?анны? ?ызыл т?йіршігінде тіршілік ететін паразит
Еркін жүріп тіршілік ететін біржасушалылардың табиғатта және адам өмірінде зор маңызы бар. Біржасушалылардың көп түрлері бактериялармен қоректеніп, суды тазартады. Өздері тұщы су шаяндарына, ұсақшаяндарға және балықтар мен шабақтарға, т. б. су жәндіктеріне қорек болады.
Ал теңіздер мен мұхиттарда күн сайын, тіпті сағат сайын қаншама бақалшақты біржасушалы жәндіктер өліп, су түбіндегі шөгіндіні құрайды десеңдерші. Геологтар ондай шөгінділер бар жерлерде мұнайдың мол қоры болатынын анықтады. Біржасушалылардың топырақ түзуде де рөлі бар.
Қарапайымдардың ішінде адам мен жануарлардың әр түрлі мүшелерінде паразиттік тіршілік етіп, түрлі ауру тудыратындары да көп. Солардың бірі – дизентерия амебасы.
Безгек паразиті адамның қанына безгек масасының сілекейімен түседі де, қанда бөліну жолымен көбейеді. Олардың көбеюінен қанға улы заттар бөлінеді. Безгек ауруын қоздыратын паразитті 1880 жылы француз дәрігері А. Лаверан ашқан. Бұл паразит негізінен қанның қызыл түйіршіктерінде тіршілік етеді. Безгек паразиті қанның бір қызыл түйіршігінен екіншісіне ауысқан кезде ауру ұстайды. Олар түйіршіктің ішінде болған кезде адам тәуірленіп, жұмысын одан әрі жалғастырады. 3-4 күн ішінде паразиттер орныққан қан түйіршігін зақымдап бүлдіреді де, оның қабығын жарып, келесі түйіршікке ауысады. Дәл осы сәтте безгек қайта ұстайды.
1960 жылдары безгек ауруын емдейтін хинин, акрихин дәрілері жасалды. Одан соң осы ауруды тарататын безгек масаларын құрту шаралары жүргізілді. Олар қыстайтын жерлерге, гексахлоран сияқты улы химикаттарды шашу, масалар тіршілік ететін батпақтарды құрғату, шағын бөгеттерде маса дернәсілдерімен (личинка) қоректенетін гамбузия балықтарын өсіру сияқты шаралардың арқасында елімізде безгек ауруының өріс алуына кедергі жасалуда.
Адамды тері ауруына ұшырататын талшықтылар тобының бір өкілі – лейшмания. Бұл ауруды көбінесе құм шіркейлері таратады. Аурудың аты – лейшманиоз.
Паразиттік тіршілік ететін біржасушалылардың ішінде адамда, жануарларда қауіпті аурулар туғызатындары көп. Оларды жұқтырмау үшін ең бастысы тазалықты сақтау керек. Ол үшін үйді, төсек-орын, киімді, ыдыс-аяқты, азық-түлікті таза ұстап, қолды жуғаннан кейін ғана тамақ ішкен жөн. Паразиттік тіршілік ететін, ауру тудыратын қарапайымдардың көбейіп, таралуына мүмкіндік беретін табиғи ошақтарды үнемі құртып отыру керек.
ІV. Бекіту.
Біржасушалы жәндіктердің табиғатта қандай маңызы бар?
Безгек ауруын тудыратын қандай жәндік? Ол адамға қандай жәндік арқылы жұғады?
Лейшмания қандай жәндіктерге жатады? Ол қандай ауру тудырады? Құм шіркейлерінің бұған қандай қатысы бар?
Біржасушалар суды қалай тазартады?
Шағын бөгеттерге гамбузия балығын өсіру қандай ауруға қарсы жүргізілетін шара?
Біржасушалылар қандай жануарларға қорек болады? Оның адам үшін маңызы бар ма? Қандай?
Біржасушалы жәндіктердің мұнай қорының жасалуына қандай қатысы бар? Топырақ түзуде ше?
Біліміңді тексер.
1. Біржасушалылардың бәріне ортақ қасиеттеріне сипаттама беріңдер.
Жасуша бөліктері органоидтар, тұрақсыз құрылымдар | Қарапайымдар | ||||
Амеба | Жасыл эвглена | Кірпікшелі кебісше | Домаланғы | Арцелла | |
1. Ядро 2. Талшық 3. Мембрана 4. Хлоропластар 5. Кірпікшелер 6. Асқорыту вакуолі 7.Жиырылғыш вакуоль 8. Цитоплазма 9. Жасушалық ауыз 10.Жасушалық жұтқыншақ | 1. + 2. - 3. + 4. - 5. - 6. + 7. + 8. + 9. - 10. - | 1. + 2. + 3. + 4. + 5. - 6. + 7. + 8. + 9. - 10. - | 1. + 2. - 3. + 4. - 5. + 6. + 7. + 8. + 9. + 10. + | 1. + 2. + 3. + 4. + 5. - 6. - 7. + 8. + 9. - 10. - | 1. + 2. - 3. + 4. - 5. - 6. - 7. + 8. + 9. - 10. - |
Сабақ: 33
Тақырыбы: V тарау. Көпжасушалы жануарлар
§ 35. Жасушалар. Ұлпалар. Мүшелер. Мүшелер жүйесі
Сабақтың мақсаты: көпжасушалы жануарлар жасушасының құрылысына жалпы шолу, ұлпа түрлерін, өзіндік атқаратын қызметін, мүшелер мен мүшелелер жүйесінің түзілуі жайлы мағлұмат беру; түрлі тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасында жағымды өзгерістерге жету; пәнге, тақырыпқа байлынысты қызығушылықарын арттыру.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі
Сабақтың типі: құрастырлған
Споралылар буылтық құрттардың, моллюскалардың, буынаяқтылардың, омыртқалы жануарлардың және адамдардың ішегінде, дене қуысында, қан клеткаларында паразиттік тіршілік ететін бір клеткалы қарапайым жәндіктер. Паразиттік тіршіліктің әсерінен ас қорыту, жиырылғыш вакуольдері жойылған, қоректік заттарды бүкіл денесі арқылы сіңіріп алады, ешқандай қозғалыс органоидтары болмайды, тек жынысты клеткаларында – микрогаметаларында – талшығы болады.
Қарапайымдылар.doc
Паразитті тіршілік ететін қарапайымдылар
Споралылар типі - Sporozoa
Книдоспоридиялар типі – Cnidosporidia
Микроспородиялар типі – Microsporidia
Кілт сөздер: паразиттер,споралылар , книдоспоридиялар, микроспородиялар, шизогония, гаметогония, споробластар, ооциста, спорозоиттар
Паразитті тіршілік ететін қарапайымдыларға үш типті жатқызамыз ,олар: споралылар , книдоспоридиялар, микроспородиялар типітері болып табылады.
Споралылар типі - Sporozoa
Споралылар буылтық құрттардың, моллюскалардың, буынаяқтылардың, омыртқалы жануарлардың және адамдардың ішегінде, дене қуысында, қан клеткаларында паразиттік тіршілік ететін бір клеткалы қарапайым жәндіктер. Паразиттік тіршіліктің әсерінен ас қорыту, жиырылғыш вакуольдері жойылған, қоректік заттарды бүкіл денесі арқылы сіңіріп алады, ешқандай қозғалыс органоидтары болмайды, тек жынысты клеткаларында – микрогаметаларында – талшығы болады.
Споралылар жыныссыз, жынысты және спорогония жолымен көбейеді. Жыныссыз көбеюі ядроның көпке бөлінуі арқылы жүзеге асады, бұны шизогония процесі деп атайды, нәтижесінде мерозоиттар деп аталатын жас особьтар шығады. Жынысты жолы – гаметогония деп аталатын, гаметалардың пайда болуы. Копуляция нәтижесінде түзілген зигота қалың қабықшамен қапталынып ооцистаға айналады. Осыдан спорогония кезеңі басталады. Ооцистаның ішінде, спорогонияның нәтижесінде, ең алдымен споробластар – бұлардан майда спорозоиттар пайда болады және олар споралардың ішінде орналасады.
Споралылар типі екі класқа бөлінеді: Грегариналар – Gregarinina және кокцидиятәрізділер – Coccidiomorpha.
Грегариналар класы- Gregarinina
Грегариналар омыртқасыз жануарлардың паразиттері, әсіресе олар насекомдарда көп кездеседі. Бір ядролы сопақша келген денесінің ұзындығы 10-15 мкм-нан бірнеше миллиметрге дейін жетеді. Цитоплазмасы екіге бөлінеді: эктоплазма және эндоплазмаға. Эктоплазмасында ұзына бойы және көлденең жатқан фибриллалары (мионем жіпшелері) кездеседі. Сол фибриллалардың қысқаруы нәтижесінде грегариналар өз еркімен қозғалады. Басқалары алға қарай сырғуы арқылы жылжиды немесе мүлде жылжымай бір жерге жабысып тұрады. Бұл класқа нағыз грегариналар отряды жатады.
Нағыз грегариналар отряды – Eugregarinida
Бұл отрядтың өкілдері буынаяқтылардың ішегінде паразиттік тіршілік етеді. Денесі сопақтау, ұзындау, сыртын қалың қабықша – пелликула қаптап тұрады. Оның астында денесін бойлап эктоплазма жатады, ол плазмалық перделер түзеп, грегаринаның бір клеткалы денесін үш бөлікке бөліп тұрады. Бірінші – эпимерит, бұнда жіңішке ілмешектері не қармақшалары болады, солар арқылы грегарина ішек клеткаларына бекініп тұрады. Екінші – протомерит, цитоплазмаға толған, ядросыз бөлік. Үшінші – дейтомерит, ядро орналасқан үлкенірек болып келген бөлік.
Грегариналар жынысты жолмен көбейеді. Екі грегарина бір-біріне, яғни біреуінің протомериті екіншісінің дейтомеритіне жабысып, сизигия түзейді. Содан кейін әрқайсысының денесі жұмырланып, екеуінің төңірегінде қалың қабықша бөлініп шығады. Екі грегаринаның ядросы митоз жолымен бірнеше рет бөлініп, көптеген ядролар түзіледі. Бұл ядролар дененің шет жағына қарай жылжып, цитоплазмамен қапталынып, гаметаларға айналады. Алдыңғы грегаринадан макрогаметалар пайда болады, оны примит деп атайды, артқы грегаринадан микрогаметалар – ол сателлит. Гаметалар қосылып зигота құрайды. Әрбір зигота қалың қабықшаға оранып, ооцистаға айналады. Ооцистаның ішінде спорогония процесі өтеді. Ядро бөлініп 8 ядроға бастама береді. Бастапқы екі бөліну мейоз жолымен жүреді, 8 ядро түзілгеннен кейін, әрбір ядро цитоплазмамен қапталынып, ооцистаның ішінде спорозоиттар пайда болады. Спорогония процесі осылай бітеді. Ооцисталар ауру жануарлардың ішегінен сыртқа нәжіспен бірге шығып, ары қарай даму үшін басқа жануарлардың ішегіне түсуі керек. Онда ооцисталар ішек сөлдерінің әсерінен жарылып, спорозоиттар шығып эпимерит бөлімі арқылы ішек клеткаларына бекініп өсе бастайды.
Кокцидия тәрізділер класы - Coccidiomorpha
Бұл класқа өздігінше тіршілік ете алмайтын, тек қана клетканың ішінде паразиттік тіршілік ететін қарапайымдылар жатады. Денелері сопақша, домалақтау не доға сияқты болып келеді. Олар адамның, сүтқоректілердің, құстардың ішек клеткаларында, бауыр, бүйрек, қан клеткаларында кездеседі. Қан споралылардың және кокцидиялардың даму кезеңдері бір-біріне өте ұқсас, сондықтан бұл екеуін кокцидиятәрізділер класына жатқызады. Бұлардың көбеюінде кезектесіп жүретін үш кезеңді байқауға болады: шизогония (жыныссыз көбею) гаметогония (жынысты) және спорогония.
Көптеген кокцидиялардың бір ғана иесі болады, сондықтан спорогония кезеңі жартылай немесе толық сыртқы ортада жүреді (Eimeria magna). Басқаларының иесі екеу, жыныссыз көбеюі бір иесінде өтеді, ал жынысты көбею және спорогония кезеңі екіншісінде (Plasmodium vivax).
Бұл кластың негізгі екі отрядын атап кетуге болады: кокцидиялар отряды – Coccidiida және қан споралылар – Haemosporidia.
Кокцидиялар отряды – Coccidiida
Кокцидиялар қоянның, ірі қара малдың, үй жануарлары мен жабайы құстардың, насекомдардың ішек эпителий клеткаларында паразитті тіршілік етеді. Кокцидиоз ауруына адамдар да шалдығады. Кокцидиялардың денесі сопақша келген, алдыңғы жағы үшкір, артқы жағы доғал пішінді болады, бұларды зоит деп атайды (спорозоит, мерозоит). Зоиттың сырты үш мембраналы қабық – пелликуламен қапталынған. Оның астында түтікшелі фибрилдер болады, олар субпелликулярлы микротүтікшелер деп аталады. Пелликуламен бірге олар зоиттың қаңқасын құрайды.
Зоиттың денесінің алдыңғы жағында екі айрықша органоидтар орналасқан. Олар спираль тәрізді фибрилді – коноид және қапшық тәрізді іші сілекей затқа толған саны 2-ден 14-ке дейін – роптриялар. Осылар арқылы паразит иесінің клеткаларының ішіне кіреді. Роптриядан шыққан сұйық зат иесінің эпителий клетка мембранасын ерітеді де, ал коноид арқылы зоит бұранда арқылы клетканың ішіне кіреді. Кокцидияларда, клеткаларға ортақ бірқатар органоидтар болады – митохондриялар, Гольджи аппараты, эндоплазмалық торы, т.б.
Кокцидиялардың даму сатысы өте күрделі. Мысал ретінде қояндардың паразиті – эймерия (Eimeria) туысының даму сатысын қарастырайық. Эймерия кезектесіп тұратын шизогония, гаметогония және спорогония жолдарымен дамиды.
Оцисталар су және шөп арқылы қоянның ішегіне түсіп, ооцистаның қабырғасы ішек сөлдерінің әсерінен жарылып, ішінен 8 спорозоит шығады. Спорозоиттар ары қарай даму үшін ішектің эпителий клеткасына ену керек. Коноид және роптриялар арқылы спорозоит клеткаға еніп, денесі дөңгеленіп шизонтқа айналады. Шизонттың ядросы бірнеше қайтара бөлінеді. Сол ядролардың бөлінуін шизогония дейді. Бұл жыныссыз көбею кезеңі. Шизогония нәтижесінде пайда болған әрбір ядроның төңірегінде цитоплазма жиналып, олар ұсақ мерозоиттарға айналады. Мерозоиттар эпителий клетканы әбден зақымдап болғаннан кейін ішек қуысына шығады да, қайтадан жаңа клеткаларға еніп, денесі дөңгеленіп шизонтқа айналады. Шизонттың ядросы көпке бөлініп шизогония арқылы тағы да мерозоиттар пайда болады. Шизогония бірнеше рет қайталанып, паразиттердің саны көбейеді.
Шизогониядан кейін гаметогония кезеңі басталады. Бұл кезеңде мерозоиттар гамонттарға айналады, бұлардан гаметалар пайда болады. Макрогамонттар бөлінбей өсіп, макрогаметаларға айналады, ал микрогамонттардың ядросы көпке бөлініп, цитоплазмамен қапталынып, екі талшығы бар майда микрогаметаларға айналады. Микрогаметалар жылжып макрогаметалармен қосылады. Копуляция нәтижесінде пайда болған зигота сыртынан тығыз қабықпен қапталып, ооцистаға айналады. Ооцисталар қоянның нәжістерімен бірге сыртқа шығарылады. Сыртқы ортада ооцистаның ішінде спорогония кезеңі өтеді. Ооцистаның ішіндегі ядро екі рет бөлініп, төрт ядро пайда болады. Оларды цитоплазма қоршап, төрт споробласт деп аталатын клетка түзіледі. Әрбір споробласт арнайы қабықпен қапталынып, спораға айналады.
Әрбір спораның ядросы екіге бөлініп – екі спорозоит түзіледі. Сөйтіп ооцистаның ішінде төрт спора пайда болып, олардан 8 спорозоиттар түзіледі. Осындай ооцисталар сау қоянның ішегіне түскенде, оның қалың қабықшасы ішек сөлдерінің әсерінен жарылып, ішінднгі 8 спорозоиттар шығады да, иесінің ішек клеткаларында даму циклын бастайды.
Эймерия (Eimeria) туысының толып жатқан түрлері адамды, жануарларды кокцидиоз деген ауруға шалдықтырады. Кокцидиоз – ішек ауруына душар етеді.
Қан споралылар отряды - Haemosporidia
Кең тараған паразиттік тіршілік ететін қарапайымдылар. Адамның, омыртқалы жануарлардың қан клеткаларында тіршілік етеді. Бұлардың кокцидиядан айырмашылығы спорогония кезеңі сыртқы ортада емес, қан сорғыш насекомдардың, яғни Anopheles туыстас масалардың ішегінде өтеді және масалар осы паразиттерді тасымалдаушылар болып табылады.
Адамда Plazmodium туысының төрт түрі паразиттік тіршілік етеді: РІ. vivax, РІ. malariae, РІ. falciparum, РІ. ovale. Бұлардың дамуы бір-біріне өте ұқсас. РІ. vivax-тың даму сатысын қарастырайық.
Безгек масасы (Аnopheles туысынан) адамды шаққанда сілекеймен бірге адам қанына спорозоиттар түседі. Спорозоиттар өте майда 5-8 мкм, құрт тәрізді немесе орақ тәрізді. Олардың құрылысы кокцидиялардың зоит құрылысына өте ұқсас, тек коноиды болмайды. Қанға түскен спорозоиттар қан тамырлары арқылы бауырға жиналады. Осы жерде шизогония көбею кезеңі басталады. Әрбір спорозоит бауыр клеткасына еніп, жұмырланып шизонтқа айналады. Шизонттың ядросы бірнеше қайтара бөлініп, бұлардан мерозоиттар пайда болады. Осыдан кейін шизогония екі жерде жүреді: мерозоиттардың бір тобы қайтадан бауыр клеткаларына еніп, жұмырланып шизонтқа айналып, олардың ядросы бірнеше қайтара бөлініп, көптеген мерозоиттар пайда болады, ал мерозоиттардың екінші тобы бауырдан қанға шығып эритроциттерге енеді, сол жерде жұмырланып шизонтқа айналады. 2-3 сағаттан кейін шизонтта вакуоль пайда болады, сол вакуоль әсерінен шизонттың денесі сақина тәрізді болып тұрады. Кейін вакуоль жойылып, шизонт өсіп, амеба тәрізді болады. Шизонттың ядросы бірнеше қайтара бөлініп 10-20 мерозоиттар пайда болады. Бұлар эритроцитті зақымдап қанға шығады да, жаңа эритроциттерге енеді, содан шизогония кезеңі қайтадан басталады және бұл процесс бірнеше рет қайталанады. Сөйтіп, шизогония бауыр клеткасында және эритроциттерде өтеді. Шизогония кезінде адам қанындағы паразиттің саны артады, ал эритроциттердің саны азаяды. Сау адамның 1 мм 3 қанында 5 млн эритроциттер болса, ал безгек аурумен ауырған кезде эритроциттердің саны азайып 1 мм 3 қанында 1 млн-ға жақын эритроциттер қалады.
Шизогониядан кейін гаметогония кезеңі басталады. Бұл кезеңде мерозоиттар гамонттарға айналады. Гамонттар екі түрлі болады: макрогамонттар немесе макрогаметоциталар пісіп-жетілмеген аналық жыныс клеткалары және микрогамонттар немесе микрогаметоциттер пісіп-жетілмеген аталық жыныс клеткалары. Осыдан кейін әрі қарай даму дам қанында жүрмейді. Ендігі дамуы маса денесінде өтеді.
Анофелес (Anopheles) туысына жататын безгек маса ауру адамның қанын сорған кезде оның ішегіне қанмен бірге макро және микрогаметоциттер түседі. Масаның ішегіне макрогамонттар (макрогаметоциттер) пісіп-жетіліп макрогаметаға айналады, ал микрогамонттардың (микрогаметоциттер) ядросы көпке бөлініп, пісіп-жетіліп қозғалғыш майда микрогаметаларға айналады. Микрогаметалар мен макрогаметалар қосылып зигота құрайды. Зигота қозғалғыш келеді, сондықтан оны оокинета деп атайды. Оокинета масаның ішек қабырғасына еніп қозғалуын тоқтатады да, сыртына тығыз қабықша шығарып ооцистаға айналады. Ооцистаның ішіндегі ядро бөлінеді, мұның саны бірнеше мыңға жетуі мүмкін. Әрбір ядро жұқа цитоплазмамен қапталынып, мыңдаған (10000-ға дейін) спорозоиттар түзіледі. Ооцистаның көлемі өсіп, мыңдаған спорозоиттар пайда болғаннан кейін ооциста жарылады. Қозғалғыш спорозоиттар безгек масаның аралас қуысына түсіп, гемолимфа ағынымен сілекей бездеріне жиналады. Маса адамды шаққанда оның қанына сілекеймен бірге спорозоиттар да түседі. Даму циклы ары қарай жалғасады. Сонымен безгек плазмодиясының тіршілік циклы — өте күрделі және олар иесін алмастырып отырады, жыныссыз көбеюі адам қанында, ал жынысты көбеюі безгек масаның ішегінде өтеді. Плазмодияның негізгі иесі – безгек масасы, ал аралық иесі – адам.
Безгек плазмодиясы адамның безгек ауруын қоздырушы. Безгекпен ауырғанда безгек ұстауынан басқа анемия (эритроциттердің азаюы) байқалады және плазмодиялар қан плазмасына улы өнімдерін бөледі. Ауру адамның безгегі әр 72 сағат, немесе 48, немесе 24 сағат сайын қайталанып отырады. Осы қайталануы плазмодияның өкіліне және шизогония мерзіміне байланысты.
Безгек ауруына қарсы шаралардың бірі – масалардың сан мөлшерін азайтуға қолайлы тәсілдерін қолдану, ауырған адамды дәрілермен емдеу.
Книдоспоридиялар типі – Cnidosporidia
Книдоспоридиялардың барлығы дерлік паразиттер. Книдоспоридиялардың тіршілік циклы әрқашанда екі ядролы амеба тәрізді ұрықтан басталады.Тізілген споралары көп клеткалы. Книдоспоридиялар типіне екі класс жатады.Шырышты споралар немесе миксоспоридиялар – Myxosporidia және Актиномиксидиялар – Actinomyxidia.
Миксоспоридиялар класы - Myxosporidia
Шырышты споралылардың 1000 жуық түрі белгілі,балықтардың, қосмекенділер мен бауырмен жорғалаушылардың паразиттері.Иесінің әр түрлі мүшелерін зақымдайды:терісін, бұлшықеттін,желбезегін, шеміршектерін,нерв жүйесін,өт жолдарын,қуығын.Бұлар тканьдік және қуыс арқылы паразиттері болып табылады.
Миксоспоридиялар- көп ядролы амеба тәрізді плазмодиялар,мөлшері 10мкм-ден 2 см дейін.Ткань арасында тіршілік ететін миксоспородиялар диаметрі 1-2 см дейін жететін циста түзеді. Циста паразиттің цитоплазмасына толған,ішінде көп ядролылары болады. Ядролар өзінің құрылымен атқаратын қызметінің ерекшелігіне қарай екі топқа бөлінеді:
Вегетативті ядролар тіршілікке қажетті зат алмасу,белокты синтездеу, өсу т. б қызметтерін атқарады.
Ал генеративті ядролар көбею процесіне қажетті екі спораларға бастама береді.Бұл күрделі процестің басында генеративті ядролардың сыртын цитоплазма қаптайды,соның нәтижесінде генеративті клеткалар қалыптасады.
Актиномиксидиялар класы - Actinomyxidia
Актиномиксидиялардың шырышты споралылардан негізгі айырмашылығы – споралалары үш қақпақшалы,ішінде үш атқыш капсуласы және көптеген амеба тәрізді ұрықтары болады.Олар азқылтанды буылтық құрттардың және сепункулидтердің паразиттері.
Микроспородиялар типі – Microsporidia
Бұл типке 300-ге жуық түрлер жатады.Олар клетканың ішінде тіршілік ететін паразиттер.Көпшілігі насекомдардың және басқа омыртқассыз жануарлардың паразиті,аз ғана түрі балықтарда кездеседі.
Микроспородиялар типіне бір отряд жатады:Микроспородия- Microsporidia отряды.
Мөлшері 4-6 мкм,өте сирек 10 мкм –ліктері де кездеседі.Микроспоридиялардың миксоспоридиялардан айырмашылығы:спораларының құрылысы онша күрделі емес, атқыш капсуласы болмайды,споралары бір клеткалы,бұлар клетка ішінде болатын паразиттер.
Орталық жүйке жүйесіне жатады:Жұлын мен ми.
Орталық жүйке жүйесіне өтетін қозу-Жұлынның артқы түбірі арқылы
Орталық жүйке жүйесінің ақ затының құрамы:нейронның ұзын өсінділері
Орталық жүйке жүйесінің ең жоғары бөлігі:Ми қыртысы
Орталық жүйке жүйесінің қозуын нашарлататын ауру- микседема
Орталық жүйке жүйесініңқұрамына кіретіндер:Бас миы
Орталық жүйке жүйесініңқұрамына кіретіндер:Жұлын
Ортаңғы құлаққа жатады-Дабыл жарғағынан самай сүйегінің ішіне дейін
Ортаңғы құлақтағы сүйекшелердің саны-3
Ортаңғы құлақтың бөлімдерідыбыс сүйекшелер.
Ортаңғы құлақтың қуысы дыбыс аңқамен не арқылы жалғасады:Есту түтігі(евстахиева
Ортаңғы мидың алдыңғы жағында жатады:аралық ми
Ортаңғы мидың гипоталамус бөлігінің алдыңғы ядролары:ұйқы орталығы
Орын ауыстыра алу қасиеті:Қозғалыс
Осы заманғы алғашқы адам сүйегі 1868ж. табылған- Францияда Кро – Маньон
Осы күнгі биосфераның түзілу кезеңі:Антропоген
Осы күнгі сүтқоректілердің қанша түрі бар:шамамен 4000
Оттегі жоқ, батпақты жерде өсетін өсімдіктерде кездесетін түрі өзгерген тамыр:Ауатамыр
Оттегі жоқ,батпақты жерде өсетін өсімдіктерде кездесетін түрі өзгерген тамыр:ауа тамыр
Оттегі қайда жұмсалады:Тотықтыруға
Оттегі организмнің қай жерінде тікелей сіңіріледі:Өкпе көпіршіктерінде
Оттегі өкпеден ұлпа,мүшелерге не түрінде тасылады:Гемоглобинмен байланысып, оксигемоглобин түрінде
Оттегі фотосинтез процесінде қандай қызмет атқарады:Жарық реакцияларын байланыстырушы
Оттегімен қаныққан қан: Артерия
Оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын сыртқа шығаратын ағза:Аэробты
Оттегін тасымалдаушы қанның құрам бөлігі:эритроцит
Оттегінсіз тыныс алатын ағзалар:анаэробты
Оттегінсіз тынысалу қандай бактерияларғы тән:Шіріту бактериясына
Оттегіні тасымалдаушы қанның құрам бөлігі:гемоглобин
Оттегінің өкпеден ұлпа мен мүшелерге тасылуы:гемоглабинмен байланысып,оксигемоглабин түрінде
Оттексіз ортада тіршілік ететін ағзалар:анаэробты
Оттектің жасушаның құрамды бөліктерімен қосылуы-Жасушалық тынысалу
Отырмалы гүлде болмайтын гүл бөлімі:гүлсағақ
Өзгергіштіктің қандай түрлері дивергенцияға ұшыратады:Мутациялық өзгергіштік
Өздігінен таралатын тұқымдардың құрылысының ерекшелігі:Жемістері қақырағыш,ширатылған
Өздігінен тозаңданатын өсімдік:Бидай
Өздігінен тозаңданатын өсімдік:Бұршақ
Өздігінен тозаңданатын өсімдік:шегіргүл
Өзен көлдерде,бөгеттерде тіршілік етеді:Спирогира
Өзен шаянның қорғаныш және қорегін аулайтын мүшесі:қысқыштары
Өзен шаянының асқорыту жүйесіне қандай белгілер тән:қарыны екі бөліктен тұрады:ұсақтайтын және сүзгілі бөлімдерден
Өзен шаянының есту мүшесі болады ма:Болмайды
Өзен шаянының жүрегі:Бес бұрышты қалта.
Өзен шаянының жүрегінің құрылысы қандай::Бес бұрышты қалта тәрізді,адан бірнеше қан тамырлары шығып,ұштары дене қуысында ашылады.
Өзен шаянының қозғалуы-Жүзіп.
Өзен-көлдерде,бөгеттерде тіршілік етеді:спирогира
Өзеншаянның сезім мүшелері: көру мүшесі
Өзеншаянының жақ аяқтары-3 жұп.
Өзең көлдерде,бөгеттерде тіршілік етеді-Спирогира
Өзі мекен ететін иесін ауруға шалдықтырып, тіршілік етуі:Паразиттік.
Өзіне тән мөлшері,пішіні бар,дененің белгілі бір бөлігінде үйлесімді қызмет атқаратын жасушалар тобы: Ұлпа.
Өзінің тіршілік әрекетінде органикалық заттарды бейорганикалық заттарға айналдыратын ағзалыр қандай топқа жатады:Редуценттер
Өкпе арқылы тыныс алмайтын жануарлар:балықтар
Өкпе көпіршіктері -ауаға толы ауатамыр ұштары.
Өкпе көпіршіктерінен қанға О2 қашан өтеді: Тыныс алғанда
Өкпе мен ұлпадағы газ алмасу неге байланысты: Диффузия заңына
Өкпе сыртынан немен қаптайды:Өкпе плеврасымен
Өкпедегі ауа көпіршіктерінің қабырғаларын құрайтын ұлпа:эпителий
Өкпеден жүрекке баратын қантамыр бай:оттегіне
Өкпеқаптың басқаша атауы-Плевра.
Өкпені жарақаттайтын ауру:Туберкулез
Өкпенің газ алмасуына қатысатыны:Бронхиолдар,өкпе көпіршігі,веналық қылтамырлар
Өкпенің сыртқы қабатының атауы:плевра (сіріқауыз)
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы дегеніміз:терең дем алып,дем шығарған кездегі ауаның мөлшері ең көп
Өкпенің тіршілік сыйымдылығын өлшейтін құрал:спирометр
Өкпесі нашар дамыған жануарлар:Қосмекенділер
Өлген ағзаларды қарашірікке айналдыратын бактериялар:Шіріту
Өлі ағзалардың денесінді тіршілік ететін бактериялар:Сапрофиттер
Өлі ағзалық заттармен қоректенетін саңырауқұлақ-Пеницилл
Өлі табиғат факторлар жиынтығы қалай аталатынын белгіле:абиоздық фактор
Өлі табиғат(жарық,температура,ылғалдылық,топырақ,судың қасиеті, мен құрамы) факторлар жиынтығы қалай аталатынын белгілеңіз:Абиоздық фактор
Өлі табиғатқа жатады:Тау жыныстары
Өліп біткен тірі ағзалардың қозынды қалдықтарына негізделген:Палеонтологиялық дәлел
Өмірлік маңызы бар қай заттың құрамына темір кіреді:Гемоглобин
Өнген тұқым тыныс алады-Суда еріген ауамен.
Өнген тұқымның -Қауызы жарылады.
Өне бастаған тұқымның тыныс алуын күшейтеді:Ауа
Өң,тоз,қыртыс бөлімдері бар ұлпа:Жабын
Өркен дамитын бүршік:Төбе бүршік
Өркен мен тамырлардыњ бойлай өсуiн тоқтату үшiн -Шырпу әдiсiн қолданады.
Өркен неден дамиды:Тұқымның ұрық бүршігінен
Өркендері жер бетіне төселіп өсетін шөптесін көп жылдық өсімдіктер тіршіліктің мына вормасына жатады:Хамефиттер
Өркендері шырмалып, төселіп өсетін асқабақ тұқымдас өсімдік:Құтырған қияр.
Өркеннің ең ұшындағы бүршік:Төбе бүршік
Өркеннің негізгі орталық тірек бөлімі:Сабақ
Өрмекші өрмекауды пайдаланады:қорегін аулауға
Өрмекші тәрізділер немен тыныс алады:Демтүтік
Өрмекші тәрізділерге жататындар:кенелер
Өрмекшілердің аяқтарының саны:4.
Өрмекшілердің қанайналым жүйесі: Ашық қанайналым жүйесі.
Өрмекшілердің қанша жұп аяқтары бар: 4.
Өрмекшінің денесі:Екі бөлік
Өрмекшінің қанының түсі:түссіз
Өрмекшітәрізділерге жататыны: Кене.
Өрмекшітәрізділерге жатпайтын жәндік:Өзен шаяны.
Өрмекшітәрізділердің басқа буынаяқтылардан айырмашылығы:астың ішектен тыс қорытылуы
Өрмекшітәрізділердің құрсақ аяқтары қандай мүшеге айналады:Өрмек сүйелдерге
Өрмекшітәрізділердің өкілі тайга кенесі болып есептеледі:Ол:Энцефалит ауруын тасымалдаушы
Өрмекшітәрізділердің шаянтәрізділерден қандай айырмашылығы бар:Төрт жұп аяғы бар
Өрмекшітәрізділердің энцефалит ауруын тудыратындары:Тайга кенесі.
Өрмекшітектестер мен бунақденелілердің зәр шығару мүшесі:Мальпигий түтікшелері
Өрмекшітектестердің баскөкірек бөлігіндегі аяқтарының саны:6 жұп
Өрмекшітектестердің тыныс алу мүшесі:Өкпе қапшықтары мен демтүтіктері
Өрік өсімдігі қай тұқымдасқа жатады:Раушангүлділер тұқымдасы.
Өрістегіш балықтарға жататыны:Албырт,шортан,бекіре
Өскін дегеніміз . өсімдік-жас сабағы мен жапырағы бар жер бетіне шыққан
Өсу бүршігінде болмайды:гүлшанақ
Өсу гормоны артық бөлінсе-Адамның сүйегі ұзарады
Өсу гормонын бөлетін без:Гипофиз
Өсу және қараңғыда жақсы көруге қажетті витамин:А
Өсу мен даму үдерістерінен көрінетін ағза жауабы:Жарық кезеңдік
Өсімді мүшелерге жатады- Жапырақ
Өсімді мүшелері арқылы көбейеді:Традесканция
Өсімдік мүшелерінің сыртын қаптап, кеуіп кетуден сақтайтын ұлпа:Жабын
Өсімдік бірлестігі деген:Бірдей жағдайда өметін және тіршілігі үшін күресіп отыратын өсімдіктер тобы
Өсімдік жасушаларында ғана болатын, бейорганикалық заттардан органикалық органикалық заттарды түзетін органоид:Пластидтер
Өсімдік жасушасындағы саңылау арқылы атқаратын қызметі:Зат алмасады
Өсімдік жасушасының қай құрылымында крахмал жиналады:Лейкопластарда
Өсімдік зақымданғанда ғана қарқынды дамитын бүршік:Бұйыққан
Өсімдік май мен көкөністе болатын дәрумен жетіспесе жыныс бездері әлсізденеді: Е
Өсімдік майы алынатын күрделігүлді өсімдік:Мақсыр
Өсімдік майы мен көкөністе болатын дәрумен жетіспесе әйел бедеулікке ұшырайды:Е
Өсімдік мүшелерінің әр түрлі жағдайға түрін өзгерту арқылы бейімделу:Түрөзгеріс
Өсімдік пен жануарлардың туыстығына дәлел бола алатын біржасушалы жәндік:Жасыл эвглена
Өсімдік сабағында,пиязшығында,жапырағында,жемтамырында,тамырсабақта орналасқан ұлпа:Қор жинаушы
Өсімдік сабағындағы буын дегеніміз-Жапырақ өсетін сабақ аймағы.
Өсімдік сабағының өң және тоз қабаттарын құрайтын ұлпа:Жабын
Өсімдік тіршілігінде воронка тәрізді гүлдердің атқаратын ролі қандай:Бунақденелілерді еліктіреді
Өсімдік ұзарып өседі:Төбе бүршіктен
Өсімдік ұшында қалыптасады:Төбе бүршік
Өсімдік,жануар,саңырауқұлақ,микроағзалар өз тіршілігіне қай газды падаланады:Оттегі,көмірқышқыл газы
Өсімдікке жарықтың негізгі қажеттілігі: Органикалық заттардың түзілуіне.
Өсімдікке жасыл түс беретін пластидті көрсетіңіз:Хлоропластар
Өсімдікке жетіспегенде қурайды:су
Өсімдікке түрлі түс беретін пластидтер:Хромопластар
Өсімдікке фосфор жетіспесе:Жемістің түзілуі баяулап,салмағы кемиді
Өсімдікте болатын эр түрлі тамырлардың жиынтығы:Тамыр жүйесі
Өсімдікте жемістің түзілетін жері (орны):аналық жатын (түйін).
Өсімдікте лейкопластар орналасқан мүшесі:Тамырында, тұқымда.
Өсімдікте тіршілік ететін вирустың саны-400
Өсімдіктегі түссіз пластидті көрсетіңіз:Лейкопластар
Өсімдіктекті азықпен қоректенетін сүтқоректілерде аш ішек пен тоқ ішек тоғысатын жері: Бүйен.
Өсімдіктекті азықпен қоректенетін ірі, күйіс қайыратын сүтқоректілердің қарны: 4.
Өсімдіктен бөліп алатын биіктігі 8-10 см шамасындағы жас өркен:Қаламша.
Өсімдіктер әлемін зерттейтін ғылым-Ботаника
Өсімдіктер былай жіктеледі: Бөлім,класс,қатар,тұқымдас,туыс,түр
Өсімдіктер вегетативтиі жолмен көбейген кезде,генотиптері бірдей болғанмен,белгілердің фенотипте байқалуы неліктен әртүрлі болады:Модификациялық өзгергіштіктің нәтижесінде
Өсімдіктер жасушаларының қандай органоидтарында АТФ синтезделеді:Пластидтерде
Өсімдіктер құрылысын зерттейтін ғылым:ботаника
Өсімдіктер мен жануарлар жасушаларында қандай органоидтар кездеседі:Митохондриялар
Өсімдіктер мен жануарлар жасушасының цитоплазмамен тікелей байланысқан ішкі қабаты:Плазмалемма
Өсімдіктер мен жануарлар жасушасының цитоплазмасындағы сұйықтыққа толы қуыс:Вакуоль
Өсімдіктер мен жануарлардың ортақ ата тегі қандай ағзалар:Балдырлар
Өсімдіктер мен жануарлардың туыстығына дәлел болатын бір жасушалы ағза:жасыл эвглена
Өсімдіктер мен жануарлары арнайы қорғалатын тұтас табиғи аймақ:Қорық
Өсімдіктер мына газбен тыныс алады:Оттегімен
Өсімдіктер органикалық заттарды топырақтан алмай өздері түзетін дәлелдеген галым:Ван Гельмонт
Өсімдіктер систематикасының дамуы мен өсімдіктер әлемін құру жүйесінде еңбектері маңызды болған ғалым-Линней
Өсімдіктерге қандай ағзалар балама берді:Жасыл балдырлар
Өсімдіктерге түс беретін органоид:Пластид
Өсімдіктерде альбиностар(ақ) летальді гендерге жатады(өліп қалады), бірақ көптеген түрлердің ұрпағында альбиностар кездеседі.Альбиностар өлген кезде олар неге біржола жойылып кетпейді:Альбинизмнің гені рецессифті және гетерозиготалы жекелеген түрлерде әрқашан сақталады
Өсімдіктерде АТФ синтезі қандай процеспен байланысты:Фотосинтездің жарық реакцияларымен
Өсімдіктерде керексіз заттарды шығаратын ұлпа-Бөліп шығарушы
Өсімдіктерде қыстарма бой қай бөлігінде орналасқан:Буынаралықтардың түбірінде
Өсімдіктерде органикалық зат түзуге қатысады:Негізгі ұлпа
Өсімдіктерде тыныс алуға жұмсалатын негізгі заттар:Органикалық заттар
Өсімдіктердегі қанттың түзілуі тек . болады:Хлоропластарда
Өсімдіктерді әр түрлі қолайсыз жағдайлардан қорғайды:Жабын ұлпасы
Өсімдіктерді органикалық қосылыстардың тотығуы дегеніміз:Тынысалу
Өсімдіктердің ауруын туғызатын жәндік-Кене.
Өсімдіктердің әр түрлі туысқандарын будандастыру кедергісін Карпеченко Г.Д. қандай жолмен шешті:Гибридтердің хромосом санын екі еселеу арқылы
Өсімдіктердің гомозиготалық қатарындағы белгілердің түрленуі немен түсіндіріледі:Жаңа гендік комбинациялармен
Өсімдіктердің гүлдері ашық реңді, хош иісті, тозаңдары өте ірі және тәтті шірне бөледі:Бунақденелілер арқылы тозаңдану
Өсімдіктердің ең ежелгі тобы:Ашық тұқымдылар
Өсімдіктердің жаңа сортын шығарумен айналасатын ғалымдар:Селекционерлер
Өсімдіктердің жаңа іріктемелері мен жануарлардың тұқымдарын жасау, жақсарту, ұсақ ағзалардың штаммаларын алу әдістерін зерттейтін ғылым: Селекция.
Өсімдіктердің жаңа іріктемелерін, жануарлардың жаңа қолтұқымдарын шығарумен шұғылданатын ғылым- Селекция.
Өсімдіктердің жасыл болуы . байланысты:Хлоропластарға
Өсімдіктердің қай мүшесінде мынадай бөлігінде тұйықтаушы жасушалар кездеседі:Жапырақта
Өсімдіктердің қай мүшесінде мынадай ұлпалар кездеседі: қабықша, бағаналы, кеуек, өткізгіш, лептесік? Жапырақта.
Өсімдіктердің қандай белгілері филогенетикалық белгі болып саналмайды:Бластула
Өсімдіктердің маусымдық өзгерісін қай ғылым саласы зерттейді:Фенология
Өсімдіктердің негізгі тамырларының жасушаларында қорға жиналып,жуандап,түрін өзгертетін тамыр:Жемтамыр
Өсімдіктердің топырақтан қоректенуі:Минералды қоректену
Өсімдіктердің тыныс алуына қажетті газ:оттегі
Өсімдіктермен қоректенетін бунақденелiлер: жапырақжегілер.
Өсімдіктері мен жануарлары арнайы қорғалатын тұтас табиғи аймақ:Қорық
Өсімдіктері мен жануарлары қорғалатын арнайы тұтас табиғи аймақ:Қорық
Өсімдіктің азот жинақтаушы-түйнек бактериялары орналасқан орны:Тамырда
Өсімдіктің белгілі бір бөлігінің түсі-пластидтерге байланысты.
Өсімдіктің жасыл жасушаларындағы күрделі процестің нәтижесінде не түзіледі:Крахмалға айналатын қант
Өсімдіктің жасыл түсі (бояуы)-Пластидтерге байланысты
Өсімдіктің жер асты және жер үсті мүшелерін жалғастырып тұратын орталық тірек:Сабақ
Өсімдіктің жер асты қоректену мүшесінің ең ұшы:Тамыр оймақшасы
Өсімдіктің жер асты мүшесі:Тамыр
Өсімдіктің жынысты көбею мүшесі:гүл.
Өсімдіктің кез-келген мүшесінен дамитын бүршік:Қосалқы бүршік
Өсімдіктің көбею мүшесі:гүл
Өсімдіктің қай бөлігінде ксилема(сүрек) болады:Жоғарыда аталынған бөліктердің барлығында,яғни жапырақта,сабақта,тамырда
Өсімдіктің қоректенуін күшейтетін тамыр-Қосалқы.
Өсімдіктің құрлыққа бейімделе бастау дәуірі:Палеозой.
Өсімдіктің мына аталған қай мүшелері басқа мүшелерге қарағанда гомологты емес:Түйнегі
Өсімдіктің өсімді мүшесін зақымдап,дәннің толуын баяулататын:тат саңырауқұлағы
Өсімдіктің тамыр арқылы топырақтан сіңіретіні:су және минералды тұздар
Өсімдіктің тамырынан сабаққа судың көтерілу себебі:Тамыр қысымын
Өсімдіктің топыраққа берік орнығып,қоректенуін күшейтетін тамыр:Қосалқы.
Өсімдіктің топырақтан қоретенуін. қоректену дейді:Минералды
Өсімдіктің тұқымында,тамырында,түйнегінде кездесетін түссіз,ұсақ денешіктер-Лейкопластар
Өсімдіктің тыныс алуы:Оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын бөлу
Өсімдіктің тыныс алуына қарама-қарсы процес:Фотосинтез процесі
Өсімдіктің ұрықтануын ашқан шетелдік ғалым-К.А.Навашин
Өсімдіктің ұрықтануының жүруі-Тозаңданғаннан кейін
Өсіп даму кезінде адам денесінің пропорциясы(пошымы) өзгереді,18жасқа келгенде адамнан қандай өзгерісті байқауға болады:Физиологиялық қызмет көрсеткіші ересек адамның атқаратын қызметіне жақындайды
Өт бөлетін без:Бауыр.
Өт қабы аузының ашылатын мүшесі: Ұлтабар.
Өте бағалы май,хош иісті заттар алуға қолданылатын өсімдік:Раушан
Өте баяу өсетін ағза:Қына
Өте ертедегі адам:питекантроп
Өте қауіпті ішек-қарын ауруы:тырысқақ
Өте құнды майлы өсімдік-күнбағардың шыққан жері:мексика
Өте сирек кездесетін жануарлардың түрлері:Барыс
Өте сирек кездесетіндіктен, Қазақстан Қызыл кітабына тіркелген ашық тұқымды өсімдік-Зеравшан аршасы.
Өте ірі,түтікше тәрізді,күлтесі ақ түсті гүлдері,өте үшкір тікенекті жемісі бар,алқатұқымдастарға жататын өсімдік:Сасық меңдуана
Өткізгіш және рефлекстік қызметтері жойылып кетеді. зақымданғанда:Жұлын
Өткізгіш шоқтардың жапырақ тақтасына орналасуы:Жүйкелену
Өттің әсерінен ыдырайды:Май
Өттің түзілуі: Бауырда.
Палеозой заманының ұзақтығы:340 млн жыл
Палеозой эрасының қай дәуірінде өсімдіктер құрлыққа шықты:Кембрий дәуірінде
Папоротник тәрізділердің жер бетінде кеңінен таралу дәуірі:Палеозой
Паразит құрттарды зерттейді:Гельминтология
Паразит саңырауқұлақ сау өсімдікке қай кезде түседі:Өнім жинап бастыру кезінде
Паразит саңырауқұлаққа жататындар:Қаракүйе
Паразит саңырауқұлақтар тарататын тері ауруы:теміреткі
Паразит саңырауқұлақтарға жататындар:қаракүйе
Паразит тіршілік ететін жәндік:Кене
Паразит тіршілік ететін тамыр:емізік тамыр
Паразиттер қан түйіршігін зақымдайтын уақыты-3-4 күн.
Паразитті қарапайымдыларға жататын-дизентерия (қантышқақ) амебасы.
Паразиттік жолмен тіршілік ететін құртамыштың тарататын ауруы:Кокундоз.
Паразиттік тіршілік ететін амебаның түрі:қантышқақ
Паразиттік тіршілік ететін бір жасушалы:Лейшмания
Паразиттік тіршілік ететін біржасушалы, кебішсе пішіні амеба тәріздес жәндік:Споралылар.
Паразиттік тіршілік ететін жәндік:Кене
Паразиттік тіршілік ететін тамыр:емізік тамыр
Паразиттік тіршілікке бейімделген құрт ішекке қармақшасымен және сорғыштарымен жармасып алаттын жәндік:Сиыр цепені.
Парапитектің пайда болуы:кайнозой
Парасимпатикалық бөліктің орталығы-Ортаңғы және сопақша мида
Парфюмерияда пайдаланылатын ерінгүлді өсімдік:Лаванда
Пеницилл антибиотигі алынатын саңырауқұлақ-Зең саңырауқұлағынан
Пенициллдің мукордан айырмашылығы:Жіпшумағы перделер арқылы жеке-жеке жасушаларға бөлініп,тармақталған жіпшелерден тұрады
Пептидті байланыс қандай атомдар арасында түзіледі:Көміртегі мен азоттың
Пингвиндердің ең ірі түрі-Кербез пингвин
Пиноцитоз қызметін қандай мүше атқарады:жасуша жарғақшасы
Пироплазмаз ауруын қоздырушы буынаяқтылар: Кенелер(Нәзікбас)
Пироплазмоз ауруының қоздырғышы:нәзікбас кене
Пияз бен сарымсақтарда болатын ерекше ұшпа зат:Фитонцид
Пияз қабығының өніндегі пластидтер түсі:Түссіз
Пияз тұқымдастарының жемісі:Қауашақ
Пиязшықтары арқылы көбейетін өсімдік:Лалагүл
Плазма құрамындағы судың мөлшері:90%.
Плазма мен қан жасушаларының қатынасы неге тең(%):55:45
Плазмалемманың негізгі химиялық құрамы:Нәруыз-60%,май-40%,көмірсу-2-10%
Плазмалық жарғақша мынадай заттардан тұрады:май және нәруыздардан
Плазмалық жарғақшаның өте жұқарған жері-Саңылау
Плакоидты қабыршақтар болады:Шеміршекті балықтарда
Пластид пен хромотофорды сипаттады:Левенгук
| | следующая лекция ==> | |
Шпаргалка по биологии для казахских школ на ЕНТ 2012 15 страница | | | Шпаргалка по биологии для казахских школ на ЕНТ 2012 17 страница |
Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет
Читайте также: