегетативті түрлері кайнатқаннан кейін 2-5 минутта жойылады.
Ботулотоксин – нейротоксиннен, гемагглютининнен және токсикалық емес белоктан тұратын комплекс. Ол табиғаттағы өте күшті улардың біріне жатады.
Эпидемиологиясы. Ботулизм сапрозооноздарға жатады. Ботулизм кезінде қоздырғыштың негізгі резервуарлары:
- жылықанды жануарлар (көбінесе шөпқоректілер)
- салқынқанды (балықтар, шаян тәрізділер, моллюскалар)
- сыртқы орта (жер қыртысы, көлдердің, теңіздердің лайы).
Ботулизмнің 3 түрі бар:
- тағамдық ботулизм
- жарақаттық ботулизм
- нәрестелердің ботулизмі
Ең жиі кездесетін түрі — тағамдық ботулизм. Жұғу жолы: алиментарлы, токсин дамыған тағамдық
азықтар арқылы (үйде консервіленген ет, көкөністер, саңырауқұлақтар, үйде тұздалған сан еті (окорок), тұздалған және қақталған балық. Жарақаттық ботулизм әртүрлі жарақаттанған тері арқылы жұғуы мүмкін. Топырақпен бірге түскен споралар шартты анаэробты жағдай туылған кезде вегетативті түріне ауысып токсин түзеді.
Нәрестелердің ботулизмі — емшектегі баланың асқазан — ішек жолына қоздырғыштың споралары түскен жағдайда дамуы мүмкін. Нәрестелердің ас қазанының микрофлорасының ерекшелігіне байланысты споралар вегетативті түріне ауысып, олар токсин түзеді.
Патогенезі. Тағамдық ботулизмнің даму механизмі:
Клиникалық көріністері. Ботулизмнің жасырын кезеңі 2-12 сағаттан 7 күнге дейін созылады, жиі 18-24 сағат. Ботулизм жедел басталады. Алғашқы кезеңде ауру 3 клиникалық вариантта дамиды: паралитикалық, гастроинтестинальды және жалпы интоксикациялық.
Интоксикация симптомдары: бас ауыруы, бас айналу, бұлшықеттердің әлсіздігі, тез шаршағыштық, ұйқысыздық.
Гастроинтстинальды синдромның көріністері: жүрек айнуы, қайталама құсу, іш өту, ауамен кекіру, іштің кебуі, эпигастральды аймақтың ауру сезімі. Дене температурасы қалыпты немесе субфебрильді болады.
Паралитикалық синдром офтальмоплегиялық белгілерден басталады. Көрудің нашарлауы, көздің алдында тордың пайда болуы, диплопия. Науқастарда аккомадация парезі пайда болады. Көру қызметі бұзылуына шағым жасаған науқастарды қарап тексергенде көз алмасының қозғалысының шектелгені, карашықтың үлкейгені (мидриаз), қарашық реакциясының жарыққа болмауы, анизокория, птоз, страбизм, горизонтальды нистагм байқалады. Корнеальді және коньюктивальді рефлекстер тежеледі. Ауыр жағдайда толық сыртқы және ішкі офтальмоплегия, көз алмасының козғалмауы және қарашық реакциясының болмауы байқалады. Көрудің бұзылысы бірнеше күн сақталуы мүмкін.
Жұтынудың бұзылысы дамиды. Жеңіл жағдайларда тамағында бір нәрсе тұрғандай сезім болады және қатты, құрғақ тағамдарды жегенде жұтынудың қиындауы байқалады. Ауру әрі қарай өршігенде жұмсақ және сұйық тағамдарды жұту қиындайды. Ботулизмнің ауыр түрлерінде жұтынудың толығымен болмауы байқалады. Кеңірдекасты мен жұмсақ таңдайдың парезі арқасында жұтылған сұйықтық трахеяға түсіп, жарты бөлігі мұрын арқылы төгіле бастайды.
Саливацияның бұзылыстарына тән: ауыздың шырышты қабатының құрғақтығы және гиперемиясы, жұмсақ таңдайдың қозғалғыштығының шектелуі, жұтыну рефлексінің төмендеуі сияқты өзгерістер болады. Дауыс қарлыққан және түсініксіз болып шығады. Афония, диартрия пайда болады.
Тыныс алу бұзылыстары байқалған кезде ботулизм ауыр жағдайда өтеді. Ауа жетіспеушілік, кеуденің қысылуы және ауру сезімі пайда болады. Тыныс беткейлік болады. Дауыс мұрындық қалып алады. Сирек бет бұлшықеттерінің парезі байқалады.
Жиі миастения кездеседі. Ауыр жағдайларда тыныс бұлшықеттерінің парезі дамиды. Ботулизм кезінде тыныс алудың бұзылуы мен тоқтап қалуы өлімнің себебі болып табылады. Жедел тыныс жетіспеушілігі кезінде тахипное және басқа да патологиялық тыныстар пайда болады. Гипостатикалық пневмония қосылады.
Ботулизм кезінде жүрек қан тамыр — жүйесі жағынан да функциональды бұзылыстар кездеседі. Жүректің шекарасы кеңейеді, тондардың тұйықталуы байқалады, өкпе артериясында II тон акценті пайда болады. Екінші аптада науқастарда миокардит пайда болуы мүмкін.
Реконвалесценция кезеңі баяу жүреді: 1-1,5 ай. Неврологиялық симптомдар кері шегінеді. Бірінші, тыныс алу және жұтыну қалыпқа келеді. Сосын офтальмоплегиялық синдромның регрессі басталады. Астения ұзаққа созылады.
Шеткі қанда лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ-ң жоғарлауы болады. Зәрде салыстырмалы тығыздығы төмендейді, бірлі жарым лейкоциттер, эритроциттер, сирек гиалинді және дәнді цилиндрлер пайда болады.
Асқынулары. Жиі науқаста аспирациялық пневмония, миокардит, инвазивті емдік шаралардың әсерінен (интубация, катетеризация, өкпенің жасанды вентиляциясы) екіншілік инфекцияның қосылуы пайда болады.
Ботулизмнің салыстырмалы диагностикасы басқа уланулармен (атропин және оның препараттары, белена, метил спирті, улы саңырауқұлақтар) және аурулармен (тағамдық токсикоинфекциялар, энцефалит, полиомиелит, кеңірдек дифтериясы, жедел ми қан айналымының бұзылыстарымен, ОЖЖ-ң әртүрлі ауруларымен) жүргізіледі.
Болжамы. Ботулизм кезінде сауығу ұзаққа созылады, 1-1,5 ай шамасында болады. Алдымен тыныс алу жәна жұтыну қабілеті қалпына келеді. Бас ауыру, көздің симптомдары, жүрек қантамыр жетіспеушілігі ұзаққа дейін сақталады. Әлсіздік (астения) бірнеше айлар бойы сақталып қалады. Ботулизммен ауырғаннан кейін сауығу толық болады. Ботулизмге қайтымсыз өзгерістер тән емес. Ботулизмнің болжамы емдеуіне байланысты. Адекватты терапия болмаған жағдайда летальділігі 25-30% құрайды.
Диагностикасы. Ботулизмнің диагностикасын эпидемиологиялық, клиникалық және лабораториялық көрсеткіштерге сүйенеді.
Лабораторлық диагностика науқастан алынған қан, құсық массасы, асқазанның шайынды суынан ботулотоксин және ботулизм қоздырғыштарын анықтауға негізделген. Емдік сарысуды енгізбестен бұрын көк тамырдан 8-10 мл қан алады. Ботулотоксинді нейтрализация реакциясы арқылы анықтайды, ал аурудың қоздырғышы қоректік орталарға (пепсин-пептон, Китта-Тароцци ортасы, Хоттингер сорпасы) себу арқылы анықтайды. Ботулизм иммунодиагностикасы науқастың қанындағы антитоксиндерді анықтауға негізделген.
Емдеуі. Ботулизммен науқастарды инфекциялық стационарларға міндетті түрде жатқызу керек. Емдеуінің негізін спецификалық және спецификалық емес дезинтоксикация құрайды. Барлық науқастарға асқазанды жуып- шаю және ішекті тазалау клизмаларын жасайды.
Дезинтоксикация кезінде энтеросорбенттер (карболен, энтеродез, энтерол, смекта), вена ішілік кристаллоидты (трисоль, квартасоль, хлосоль, 5% глюкоза) ертінділерді қолданылады.
Қандағы ботулотоксинді нейтрализациялау үшін емдік моновалентті ботулизмге қарсы сары сулар қолданылады. Сары су құрамында А, В, С, Е және Ғ типті антитоксиндері бар. Ботулизмге қарсы сарысу емдік және профилактикалық мақсатпен қолданылады. Қоздырғыштың анықталмаған түрінде 3 түрлі сарысу: А және Е дозасы 10000 ХБ және В-5000 ХБ қолданылады. В.И.Покровский және Ф.А. Туманованың пікірі бойынша сарысудың бірінші дозасы көптеу болу керек: А және Е түрінде 15000 ХБ, ал В түрінде 5000 ХБ. Аурудың ауыр кезеңінде ботулизмге қарсы сарысудың бірінші дозасы көктамырға енгізіледі. Сарысудың қалған дозалары бұлшықет ішіне енгізіледі: ауыр ағымында — әрбір 6-8 сағат сайын, ал орташа ағымында — тәулігіне 2 рет. Сарысумен емдеу узақытығы 4 күннен аспау керек.
Қоздырғыштың вегетативті түріне қарсы антибиотиктерді тағайындаймыз. Олардың ішінде ең тиімді левомицетин. Жұту қабілеті сақталған болса 0,5 г. тәулігіне 4 рет таблетка түрінде береміз. Емдеу ұзақтығы 7-10 күн. Жұту қабілеті бұзылған болса бұлшықет ішіне ерітілген левомицетин сукцинаты 1 г. тәулігіне 3 рет енгіземіз.
Соңғы жылдары ботулизмнің емінде гипербариялық оксигенация қолданылады. Оттегі қысымы 1,5-2,0 атм және экспозиция ұзақтығы 45-60 мин. болғанда жақсы нәтиже береді. Әрі қарай оттегі қысымы мен сеанстің ұзақтығын көбейткенде оттегілік уланудың дамуына әкеліп соғады.
Ботулизм емінің негізінде тыныс алу бұзылыстарымен және гипоксиямен қарсы күрес жатыр. Науқастарды жасанды өкпе вентиляциясына қосады.
Оның көрсеткіштері мыналар; тыныс бұлшықеттерінің парезі нәтижесінде өкпенің тіршілік сыйымдылығының 30% дейін төмендейді, бульбарлы бұзылыстардың өршуі, тахипноэ (минутына 40 реттен жоғары болса) өкпе ателектазы және өкпенің қабыну процестері. Пневмония дамыған кезде антибактериальды терапия, ішектің атониясында прозерин қолданылады. Науқастарға превентивті назотрахеальды интубация жасайды. Осы арқылы трахеобронхиальды бутасына санация жасауға болады. Ертерек жасалған назотрахеальды интубация апноэның алдын алады.
Науқастарды реанимациялаудағы негізгі принциптер:
- Ерте назотрахеальды интубация. Тыныс алуға әсер ететін механикалық әсерлерін жою үшін және жұтыну кезеңде, асқазанды жуу – шаю кезінде болатын аспирацияның алдын алу үшін қолданады.
- Трахеобронхиальды бутасын санациялау және стерильді тыныс алу аппаратын қолдану. Бұл пневмониядан сақтайды.
- Вентиляция уақытын қысқартып ерте спонтанды вентиляцияға көшу.
- Назогастральды зонд енгізу. Асқазандағы қалып қалған қосындыларды шығару үшін асқазан 5% натрий гидрокарбонат ертіндісімен 3-4 күн 1-2 рет тәулігіне жуып-шаю.
- Ертерек құнарлы энтеральды тамақтануға көшу.
Алдын алу шаралары. Ботулизмнің дамуының ең негізгі себебі үйде дайындаған консервілерді пайдалану болып табылады. Консервілерді үйдің жағдайында дайындаған кезде ұқыпты болу керек. Тамақтарды ботулизм қоздырғышының спораларынан сақтау керек. Консервіленген тағамды стерилизациялауда және сактауда қатаң бақылау жасау керек. Консервілерді стерилизациялау автоклавта 120°С температурада жүргізіледі.
Достарыңмен әлеуметтік желіде бөліс
Медик+ админ! Сайт бойынша жауапты адам.
Сайт бойынша іздеу
Ең үздік материалдар
Ботулизм (синонимдер: ихтиизм, аллантиизм; botulism, allantiasis, sausage-poisoning — ағыл.; botulisme, allantiasis — франц.; Botulismus) — жіті жұқпалы ауру, ол зақымданған токсиндермен ботулизм бактерияларының жүйке жүйесінің жағдайымен сипатталатын, парезами және параличами көлденең-полосатой және тегіс бұлшық, кейде ұштастыра отырып, гастроэнтерит синдромы, бастапқы кезеңде.
Этиологиясы. Ботулизмнің қоздырғыштары — Clostridium botulinum ұсынады орындарымен бірге корей м анаэробты қозғалмалы грамтеріс таяқша. Бойынша антигенным қасиеттері продуцируемых токсиндердің олар бөлінеді 7 серологиялық типтері — А, В, С, D, Е, F және G. Оңтайлы өсу вегетативтік нысандарын өте төмен қалдық қысым оттегі (0,40-1,33 кПа) және температуралық режимі шегінде 28-35°С. сол уақытта, прогревание кезінде темпетаруре 80°С-30 мин бойы олардың өліміне тудырады.
Бұл анаэробты немесе жақындарының оларға жағдайында ботулизмнің қоздырғыштары продуцируют спецификалық ажалды нейротоксин болып табылатын жалғыз, бірақ айрықша күші бойынша патогенді факторы. Арнайы тазартылған, жеткізілген дейін кристалдық нысаны, ботулотоксин болуы мүмкін миллиондаған өлім доза. Ботулиндік улардың белок табиғатты қалыпты жағдайда сыртқы ортаның сақталып 1 жылға дейін, консервіленген азық — жылдар. Олар тұрақсыз қышқыл ортада, инактивируются ферменттермен ас қорыту жолдарының, уытты қасиеттері ботулотоксина Е ықпалымен трипсин күшейтілуі мүмкін жүздеген есе. Ботулиндік улардың ұстайды жоғары концентрациясы (18% — ға дейін) ас тұзын, бұзылады өнімдеріндегі құрамында әр түрлі қоспалар. Токсиндер салыстырмалы түрде тез инактивируются әсерінен сілтілер, қайнатқан кезде толығымен жоғалтып, өзінің улы қасиеттерін бірнеше, ал әсерінен шағын концентрациясын калий перманганаты, хлор немесе йод — 15-20 мин бойы Қатысуы ботулотоксина азық-түлік өнімдеріндегі өзгертпейді олардың органолептикалық қасиеттерін.
Қарамастан серологическую ерекшелігі, ботулиндік улардың бір-біріне ұқсас механизмі бойынша патологиялық әсері және оның клиникалық көріністеріне. Қорғағыш әрекет антитоксических сарысуларды специфично қабілеті, гетерологической бейтараптандыру байқалады ғана үлгідегі және D, Е және F, бірақ ол білдірілді айтарлықтай әлсіз (4-10 есе).
Едәуір сирек кездеседі, аурудың нәтижесінде жұқтыру тек даулары қоздырғыштарының Cl. Botulinum. Оларға мыналар жатады деп аталатын жара ботулизм ботулизм және жаңа туған.
Эксперименттік зерттеулер мен клиникалық бақылаулар мүмкіндігін айғақтайды аурудың нәтижесінде аэрогенного жұқтыру ботулотоксинами. Мұндай жағдайларда сіңуі олардың қан арқылы жүреді шырышты тыныс алу жолдарының. Табиғи жағдайда мұндай аурудың мүмкін емес.
Осылайша, эпидемиология ботулизм өте күрделі. Ауру дамуы мүмкін салдарынан организмге тек ботулотоксинов, токсиндер мен қоздырғыштар немесе дау. Осыған қарқынды көбейту қоздырғыштар трупах қаза болғандар ботулизм адамдар, тушках өлген жануарлардың айналып, олардың өзіндік инфекция резервуары.
Патогенезі. Патогенезінде ботулизм жетекші рөл атқаратын токсину.Әдеттегі жұқтыру (азық-түлік), ол ағзаға тамақпен бірге қамтитын, сондай-ақ вегетативті формалары қоздырғыштарының продуцент — уы. Сіңуі ботулотоксина арқылы жүреді шырышты проксимальных бөлімдерінің асқазан-ішек жолдарының бастап, ауыз қуысы. Бірақ ең көтерілісті түсуі токсиннің арқылы шырышты асқазан және жіңішке ішек, қайдан ол да лимфу, кейіннен қан, оның разносится бүкіл организмге. Анықталғаны, ботулиниялық токсин берік байланысады жүйке жасушалары. Бұл ретте зақымданады және жүйке аяқталған және мотонейроны алдыңғы мүйізі жұлын. Ботулотоксин сайлау әсер етеді холинэргические жүйке жүйесінің бөлімдері, соның салдарынан тоқтатылады бөлу ацетилхолин синаптическую щель, демек бұзылады, жүйке-бұлшықет беру қоздыруды (парездер, сал). Холинэстеразная белсенділік синапсах іс жүзінде өзгермейді. Бірінші кезекте бұзылады иннервация бұлшық күйдегі тұрақты және высокодифференцированной функционалдық белсенділігінің (көзді қозғайтын аппараты, бұлшық жұтқыншақтың және көмейдің). Нәтижесі зақымдану мотонейронов болып табылады, сондай-ақ тежелуі функциялары негізгі тыныс алу бұлшық дейін сал. Әсері ботулинических токсиндердің обратимо және уақыт қозғалыс функциясы толық қалпына келтіріледі. Угнетению холинэргических процестерінің алдында арттыру ұстау катехоламиндер. Бұзу салдарынан вегетативті иннервации төмендейді секреция ас қорыту бездері (сілекей бөлу, асқазан сөлінің), дамуда тұрақты асқазан-ішек жолының парезі. Патогенное қолданысқа ботулинических токсиндердің үлкен дәрежеде күшейіп, олардың қайта келіп түскен кезде қан фонында радиоактивті сәулелену немесе одан кейін.
Парездер немесе сал ауруы қабырға аралық бұлшық еттер, диафрагма әкеледі өткір желдету тыныс алу жетіспеушілігінің дамуымен, гипоксия және респираторлық ацидоздың. Бұзу өкпе желдету ықпал етеді тежелуі функциялары жұтқыншақ мен тамақ бұлшық еттерінің, жиналған қалың шырыш да над — және подсвязочном кеңістікте аспирация құсық заттарынан тазалау, тамақ, су. Кезінде ботулизме салдарынан жанама немесе тікелей әрекеттер токсиннің дамуда барлық түрлері гипоксия — гипоксиялық, гистотоксическая, гемическая және циркуляторная. Сайып келгенде, ол анықтайды және нәтижелері аурулар. Бұл ретте, мәні және рөлі осындай қайталама өзгерістер, аспирациялық пневмония, ателектазы. -Гипосаливации воспаляется ауыз қуысындағы шырышты қабаты қызарған, дамуы мүмкін іріңді паротит салдарынан өрлемелі инфекциясын. Гибель ауру әдетте басталады жылғы желдету тыныс алу жеткіліксіздігі өте сирек -. сахай. Жүйке жүйесі жоқ жалғыз нысана үшін ботулотоксинов. Анықталғаны, олар ықпал күрт угнетению фагоцитарной белсенділігін лейкоциттер, бұзу метаболизм, эритроциттерде, бұзушылықтар трофики.
Бірге бар ботулиниялық токсин тамақпен науқастың организміне түседі және ботулизмнің қоздырғыштары, сондай-ақ жағдайда тиісті контаминация-тамақ өнімдерін және басқа да аэробтар (С1. perfringens, Cl. aedematiens) және олардың токсикалық субстанциялар. Әсерінен соңғы түсіндіріледі мүмкін болатын қысқа мерзімді қызба және гастроэнтерит синдромы, бастапқы кезеңде аурудың кейбір науқастарда. Дамушы қызған кезі аурулары парезі және тежелуі ас қорыту секрециясының бездері әкеледі тоқырауына тамақ және химуса, шарттары, жақын анаэробты. Бұл кезде вегетативті формалары ботулизм қоздырғыштарының мүмкін продуцировать токсин, қосымша түсімдер, оның қанға көрсетеді потенцированный токсикалық әсері. Мүмкін және жағдайға байланысты кенеттен қайтыс болған науқастардың тіпті жеңіл және среднетяжелом ішінде ботулизм. Демек, кәдімгі әдісі кезінде жұқтыру ботулизм болып табылады токсикоинфекцией. Әрине, бұл ретте дамытуда жетекші орын ауруы принадлежит токсину түскен жұқтырылған азық-түлікпен асқазан-ішек жолдары.
Патогенезі жаралық ботулизм және ботулизм сәбилер ерекшеленеді жұғады даулар, олар прорастают да анаэробты жағдайларда жаралар салдарынан немесе ерекшеліктерін флора және ферменттік ішектің қызметінің емшектегі балалардың вегетативтік формасы, продуцирующие токсиндер. Түсімі ботулотоксина қан береді типичную для ботулизм неврологическую көріністі ауру. Мұндай жағдайларда синдромдар, гастроэнтерит, жалпы инфекциялық улану жоқ. Әзірге зерттелмеген шарттары өсу және продуцирования токсиннің асқазан-ішек жолында сәбилер. Алайда, непреложным факт, бұл ботулизм ауруы — тергеу уытты жүйке жүйесінің зақымдануы, әрі уыты, бәлкім, ретінде әрекет ферментті у, талап ничтожных оның мөлшерін дамыту үшін ауыр улану. Айналымы ботулотоксина жалғасуы мүмкін дейін үш апта. Байқалады жағдайлары анықталған токсиннің қан болмаған жағдайда немесе жасырын түрде өтуі клиникалық көрінісінде ауру.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер ботулизме неспецифичны. Әдетте байқалады гиперемия және полнокровие ішкі органдардың, соның ішінде мидың және оның қабықтарының. Көрсетілген бұзушылық белгілері микроциркуляцияның бас миында. Байқалады қалыпты деструктивті өзгерістер жүйке жасушаларының барлық деңгейдегі. Алайда, олар жете алмаған дәрежеде түсіндіру үшін туындайтын сал. Өте тән ботулизм болып табылады дистрофиялық өзгерістер, қан тамырлары қабырғаларында микроциркуляторного арнасын, көптеген ұсақ қан құйылулар серозды және шырышты қабықтарға, көбінесе асқазан-ішек жолдарының, ең алдымен түсіндіріледі гипоксией.
Белгілері ішінде. Инкубациялық кезеңі кезінде ботулизме жалғасуда тәулікке дейін, сирегірек 2-3 күнге дейін және өте сирек (жекелеген сипаттамаларында) 9-ға дейін және тіпті 12 күн. Бұл ұзақ инкубациялық кезең сәйкес келеді ереуіл жасырын көріністері ауру-қосымша түсімдер ботулотоксина асқазан-ішек. Кезіндегі қысқа инкубациялық кезеңде байқалады, әрдайым емес, дегенмен, неғұрлым ауыр ауру. Ішімдік қабылдау, әдетте, әсер течении ауруы, мас болу мүмкін затушевывать алғашқы көріністері ботулизм кедергі оның уақтылы диагностикасы.
Негізгі клиникалық белгілері бар ботулизм болып табылады әр түрлі неврологиялық симптомдары, олардың жиынтығы болуы мүмкін ауытқып тұруы мүмкін кең диапазонында және әртүрлі айқындылық дәрежесін. Алайда, шамамен әрбір екінші науқас бірінші көріністеріне ботулизм болуы мүмкін қысқа мерзімді симптомдары жіті гастроэнтерит және жалпы инфекциялық улану. Мұндай жағдайларда, әдетте науқастар шағымданады өткір іштің ауруы, көбінесе эпигастрий аймағында, содан кейін басталады қайталама құсу және сұйық, патологиялық қоспасыз нәжіс, көп емес 10 рет тәулігіне, жиі 3-5 рет. Кейде осы фонында пайда болады-бас ауруы, әлсіздік байқалады дене қызуының от субфебрильной 39-40°С дейін соңына Қарай тәулік гипермоторика асқазан-ішек жолдарының жұмыстан кетсе тұрақты атонией, дене температурасы болып қалыпты. Бастайды пайда негізгі неврологиялық белгілері ауру. Сирек жағдайларда арасындағы гастроинтестинальным және неврологиялық синдромами науқастың көңіл-күйі болуы мүмкін қысқа болып қалуы әбден қанағаттанарлық және тек целенаправленном қарап анықтауға болады белгілері, жүйке жүйесінің зақымдануы.
Тексеру кезінде қызған кезі аурудың науқас сылбыр, адинамичные. Тұлға маскообразное. Бір-жиі екі жақты птоз. Көз қарашықтары кеңейген, вяло немесе мүлдем жауап жарық; мүмкін нистагм, қыли, бұзылады конвергенция және аккомодация. Высовывание тілі жүреді еңбегімен, кейде итерулермен. Нашарлайды артикуляция да. Ауыз қуысындағы шырышты қабаты қызарған, құрғақ, жұтқыншақтың — ашық-қызыл. «Надгортанном кеңістікте жиналуы мүмкін қалың тұтқыр шырыш, бастапқыда мөлдір, содан кейін мутноватой. Байқалады, жұмсақ таңдай парезі, бұлшық жұтқыншақтың және надгортанника, дауыс байламдарының, дауыс саңылауы кеңейтілді. Салдарынан пареза немесе сал бұлшық диафрагма бұзылады отхаркивание қақырық, ол пайдаланбайды подсвязочном кеңістікте. Қою, тұтқыр слизистая пленка да над — және подгортанном кеңістікте әкелуі мүмкін асфиксия. -Әлсіздік қаңқалық бұлшық науқастар малоподвижны. Маскообразное застывшее тұлға, тыныс алудың жиілеуі, афония сала алады ойға жоғалғаны туралы сана. Тексеру кезінде тыныс алу органдарының назарын аударады тыныс алудың жиілеуі. Жөтел жоқ, тыныс шулары әлсіреген, аускультативные феномендері пневмония мүмкін емес прослушиваться. Тиісінше ауырлық желдету тыныс алу жетіспеушілігі өсуде бірінші белгісіне гиперкапния жатады, респираторлы ацидоз. Өзгерістер жүрек-қан тамырлары жүйесінің қандай да бір негізінен среднетяжелом және ауыр ағымында аурулары: тахикардия, артериялық гипотензия, кейде гипертензия, метаболикалық өзгерістер ЭКГ.
Үшін жан-жақты клиникалық көрінісінің ботулизм тән айқын асқазан-ішек жолының парезі пайда болған қалыпты вздутием іштің күрт төмендеуі перистальтических шулар, табанды және ұзақ құлыптармен. Басқа органдар мен жүйелер не үшін қалыпты ботулизм өзгерістер анықталмайды. Кейде мүмкін кешіктіру зәр шығару.
Зерттеу перифериялық қан емес анықтайды ерекше ауытқу нормаларын қоспағанда, моноцитоза, кездеседі де бермейді. Лейкоцитоз, нейтрофилез, жеделдетілген СОЭ тиіс настораживать қатысты ықтимал іріңді асқынулар ботулизм.
Жеңіл жағдайда ботулизм сипатталады стертостью немесе моносимптомностью неврологиялық көріністері. Жиі байқалады аккомодацияның бұзылуы, шамалы птоз, кейде өзгерту тембра дауыс фонында қалыпты бұлшық ет әлсіздігі, гипосаливации. Ұзақтығы бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке. Кезінде среднетяжелом ботулизме бар барлық клиникалық неврологиялық белгілер, белгілердің көрініс беру дәрежесі олардың неодинакова, ал жеңіліс бұлшық жұтқыншақтың, көмейдің жетпейді дәрежелі афагии және афонии. Қауіпті өмір сүру үшін тыныс алу бұзылыстар жоқ. Ауру құрайды, 2-3 апта. Ауыр нысандары ауру сипатталады қарқынды өсу ретімен жеңіліс глазодвигательной, глоточной және гортанной бұлшық, күрт угнетением функциялары негізгі тыныс алу бұлшық. Болмаған жағдайда барабар терапия қайтыс болуы, әдетте, туындайды желтоқсандағы тыныс алу жетіспеушілігінің 2-3-ші күні ауырған.
Сауығады баяу. Бірі ерте белгілері жақсарту болып табылады қалпына келтіру саливации. Бірте-бірте регрессирует неврологиялық симптоматика. Кейінірек барлық жүреді толық қалпына келтіру көздің көргіштігін және бұлшық ет күшінің. Перемежающиеся бұзылулар көру байқалуы мүмкін бірнеше ай. Қарамастан өте ауыр, кейде өмірмен үйлеспейтін неврологиялық бұзылулар, ауырған ботулизм емес болып қалады салдарын және қандай да бір тұрақты функцияларының бұзылуы жүйке жүйесінің және ішкі. Қатысты нәтижелерінің бөлінуі аурудың ауырлық дәрежесі бойынша өте шартты, өйткені тіпті жеңіл және көп среднетяжелом аурудың байқалады жағдайлары кенеттен тоқтау, тыныс.
Кейбір ерекшеліктерімен ерекшеленеді жараның ботулизм және ботулизм сәбилер. Екі жағдайда да жоқ гастроинтестинальный синдромы және жалпы жұқпалы аурулар улану. Кезінде раневом ботулизме неғұрлым ұзақ мерзімі инкубациялық кезең (4-14 күн). Үшін ботулизм тән неврологиялық симптоматика. Айта кету керек, осы емделушілерде жоқ пайдалану фактісін өнімдерін алатын қамтуы ботулиниялық токсин. Ботулизм және емшектегі балаларда (ботулизм нәресте) байқалады, жиі жасанды жолмен тамақтандырғанда. Инкубациялық кезеңі белгісіз және оны орнату мүмкін емес. Бірінші көріністері ауру болуы мүмкін әлсіздік, балалар, әлсіз сору немесе одан бас тарту, кешіктіру орындықтың. Пайда болуы офтальмоплегических белгілері, хриплый жылау, поперхивание тиіс, ұбт туралы ойға мүмкіндігі ботулизм байланысты шұғыл жүргізуге тиісті диагностикалық және емдік іс-шаралар. Кезінде ерте дамуы жеңіліс тыныс алу бұлшық бұл ауру себеп болуы мүмкін деп аталатын балалар кенеттен шетінеген жастағы бала.
Тамақтан улану
Тамақтан улану адамның бактерия, вирус, ұсақ жәндіктер немесе өсімдіктер (мысалы, планктон), саңырауқұлақтар, паразиттер немесе токсиндермен зарарланған тағамдарды тұтынғаннан болады. Алайда мұндай азықтың адам ағзасына түсуінен әрдайым ауру туындай бермейді. Кейбір адамдар оларға бекем болады, ал басқалары тез жұқтырып, қатты ауырады.
Тамақтан уланудың белгілері
Жүрек айну, құсу, іш өту, ара-арасында іштің түйілуі мен ауруы ішек инфекциясының белгісі болып саналады. Кейде бұл белгілер бір екі күнде кетіп қалады және арнайы емді қажет етпейді. Егер ауру белгілері екі күннен кейін кетпесе, және ағзаның құрғағаны (ауыздың кебуі, бас айналу, қошқыл сары несеп немесе несептің азаюы) байқалса, дереу дәрігерге қаралған жөн.
Сақтандыру шаралары
- тамақ жасар алдында және шикі ет немесе тауықты ұстаған соң қолыңызды сабындап жуыңыз;
- көкөністер мен жемістерді мұқият жуыңыз;
- шикі етті турап болған соң, тақтай мен басқа да аспаптарды жуыңыз;
- тамақ жасар алдында мұздалған тауықты жақсылап ерітіңіз. Егер мүмкіндік болса, оны тоңазытқышта ерітіңіз, суық бактериялардың көбеюінің алдын алады;
- ет және балық өнімдерін жақсылап қуырыңыз;
- ет, тауық және балықты қуырмас бұрын бір ыдысқа салмаңыз;
- тағамдарды тарақан, маса және тышқандардан қорғау үшін бетін әрдайым жауып жүріңіз;
- буфет, асханаларда тамақтанғанда абай болыңыз;
- тамақ қалдығын тоңазытқышта сақтаңыз, ал пикникке апаратын тағамдарды арнайы ыдыстарға салыңыз;
- шикі және дайын тағамдарды бөлек сақтаңыз.
Бактериялар 4,4-тен 60 градус Цельсий температурасында тез көбейеді. Тағамды осы температура аралығында сақтау ұсынылмайды, келесі кеңестерді ұстаныңыз:
- азық-түлікті тоңазытқышта сақтаңы;
- тағамды 60 градустан кем емес Цельсий температурасында дайындаңыз және ысытыңыз.
Ботулизм - (лат. botulus— колбаса) — жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аурудың ауыр түрі. Аурудың қоздырғышын 1896 ж. голландия ғалымы Э. ван Эрменгем ашқан. Ботулизм Clostrіdіum botulіnum таяқшасы бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген тамақтан жұғады. Б-нің қоздырғышы адамның, жануарлардың және балықтардың ішек жолдарында болады. Топыраққа түскеннен кейін спораға айналып, онда бірнеше жыл бойы сақталады. Ботулизм адамдарға көкөністен, саңырауқұлақтан, еттен, балықтан технологиялық ереже сақталмай дайындалған әр түрлі консервіленген тағамдарды пайдаланғанда жұғады. Ауру белгісі 2 — 12 сағаттан кейін байқала бастайды, адамның басы ауырып, ұйқысы қашады, әлсірейді, лоқсып құсады, жүрегі тоқтап қалғандай болып, аузы құрғап, үнемі шөлдеп тұрады. Сонымен қатар көздің қарашығы ұлғайып, зат қосарланып көрінеді, адамның жұтынуы қиындап, бірте-бірте даусынан айрылады (афония). Ботулизмнің алғашқы белгісі білінісімен науқасты ауруханаға жатқызу керек. Оған жедел түрде Ботулизмге қарсы арнаулы иммунды сарысу егіледі. Мұндай сарысуды науқаспен бірге болып, уланған консервімен тамақтанған басқа адамдарға да егу қажет. Бұл аурудан сақтану үшін азық-түліктерді өңдегенде, тасымалдағанда, сақтағанда, дайындағанда, соның ішінде үйде консервілегенде санитарлық-гигиеналық ережелерді мұқият орындау қажет.
Ботулизм ауруы-бұл тамақтан уланудың ауыр түрі, уақытында дәрігерге көрінбесе өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін. Көбіне үй жағдайында дайындалған қолдан жапқан саңырауқұлақ,баклажан, көкөніс салат,ет , балық консервілерін пайдаланғаннан болады. Белгілері – әлсіздік , іш ауруы , құсудың пайда болуы , көз алды торланып , бұлдырайды, бір нәрсе екеу болып көрінеді , ішкен асы тамақтан өтпей , шашалады , жұтыну қиындайды, даусы қарлығып , мұрын арқылы сөйлейді. Аурудың алдын алу мақсатында базар , сауда нысандарынан , белгіленбеген сауда орындарынан үй жағдайында дайындалған , қолдан жапқан консервіленген саңырауқұлақ , көкөніс салат , ет , балық өнімдерін сатып алуға болмайды. Консервіленген салаттарды пайдаланған кезде сақтайтын , пайдаланатын уақыт мерзімін қараңыз , қақпағы күмпиген (бомбаж) салаттарды пайдалаңбаныз . Үй жағдайында ет , балық , саңырауқұлақ консервілемеген дұрыс. Жеміс-жидек , көкөніс консервіленген кезде оларды жақсылап жуып , тазасын , бүлінбегенін пайдаланыңыз.
Стафилококкты тағамнан улану
Стафилококктар. Стафилококкты тамақтан улану бөлме температурасында жақсы дамиды әрі адам ағзасына әртүрлі жағдайда енеді. Сүт өнімдері (сүт, сүзбе, ірімшік, балмұздақ, т.б.), нан өнімдері (торт, тәтті тоқаштар, т.б.), ет өнімдері (паштет, шұжық, тіл, ысталған шошқа еті) және жылы жерде сақталған басқа да азық-түліктер стафилококктар үшін тіршілік ететін қолайлы орта болып табылады. Мамандардың айтуынша, уланудың бұл түрі сиыр сүті безінің стафилококкты қабынуы салдарынан да болады. Сондай-ақ қолына іріңді жара, күбіртке шыққан науқастар немесе жұтқыншағы талаурап, баспа ауруымен ауыратын адамдар да тағамды залалдауы мүмкін. Сондықтан қолына түрлі инфекциялық, іріңді жара шыққан немесе баспа ауруымен ауыратын, азық-түлік өнімдерімен жұмыс жасайтын немесе тағам әзірлейтін адамдарды жұмыстан босату, ет өнімдерін міндетті түрде ветеринарлық тексеруден өткізу және барлық тағам түрлерін микроб, инфекциялардан қорғау керек. Сонымен қатар ет пен сүт өнімдерін жақсылап пісіру, жұмыртқаның сапасын мұқият тексеру, еріген балмұздақты қайтадан қатырып пайдаланбау, тәтті нандар мен крем қосылған торттарды тезірек сату керек.
Ботулинус. Ботулинус микробы жүйке жүйесіне зақым келтіріп, ботулизм ауруын тудыратын у түзеді. Ол, әсіресе, тұрып қалған балықтарда және дұрыс зарарсыздандырылмаған консервілерде тез көбейеді. Сонымен қатар дұрыс өңделмеген ет өнімдерін пайдаланғанда осыған ұқсас аурулар пайда болуы мүмкін.
Тамақтан уланудың белгілері: әлсіздік пайда болады, көздің көруі әлсірейді, бас ауырады, жүрек айниды, құсады, іші ауырады, дене қызуы көтеріледі, іш өтеді, кейде іш шаншып ауырады, тамыр соғысы жиілейді, жұтыну мен сөйлеу бұзылады, ауыр жағдайларда құрысу мен коллапсқа әкелуі мүмкін. Сондықтан тамақтан уланып қалған адамға 5-6 кесе жылы су (аздаған ас тұзын қосып араластырса да болады) ішкізіп, асқазанын шаю керек. Тілдің түбін саусақпен тітіркендіріп, лоқсытады. Мұны бірнеше рет қайталаса да болады. Асқазаны тазарғаннан кейін шай беру керек. Науқасты дәрігерге апаруды ұмытпаңыз. Дене салмағына қарай белсендіргіш көмір таблеткасын беруге болады.
Тамақтан уланудың алдын алу:
*тамақтан уланып қалсаңыз, дереу дәрігер шақыртыңыз немесе емханаға барыңыз;
*азық-түлікті көшеден алмаңыз;
*тазалық-індет талаптары сақталмаған жерден тамақ ішпеңіз;
*кез келген тағамның ( банкі, қалбырларға жабылған, т.б.) сыртын оқып көріңіз, шығарылу және сақтау мерзіміне мән беріңіз;
*кез келген азық-түлікті қолданар алдында оның иісіне және түріне назар аударыңыз, күдік туғызған азық-түліктерді қолданбаңыз;
*азық-түліктерді тек тоңазытқышта белгілі температурда сақтаңыз;
* ас әзірлер және тамақ ішер алдында қолыңызды жақсылап сабындап жуыңыз;
*жеміс-жидек, көкөністерді жуып жеңіз;
*піскен тамақты ұзақ сақтамаңыз.
Читайте также: