Гепатит на казахском языке a an the
Вирусты гепатит А (ВГА)
Вирусты гепатит А (ГА) – фекальды-оральды жолмен жұғатын жіті энтеровирусты циклді инфекция.
Этиологиясы. Қоздырғышы – гепатит А вирусы (ВГА) – 72 типті, РНК-сы бар энтеровирус, пикорнавирус тұқымдастығына жатады. ВГА қоршаған ортаға төзімді: бөлме температурасында бірнеше апта аралығында сақтала алады, ал -4ºС-да – бірнеше айға дейін. Бірақ оны қайнату арқылы (5 минут аралығында), автоклавта ұстау, ультракүлгін сәулелендіру арқылы немесе дезинфектант әсерімен белсенділігін жоюға болады.
Эпидемиологиясы. Инфекция көзі көбінесе симпомсыз түрдегі (субклиникалық және инаппарантты топтағы), инфекцияның сарғаюсыз ағымындағы науқастар немесе инкубациялық, продромальды кезеңдегі, аурудың бастапқы фазасындағы науқастар болып табылады. Олардың нәжістерінде ВГА анықталады.
ВГА-ның негізгі зақымдалу механизмі – фекальды-оральды, су, тағам және тұрмыстық-қатынастық берілу жолдары арқылы жүзеге асырылады. Бұл механизммен оральды-генитальды және оральды-анальды жыныстық қатынас жолмен жұғуы да мүмкін. Парентеральды инфицирлену кезінде жүзеге асатын гемоперкутанды механизмнің үлес салмағы шамамен 5%-ті құрайды. Бұл көбінесе нашақорлардың ине мен шприцті венаішілік қайта қолданған кезінде болады.
Берілмейтін жолдар: трансплацентарлы ауа-тамшылы ана сүтімен
Бір жастан жоғары балалар (әсіресе топтасқан ұйымдағы 3-12 жастағы балалар) және 20-29 жастағы жастар жиі ауырады. Бір жасқа дейінгі балалар анасынан берілген пассивті иммунитеттің сақталуына байланысты ауру жұқтыруға сезімталдығы төмен. 30-35 жастан жоғары адамдарда активті иммунитет қалыптасады. Ол 60-97% донорлардың қан сарысуында вирусқа қарсы антиденелердің (IgG-анти-HAV) табылуымен дәлелденеді. ГА-ға аурудың жаз-күз айтарында жиілеуі тән. Сонымен қатар ГА-ға циклдік өршу тән – 3-5, 7-20 жыл сайын. Ол вирус иесінің иммунды құрылымының популяциясының өзгеруіне байланысты.
Патогенезі. ВГА – кезең өзгерістерінің айқындылығымен сипатталатын жіті циклді инфекция.
ВГА жұқтырылғаннан кейін ішектен қанға, одан кейін бауырға түседі. Гепатоциттердің рецепторларына бекінген соң клетка ішіне енеді. Біріншілік репликация стадиясында гепатоциттердің айқын зақымдалуы байқалмайды. Вирустар өт каналына бөлініп, одан ішекке түседі де нәжіспен сыртқы ортаға түседі. Жарты бөлігі қанға түсіп, продромальды кезеңнің интоксикациялық симптоматикасын дамытады. ВГА-ның ары қарай даму ағымында гепатоциттердің зақымдалуы вирустың репликациясына емес, иммуноцитолизге негізделген. ГА-ның өршу кезеңінде морфологиялық зерттеулер бауыр бөліктерінің перипортальды аймақтарында және портальды тракттарда қабыну және некробиотикалық процестерді анықтауға мүмкіндік береді. Бұл процестер үш негізгі клинико-биохимиялық синдромдардың дамуына негізделген: цитолитикалық, мезенхимальды қабынулық және холестатикалық. Цитолитикаллық синдромның лабораториялық көрсеткіштеріне жатады: АлАТ және АсАТ ферменттерінің белсенділігі жоғарлауы, қан сарысуында темір деңгейінің жоғарлауы, альбумин, протромбин және басқа қан ұйыту факторының, холестерин эфирлерінің синтезінің төмендеуі жатады. Цитолитикалық синдромның бастапқы сатасына гепатоцит мембранасы өткізгіштігінің жоғарлауы жатады. Бұл ең алдымен бауыр клеткасының цитоплазмасында орналасқан АлАТ ферментінің қанға шығуына негіз болады. АлАТ активтілігінің жоғарлауы – гепатоциттердің зақымдалуының ерте және сенімді индикаторы. Бірақ цитолитикалық синдром кез келген зақымдаушы әсерге жауап ретінде дамитынын есте сақтау керек (вирустарлың, микробтардың токсиндері, гипоксия, дәрілер, улар, т.б.). Сондықтан АлАТ активтілігінің жоғарлауы тек вирусты гепатиттерге ғана тән емес. Мезенхимальды-қабынулық синдром бета-, гаммаглобулиндердің деңгейінің жоғарлауымен, коллоидты сынамалардың (сулемалық титрдің төмендеуі және тимол сынамасының жоғарлауы) өзгеруімен сипатталады. Холестатикалық синдром қанда байланған билирубин, өт қышқылының, холестерин, мыс, сілтілі фосфатаза активтілігінің жоғарлауымен, сондай-ақ билирубинурия, зәрде уробилинді денелердің азаюымен (жоғалуымен) көрінеді. Иммунокомплексті механизмдердің салдарынан (интерферон түзілуінің, табиғи киллерлердің активтілігінің жоғарлауы) вирустардың репликациясы тоқталады, және оның адам ағзасынан элиминациясы жүреді. Вирустың ағзада ұзақ болуы, аурудың созылмалы түрінің дамуы ВГА-ға тән емес. Бірақ басқа гепатотропты вирустармен ко-инфекция немесе суперинфекция болған жағдайда ауру ағымы модифицирленген болуы мүмкін.
Клиникасы. ВГА клиникалық көріністерінің полиморфизмімен сипатталады. Клиникалық көріністердің айқындылық дәрежесіне байланысты аурудың келесі формаларын ажыратады: симптомсыз (субклиникалық және инаппарантты) және манифестті (сарғаюмен, сарғаюсыз, жасырын). Ағым ұзақтығы бойынша: жіті және созылыңқы. Өтуінің ауырлық дәрежесі бойынша: жеңіл, орташа ауырлықты және ауыр.
Асқынуы: рецидивтер, өт шығару жолдарының зақымдалуы.
Соңы: қалдықты көріністерсіз толық жазылу; қалдықты көріністермен – постгепатитті синдром, созылыңқы реконвалесценция, өт жолдарының зақымдалуы (дискинезия, холецистит).
Аурудың манифестті кезінде келесі кезеңдерді ажыратады: инкубациялық, сарғаю алды (продромальды), сарғаю және реконвалесценция.
ВГА-ның инкубациялық кезеңі орташа 14-20 күн (7-ден 50 күнге дейін).
Продромальды кезең орташа 5-7 күнге созылады.
Сарғаю кезеңі:. Орташа 2-3 аптаға дейін созылады. 2-3 тәулік ішінде сарғаю пайда болады. Алдымен көз склерасы мен ауыз қуысының шырышты қабаттары сарғайып, ары қарай денеге тарайды.Сарғаю алды кезеңінде болған улану белгілері тоқтайды. Сарғаюдың пайда болуы нәжістің ахолиясымен, дене температурасының қалыпты немесе субфебрильді деңгейіне шейін төмендеуімен, бас ауруы және басқа жалпы токсикалық көріністердің төмендеуімен жүреді. Зәрі қоңырлап, түсі сыра тәріздес болады. Нәжісі ағарса, ақ балшық тәрізді болып көрінеді. Бауыр мен көкбауыр ұлғаяды. Кейбір науқастарда терісі қышып, мазалайды. Сарғыштық ең алдымен ауыз қуысының шырышты қабатында (бөбешік, қатты таңдай) және склерада , одан кейін – теріде пайда болады. Терідегі сарғыштық аурудың ауырлық дәрежесіне байланысты.
Бұл кезеңдегі науқасты қарағанда сарғаюмен қоса астенизация, брадикардия және гипотензия, жүрек тондарының тұйықталуы, тілде жабындылардың пайда болуы, бауырдың үлкеюі (шеттері айқын сезіледі, пальпация кезінде ауырсынады) байқалады. 1/3 кездерде көкбауырдың сәл үлкеюі байқалады.
Бұл кезеңнің ұзақтығы 10-14 күнге дейін созылады. Бұл ГА-ның маңызды дифференциалды диагностикалық белгілері болып табылады.
Сарғаюдың басылу фазасы оның өршу фазасына қарағанда баяу өтеді. Ауру белгілері біртіндеп жоғалады. Сарғаюдың жоғалуынан кейін реконвалесценция кезеңі басталады. Оның ұзақтығы – 1-2-ден 6-12 айға дейін. Бұл уақытта науқастардың тәбеті жақсарады, астеновегетативті бұзылыстар жоғалады, бауыр және көкбауыр өлшемдері қалпына келеді, бауырдың функциональды сынамалар көрсеткіштері қалпына келеді. Науқастардың 5-10%-рінде ауру созылыңқы ағыммен өтеді, ұзақтығы бірнеше айға дейін, клинико-лабораториялық көрсеткіштерінің монотонды динамикасымен жүреді. Мұндай науқастарда ауру көбінесе толық сауығумен аяқталады.
Кейбір науқастарда симптомдардың сөну кезеңінде аурудың өршуі байқалады. Клиникалық және лабораториялық көрсеткіштерінің нашарлауымен сипатталады. Рецидивтер клиникалық сауығу мен функционалды тесттің қалпына келуінен кейін 1-3 ай өткен соң реконвалесценция кезеңінде пайда болады, клинико-биохимиялық өзгерістердің қайталануымен сипатталады. Айтылған асқынулармен қоса өт жолдарының зақымдалу белгілері болуы мүмкін.
- Холестаздық компонентпен типтік сарғаю. Бұл түрінде айқын сарғаю, тері қышуы, өте жоғары билирубинемия, АЛТ көрсеткіштерінің аздап көбеюі, сілтілі фосфатазаның жоғарлауы байқалады. Сарғаю кезеңі ұзақ болады.
- Атипті сарғаюсыз түрі. Жоғарыда айтылған барлық симптомдармен сипатталады, бірақ пигмент алмасуының болмайды.
- Субклиникалық түрі. Клиникалық симптомдары болмағанмен , қанда А вирусты гепатитінің маркерлері және АЛТ жоғарлауы көрінеді.
- Инаппаранттық түрі. Клиникалық биохимиялық белгілерсіз өтеді. Адам ағзасында вирустардың арнайы маркерлері табылады.
90% науқастарда толық жазылу байқалады, қалғандарында гепатофиброз, астеновегетативті синдром, билиарлы жүйенің зақымдалуы байқалады. Га-мен ауырып болған соң Жильбер синдромы көрінуі мүмкін (қан сарысуында бос билирубин деңгейі жоғарлайды, бірақ басқа биохимиялық сынамалар қалыпты).
А вирусты гепатитінің қайталануы және рецидив беруі мүмкін
Диагностикасы.
Диагноз эпидемиологиялық мәліметтер, клиникалық көрсеткіштер және лабораториялық зерттеулер нәтижесіне негізделіп қойылады. Олардың ішінде: гипертрансаминаземия АлАТ активтілігінің нормадан 10-40 және одан да көп есеге жоғарлауымен бірге, сулемалық титрінің төмендеуі, тимол сынамасының жоғарлауы, қан сарысуындағы протеинограммада гаммаглобулин фракциясы құрамының жоғарлауы, гемограмма өзгерістері (нормоцитоз немесе лейкопения, салыстырмалы лимфоцитоз, ЭТЖ баяулауы).
Арнайы иммунохимиялық әдіс ВГА-ны дәләлдеуге мүмкіндік береді – продромальды кезеңде және өршу кезеңінің басында қанда ИФА әдісімен IgM-анти-HAV титрінің жоғарлауын анықтау.
Полимеразды тізбекті реакция – гепатит А-ның РНК вирусты құрамын табу
Продромальды кезеңінде дифференциальды диагностика тұмау, басқа ЖРВИ-мен, энтеровирусты инфекциялармен жүргізіледі. Тұмаудың ВГА-дан айырмашылығы- тұмауға катаральды және токсикалық, бірінші кезекте нейротоксикалық, синдромдардың басым болады, ал функциональды бауыр сынамалары және гепатомегалия тән емес. Бауырдың үлкеюімен бірге жүретін аденовирусты және энтеровирусты инфекцияларда жоғарғы тыныс жолдарында катаральды процестері, миалгиялар айқын
А вирусты гепатитінің емі. Терапевтік шараларда көбінесе жоғары мөлшерде көмірсу бар және аз май мөлшерлі диета (№5-ші диета), аурудың өршу кезеңінде төсектік режим, симптоматикалық ем берумен шектеледі. Негізгі ем нұсқаулары 1-ші кестеде берілген. Реконвалесценция кезеңінде өт айдағыш заттарды тағайындайды, көрсеткіштер бойынша – спазмолитикалық заттарды. Стационардан шыққаннан соң науқастар кемінде 14 күн жұмысқа жарамсыз. Клинико-биохимиялық көрсеткіштер арқылы ары қарайғы жарамсыздық мерзімділігін анықтайды. АлАТ активтілігінің жоғарлауы 2-3 есе және одан да көп болып сақталып тұрса жұмысқа шығуы индивидуальды шешіледі – науқастың мамандығы мен қоғамдық дәрежесіне байланысты.
1.Базистік терапия | 1.Сақтандыру тәртібі
2. Емдік тамақтану (№ 5 диета немесе №5а диета-ортпша ауырлықпен және ауыр дәрежеде жедел фазасында өтетін ауру) |
2. Дезинтоксикациялық терапия | |
2.1Ішектен улы заттарды шығару | Энтеросорбция:
1.целлюлоза заттары: микроцеллюлоза (МКЦ) 3-4 таб күніне 3 рет, полипефан. Лигносорб, ваулен және т.б, 2.ПВП туындылары: энтеродез (энтеросорб) 100 мл-дан 5 г күніне 3 рет. |
2.2 Улы заттарды бүйрек арқылы шығару. | 1.Тәулігіне 2-3 л-дей қосымша сұйықтықты (жемістердің және жидектердің шырыны, минералды су түрінде) пероралды енгізу.
2.Гемодилюция: кристаллоидтардың 3 бөлігі, коллоидтардың 1 бөлігі (диуретиктер мен гормондарды қолдану). |
2.3 Тері арқылы улы заттарды шығару | 1.Терінің күтімі және жылулық (микорциркуляциялық жақсарту, тердің және майдың бөлінуі). |
2.4 Тіндік гипоксияға және липидтердің тотығуына жол бермеу | 1.Антиоксиданттар (эссенциале, Е витамині,С витамині, рутин).
2.Синтетикалық аминоқышқылдарының ерітінділері (полиамин, альвезин, мориамин, аминофузин және т.б). 3.Белокты заттар (тамыр ішіне): альбумин, протеин, плазма 4.Поливитаминдер және микроэлементтер 6.Анаболиктер (стероидтер емес және стероидты) |
4.Некротиздеуді және фиброзирленуді тежеу. | 1.Протеиназалардың ингибиторлары (контрикал, гордокс және т.б).
4.Гормондар |
5.Холестаз көріністеріне жол бермеу | 1. 10 мг/кг/ тәулігіне дозасында урсодезоксихоль қышқылының препараты (урофальк) немесе хено және тауродезоксихоль қышқылдары (хенофальк, таурофальк).
2.Өт қышқылдарының адсорбенттері (холестирамин, билигнин) немесе энтеросорбенттер (полифепан және т.б) 3. Өттік криздің пайда болуынан кейін-гидорхолеретиктер және т.б өт айдаушы заттар, тюбаждар. |
6.Гемостаз коррекциясы | Коагулогрмма көрсеткіштеріне сәйкес. |
Стратегия | Тактика |
7.Антивирусты терапия | |
7.1 Вирусқа қарсы заттар | 1.Рибаверин (интерферонмен немесе интерферон индукторларымен бірге)- құрамында РНҚ бар вирустармен шақырылған гепатиттер кезінде 0,2-0,4 г 3-4 рет тәулігіне (10 мг/кг/ тәу).вирусты гепатит С кезінде препататтар аурудың бініші күнінен бастап, 3 айға дейін тағайындалады.
2. Азидотимидин (интерферонмен немесе интерферон индукторларымен бірге) мөлшері 0,4-0,8 г тәулігіне – вирусты гепатит В, холестаздың айқын емес көріністерінде. 3.Ламивудин (интерферонмен немесе интерферон индукторларымен бірге) 0,1-0,3 г/тәул мөлшерінде -вирусты гепатит В, холестаздың айқын емес көріністерінде. 4.Криксиван (индинавир) 1,2-2,4 г/тәул мөлшерінде интерферонмен немесе интерферон индукторларымен бірге вирусты гепатит В, холестаздың айқын емес көріністерінде. 5.Өсімдік препараттары. |
7.2 Иммуноглобулиндер (тамыр ішіне енгізуге арналған) | 1.Гипериммунды: гепатит және т.б.
2.Полиспецификалық: октагам, сандоглобулин және т.б. |
8.Иммунитетке бағытталған терапия | 1.Фульминантты гепатиттың гипериммунды типінде – глюкокортикостероидтар. Сандиммун (циклоспорин А) басқа иммунодепрессанттар.
2. Фульминантты гепатиттың иммунотолерантты типінде – интерферон 10 млн/тәул вирусқа қарсы препараттармен бірге. 3.Гепатиттің прогредиентті ағымында – 3-4 апта интерферон (бірінші 3 күн 3 млн ЕД/тәул, содан кейін әрбір күннен кейін) вирусқа қарсы препараттармен бірге. 4.Гепатиттің созылмалы ағымында – интерферон индукторлары (неовир, циклоферон және т.б.) вирусқа қарсы препараттармен бірге. 5. Гепатиттің созылмалы ағымында және иммунограмманың көрсеткіштері және интерферонды статустың болуында – иммунокорригирлеуші заттарды қолдану. 6. Полиспецификалық тамыр ішілік иммуноглобулиндер 0,4-0,8 г/кг мөлшерінде. |
9.Биокорригирлеуші терапия | Биопрепараттар жіне ішектің ph-ын өзгертетін заттар: бифидум және лактобактериялар, энтерол-250, лактулоза. |
ГА реконвалесценттері диспансеррлік бақылауға алынады: жеңіл дәрежеде 1 ай ішінде, содан кейін қалдық көріністері жоқ болса бақылаудан алынады; орташа жіне ауыр дәрежеде 3 айға бақылауға алынады, егер қажет болса, сауығуға дейін бақыланады.
Алдын алу.Басқа ішек инфекцияларындағы сияқты санитарлық- гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралар жүргізіледі.Таза су және таза тағам денсаулықтың кепілі болып табылады.Су құбырындағы суды вирусты ластануға тексеру қажет.
- Тұрғындар арасында санитарлық мәдениетті жақсарту.
- Гепатит А-мен ауыратын адамдармен қарым-қатынаста болғандарды 35 күн бақылаймыз.
- Қарым-қатынаста болған балаларға жүкті әйелдерге эпид көрсеткіштеріне байланысты жасына сәйкес (1 жастан 6 жасқа дейін – 0,75 мл, 7-10 жаста – 1,5 мл, 10 жаста – 3,0 мл) дозасында донарлық иммуноглобулин енгізіледі.
Жазған: Еркебулан Молдаханов
Семей мемлекеттік медицина университетінің 6 курс интерн дәрігері
Достарыңмен әлеуметтік желіде бөліс
Сайт бойынша іздеу
Ең үздік материалдар
РЕКЛАМА
Вирусты гепатит А (Боткин ауруы) – бауырдың өткір инфекциясы, жақсы, гепатоцит некрозымен бірге жүреді. Вирусты гепатит А ішек инфекцияларына жатады, себебі ол фекальды-ауызды инфекция механизмі бар. А вирустық гепатитінің клиникалық курсында сарқырама және сарғаю кезеңдері бөлінеді, сондай-ақ емдеу. Диагностика қанның биохимиялық талдауы бойынша жүргізіледі, RIA және IFA нәтижелері. А вирустық гепатитімен науқастарды жатқызу тек ауыр жағдайларда қажет. Амбулаториялық емдеу диета мен симптоматикалық терапияны қамтиды.
Вирусты гепатит А
Вирусты гепатит А (Боткин ауруы) – бауырдың өткір инфекциясы, жақсы, гепатоцит некрозымен бірге жүреді. Боткина ауруы вирустық гепатитке жатады, фекальдік-ауызша механизм арқылы берілетін, және ең таралған ішек инфекцияларының бірі болып табылады.
Патогеннің сипаттамасы
Гепатит вирусы гепатовирус түріне жатады, оның геномын РНҚ ұсынылған. Вирус қоршаған ортаға төзімді, бірнеше ай бойы 4-ке дейін сақталады °Жылдармен және жылдармен — -20 °С. Бөлме температурасында бірнеше апта бойы өміршең болады, 5 минуттан кейін қайнап өледі. Ультракүлгін сәулелер вирустың бір минуттық айналымын бұзады. Қоздырғыш агент хлорлы суда оның өміршеңдігін сумен жабдықтау жүйесінен біраз уақыт сақтай алады.
А гепатиті фекальды-ауыз механизмі арқылы ең алдымен су және тамақтану арқылы беріледі. Кейбір жағдайларда, тұрмыстық заттармен ластану үй тұрмысын пайдалану кезінде мүмкін болады, ыдыс-аяқ. Вирустық гепатит А ауруының пайда болуы су тасқынының инфекциясын енгізу кезінде әдетте вирус мемлекеттік су қоймаларына кіргенде орын алады, тамақ өнімдері ластанған көкөністер мен жемістерді жеу кезінде мүмкін, сондай-ақ шикі құмыра, жұқтырған тоғандарда өмір сүреді. Байланыс-күнделікті жолды енгізу балалар топтары үшін тән, онда санитарлық-гигиеналық режимге жеткілікті көңіл бөлінбейді.
Адамдарда гепатит А вирусына табиғи сезімталдық жоғары, ең үлкен – бала алдындағы жастағы балаларда, инфекциядан кейінгі иммунитет шиеленісі (субклиниялық инфекциядан кейін біршама төменгі кернеу тән) және ұзақ. Вирусты гепатит А инфекциясы балалар топтарында жиі кездеседі. Ересектер арасында тәуекел тобына мектепке дейінгі және мектеп оқушыларына арналған асүй қызметкерлері кіреді, сондай-ақ медициналық және санаторлық-курорттық мекемелер, тамақ өңдеу зауыттары. Дәрігерлер мен гомосексуалдар арасында жұқпалы аурулардың ұжымдық таралуы жиі кездеседі.
А вирустық гепатитінің белгілері
А вирустық гепатитінің инкубациялық кезеңі 3-4 апта, аурудың басталуы әдетте өткір, ағым кезеңдердің дәйектілігі арқылы сипатталады: медузы, ижарика және емдеу. Дожелтушный (продромальды) кезең әртүрлі клиникалық нұсқаларда орын алады: қызбайтын, диспепсиясы, астеновецтерия.
Қызу (тұмауға ұқсас) Курстың нұсқасы безгектің және интоксикацияның белгілері күрт дамуымен сипатталады (Жалпы интоксикация синдромының ауырлық дәрежесі ауырлық дәрежесіне байланысты). Науқастар жалпы әлсіздікке шағымданады, мальгия, бас ауыруы, құрғақ жөтел, жұлдыру, ринит. Катараль белгілері қалыпты, Тамақтың қызаруы әдетте белгісіз, Мүмкін олардың диспепсиямен үйлесуі мүмкін (айнуы, аппетит жоғалту, кесіп тастау).
Диспепсиялық курс қатерлі ісік белгілерімен бірге жүрмейді, интоксикация аз. Пациенттер негізінен ас қорыту бұзылыстарына шағымданады, айнуы, құсу, аузында ащы ауру, кесіп тастау. Жиі дұрыс гипохондрияда орташа мөлшерде ауырсыну байқалды, эпигастрий. Ішектің бұзылуы болуы мүмкін (диарея, іш қату, олардың ауысуы).
Dozheltushny кезең, Астеновацетативті нұсқа бойынша жалғастыру өте нақты емес. Ауру жалаңаш, апатетикалық, жалпы әлсіздікке шағымданады, ұйқының бұзылуынан зардап шегеді. Кейбір жағдайларда продромды белгілер байқалмайды (жасырын детальщик кезеңі), ауру дереу сарғаюдан басталады. Егер, егер бірнеше клиникалық синдромның белгілері болса, желе кезеңінің аралас нұсқасы туралы әңгімелеп беріңіз. Инфекцияның осы фазасының ұзақтығы екіден он күнге дейін болуы мүмкін, орташа алғанда, әдетте продромдық кезең бір апта алады, біртіндеп келесі кезеңге көшу – сарғаю.
А вирустық гепатиттің итерлік кезеңінде маскүнемдік белгілерінің жоғалуы сипатталады, құлдырауы, науқастардың жалпы жағдайын жақсарту. Диспепсиялық симптомдар, ереже бойынша, сақталған және ауырлатады. Сарысуы біртіндеп дамып келеді. Зәрдің қараңғы болуын бірінші ескеріңіз, склера сарғыш болып қалады, шырышты қабықша тілдің шырышты қабығының және жұмсақ дәмдеуіштің. Болашақта тері сарыға айналады, қарқынды шафран көлеңкесіне ие болады (бауыр сарғаюы). Аурудың ауырлығы терінің бояуы қарқындылығымен байланысты болуы мүмкін, бірақ диспепсиялық және интоксикация белгілеріне назар аудару керек.
Қуатты гепатитпен геморрагиялық синдром белгілері пайда болуы мүмкін (petechiae, шырышты қабықтардағы және терідегі қан кетулер, мұрын қабықтары). Физикалық сараптама кезінде тілде сарғыш жабын байқалады, тістері. Бауыр ұлғайған, пальпацияға ауыр тиеді, Іштің үштен бірінде көкбауырдың өсуі байқалады. Импульс біршама қысқарады (брадикардия), төмен қан қысымы. Емделушілер аурудың ішіндегі толық өзгеруіне дейін жарқырайды. Диспепсиялық бұзылулардан басқа, пациенттер астеновегетативті белгілерге шағымдана алады.
Итерация кезеңінің ұзақтығы әдетте бір айдан аспайды, орташа 2 апта., содан кейін қалпына келтіру кезеңі басталады: сарғаюдың клиникалық және зертханалық белгілерінің біртіндеп регрессиясы бар, интоксикация, қалыпты бауыр мөлшері. Бұл фаза өте ұзақ болуы мүмкін, қалпына келтіру кезеңінің ұзақтығы әдетте 3-6 айға жетеді. А вирустық гепатитінің барысы негізінен жұмсақ немесе қалыпты, бірақ сирек жағдайларда аурудың ауыр формалары орын алады. Процестің және вирустық тасымалдаушының хронизациясы бұл инфекцияға тән емес.
А вирустық гепатитінің асқынуы
А вирустық гепатит әдетте өршуіне бейім емес. Сирек жағдайларда инфекция билиарлы жүйеде қабыну процестерін тудыруы мүмкін (холангит, холецистит, өт қабығы және өт қабығы). Кейде А гепатиті қайталама инфекциямен қоса күрделене түседі. Бауырдың ауыр асқынуы (өткір бауыр энцефалопатиясы) өте сирек.
А вирустық гепатитін диагностикалау
Қанның жалпы талдауында лейкоциттердің концентрациясының төмендеуі байқалады, лимфоцитоз, ESR ұлғайды. Биохимиялық талдау аминотрансфераза белсенділігінің күрт өсуін көрсетеді, билирубинемия (негізінен билирубинмен байланысты), альбуминнің мазмұны төмен, төмен протромбин индексі, субмимализация және төмендету тимол үлгілерін ұлғайту.
Ерекше диагноз серологиялық әдістер негізінде жүргізіледі (антиденелер ELISA және RIA арқылы анықталады). Итерия кезеңінде Ig M өсімі байқалады, және қалпына келтіруде – IgG. Ең дәл және нақты диагноз – PCR арқылы қандағы вирустық РНҚ анықтау. Патогенді және вирусологиялық зерттеулерді оқшаулау мүмкін, бірақ жалпы клиникалық тәжірибенің күрделілігіне байланысты орынсыз.
А вирустық гепатитін емдеу
Боткин ауруы амбулаториялық негізде емделуі мүмкін, ауруханаға жатқызу қатал жағдайларда жүргізіледі, және де — эпидемиологиялық көрсеткіштер үшін. Қатерлі уыттылық кезеңінде науқастар төсек демалысын тағайындайды, диета №5 (гепатиттің өткір бағамы үшін нұсқада), дәрумен терапиясы. Фракциялық күш, майлы тағамдардан шығарылды, өнімдер, өт шығаруды ынталандыру, диетаның сүт және көкөніс компоненттері көтермеленеді.
Алкогольді толығымен жою қажет. Этиотропты терапия бұл ауру үшін дамымаған, терапевтік шаралар кешені патогенетикалық түзетуді және белгілерді жеңілдетуге бағытталған. Детоксикация мақсатында көп сусын тағайындалады, қажет болған жағдайда кристаллоидты ерітінділердің инфузиясы. Асқорытуды қалыпқа келтіру және ішек нормациозын сақтау үшін лактулозды препараттар тағайындайды. Antispasmodics холестазаның алдын алу үшін қолданылады. Қажет болған жағдайда УДКА препараттарын тағайындаңыз (ursodeoxycholic қышқылы). Клиникалық сауығудан кейін науқастар гастроэнтерологта тағы 3-6 ай бойы бақыланады.
Көптеген жағдайларда болжамдар қолайлы. Жүрек жолдарының асқынуымен емдеу кешіктіріледі, алайда жалған терапиямен байланысты болжамдар күшейтілмейді.
А вирустық гепатитінің алдын алу
Жалпы профилактикалық шаралар ауыз су көздерін сапалы тазартуды қамтамасыз етуге бағытталған, ағынды суларды бақылау, қоғамдық тамақтандыру мекемелеріндегі режимге қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар, Балалар мен медициналық мекемелердің тамақтандыру мекемелерінде. Өндірісті эпидемиологиялық бақылау жүргізіледі, сақтау арқылы, азық-түлік тасымалдау, А вирустық гепатитінің ауруының кезінде ұйымдастырылған топтарда (балалар сияқты, және ересектер) тиісті карантиндік шараларды жүзеге асырады. Пациенттер екі апта бойы оқшауланады, олардың Ісіну кезеңінің бірінші аптасынан кейінгі зақымдануы сирек. Клиникалық сауықтырудың басталуына байланысты оқу және жұмысқа қабылдау. Байланысқан тұлғалар байланысқан сәттен бастап 35 күн бойы бақыланады. Осы уақытта балалар топтарында карантин тағайындалды. Инфекция көздеріне қажетті дезинфекциялау шаралары қабылданады.
Гепатит А-ға 1 жастағы және ересектерге арналған вакцинация ұсынылады, аймаққа кету, вирустық гепатит А үшін қауіпті.
Вирусты гепатиттер А, Е.
Вирусты гепатиттер энтеральді және парентеральді механизммен жүретін, интоксикация синдромымен сарғаюмен көрінетін, бауыр зақымдалу синдромымен сипатталатын жұқпалы ауру. Вирусты гепаттиттер энтеральді және парентеральді болып бөлінеді. Энтеральді: вирусты гепатит А және Е жатады. Парентеральді: вирусты гепатит В, С,Д соңғы кездері F, G және тағы басқалары анықталған.
Вирусты гепатит "А" - эпидемиялық гепатит фекальді және оральді механизммен жұғатын, интоксикация және холезтаз көріністерімен өтетін, бауыр зақымдану синдромымен сипатталатын жедел вирусты жұқпа.
Этиологиясы: Қоздырғыш энтеровирус тобына жататын көлемі 28-30 нм, 1 жіпті РНК-сы бар өтте, зәрде, қанда, қан сары суында кездеседі. Сыртқы ортада төзімді. Қалыпты бөлме температурасында бірнеше ай 4 *С жылдап тіршілігін сақтайды. Қайнатқанда, вирус 5 минут ішінде өледі. Формалин және ультрофиолет сәулесіне сезімтал.
Эпидемиологиясы: Антропонозды ішек жұқпасы инфекция көзі ауру адам. Жұғу механизмі: фекальді, оральді. Жұғу жолдары: су, тағам, тұрмыстық қарым-қатынас. Сезімтал ағза: адам. Иммунитеті төмен адамның сезімталдығы өте жоғары. Жиі 4-5 жас арасындағы балалар ауырады. Маусымдылығы: қыс, күз айлары. Вирус тасымалдаушы, созылмалы түрлері жоқ. Ауру аяқталғаннан кейін тұрақты иммунитет түзіледі. 1 жас дейінгі балалар ауырмайды. Себебі: Анадан ұрыққа беретін пассивті иммунитет қорғайды. 40 жастан жоғары ересектер ауырмайды. Себебі: Өмір сүру барысында иммунитет қалыптасады.
Патогенез: Вирус ас қорыту жолына түсіп, лимфа түйіндерінде көбейеді, қанға өтеді, вирус емианы шақырады. Гематогенді жолмен бауырға шөгеді, гепатоциттерге еніп, қабыну процесінің нәтижесінде клеткалардың қабырғасын ыдыратады, АЛТ, АСТ ферменттерін, темір, В-12 витаминінің қанда мөлшері көбейеді. Сондықтан гиперферемия, гиперферментемия, гиперцианокоболаминемия, цитолиз синдромының көрсеткіші болып саналады. Бауыр клеткасының ісіну нәтижесінде өт жолдарын қысылады, регургитация механизмімен өт қанға түседі - холестаз синдромы (шырышты қабаттардың, терінің сарғаюы, зәрдің қараюы, нәжістің ағаруы байқалады). Биохимиялық зерттеу жалпы билирубин көрсеткіштері, байланысқан билирубиннің есебінен жоғарылайды, сонымен қатар ГГТП және сілтілі фосфотаза ферментінің дәрежесі жоғарылайды. Бауыр ісінуі - ақуыздардың алмасуының бұзылуына алып келеді. Ол "Тимол" сынамасының өсуімен көрінеді. Вирусты гепатит патогенезінде мезенхималды қабыну -гепатоспленомегалия. Кейбір жағдайларда тромбоцитопения, қанның ұю факторының төмендеуі нәтижесінде - геморрагиялық синдром дамуы мүмкін. (қызыл иектен қан ағу, мұрыннан қан кету, геморрагиялық қан кету). Интоксикация синдромы- бауыр клеткаларының некрозға ұшырау салдарынан болады. Вирустар токсин бөлмейді. ОЖЖ вирусты гепатиттердің Т және В лимфоциттер белсенділігі артып, вирусты фагоцитоз процесіне ұшыратады. Сондықтан клиникада сарғаю пайда болғаннан кейін науқастың жағдайы жақсарады.
Клиникасы: инкубациялық кезең 7-50 күн, орташа 15-30 күн. Жұқпалы процесс көп жағдайда субклиникалық жеңіл немесе жеңіл сарғаюсыз жүреді. Вирусты гепатит А кезеңділікпен сипатталады: продромальді, өршу және сарғаю кезеңінен тұрады. Ол көбінесе манифесті ағым: Сарғаю алды, сарғаю, сауығу кезеңіне сәйкес. Ауру жедел басталады. Продромальді кезеңі 4 нұсқадан тұрады:
1. Диспепсиялық (жүрек айну, тәбетінің төмендеуі, құсу, оң жақ қабырғасының ауру сезімі, кейде диариямен байқалады).
2. Тұмау тәрізді нұсқасы (қалтырау, бас ауруы, температура 38-39*С көтерілуі, миалгия, жеңіл катарьлі белгілер).
3. Астеновегатативті нұсқасы (әлсіздік, жұмысқа қабілетінің төмендеуі, тершеңдік, артериалдық гипотония, ұйқының бұзылуы).
4. Аралас нұсқасы бұл жиі кездеседі.
Өршу кезеңі: шырышты қабаттар мен терінің сарғаюымен, зәр қараюы, нәжіс ағаруымен, гепатомегалиямен сипатталады. Және интоксикация синдромы болуы мүмкін. Сарғаю пайдан болғаннан кейін интоксикация синдромы бәсеңдейді, науқастың жағдайы жақсарады, тәбеті жақсарады, температурасы қалыпты санға келеді, әлсіздік жойылады. Науқас тек сарғаю белгілеріне шағымданады.
Сарғаю процесі: 4-5 күн жүреді, біртіндеп ең бірінші нәжіс қалыпты түске боялады, одан кейін зәр ағарады.
Сауығу кезеңі: науқастың жағдайы тез жақсарады. Гепатомегалия, шаршағыштық 1-3 айға дейін сақталуы мүмкін.
Ауру ағымы: жеңіл, орташа дәрежеде өтеді. Асқыну өте сирек, созымалы түрі вирусты тасымалдаушылық болмайды. Вирусты гепатит А-ның жеңіл ағымы 65-70%, орташа ағымы 25-30%, ауры ағымы 2-3 %-да өтеді.
Вирусты гепатит А сарғаюсыз түрі: жиі балаларда кездеседі, ерекше клиникалық белгілері болмайды, температура уақытша көтеріледі, тәбеті төмендейді, жүрегі айну кейде құсу, оң жақ қабырғаның асты немесе асқазан аймағында ауырлық сезімі болады. Гепатоспленомегалия байқалады. Ауру жеңіл түрде өтеді. Ұзақтылығы 2-3 апта. Гепатомегалия балаларда продромальді кезеңде пайда болады. Ал, ересектерде сауығу кезеңінде пайда болады.\
Вирусты гепатит А-ның асқынуы:
- Вирусты гепатит А-ның ауыр түрі 0,01-0,5 % жағдайда кездеседі, "жедел бауыр жетіспеушілігімен" өтеді. Кейде фульминатты найзағай тәріздес гепатит, көбінесе вирусты гепатит В кездеседі.
Асқынулары: жедел бауыр энцефалопатиясы. Бұл вирусты гепатиттің ең қауіпті асқынуы. Оның негізінде гепатоциттердің некрозы жатыр. Жедел бауыр энцефалопатиясы кезінде бауырдың детоксикациялық қызметі төмендейді, ақуыз, май, көмірсу алмасу бұзылысының себебінен қанда метаболиттік өнімдер жиналады: Кетон, ацетон, финолдар, меркаптондар, май қышқылдары және т.б. Аталған метаболиттер микроцеркулияға токсикалық әсерін тигізеді - гемостаз жүйесін бұзады. Бұл процестің нәтижесінде таза бауыр жетіспеушілігімен - гепатоцеребральді жетіспеушілікке көшеді.
Диагностикасы: биохимиялық анализде жалпы билирубиннің байланысқан билирубиннің есебінен жоғарылағанын байқаймыз. АЛТ, АСТ ферменттерінің жоғарылау көрсеткіші - бауыр клеткаларының ыдырауы неше есе екені көрсетіледі. Бұл көрсеткіштің жоғарылауы цитолиз синдромы деп аталады. Тимол сынамасыны жоғарылауы, сулема сынамасының төмендеуі - мезенхималды қабыну синдромының көрсеткіштері. ИФА-вирусты гепатиті жүргізгендей анти - НАV - ІgМ пайда болады. ПЦР- вирусты гепатит А-ның РНК - сы анықталады.
Емі: тек қана ауру жеңіл және орташа түрі амбулаторлы емделеді. Үй жағдайында оқшауланады. Қызба уақытында төсектік тәртіп. Басқа кезеңінде жартылай тәртіп. Бұл тәртіпті сақтау мақсаты бауырға физикалық күш түсірмеу (спортпен, биге, бассейнге, 3 кг-нан жоғару көтеруге болмайды, краска иісі химиялық иісі бар жерлерде болмуы керек). Емдәм № 5, майлы, тұзды, ащы, қышқылдық тағамдарды жеуге, алкогольді қолдануға болмайды.
1. десинтоксикациялық терапия (ерітінділер пер ос, парентеральді, дисоль, полюглюкин, глюкоза т.б.).
2. гепатопротекторлар ( гептрал, гепармертц, урсасан, гепобене, гипатиль т.б.).
3. нәжіс қалыпты түске боялғаннан бастап, өт айдау мақсатпен 10 пайыздық магний сульфат, холосас, хофиктол т.б. өт айдайтын препараттар пайдаланамыз.
4. ферментативті препараттар - панзинорм, креон, панкрин, мезим форте т.б.
5. жедел бауыр энцефалопатиясының алдын алу мақсатында дюфалак пайдаланылады.
6. спазмолитектер - ношпа.
Профилактикасы: Гепатит ауруы адамнан жұғып, су немесе тағам арқылы берілуі мүмкін. Міне сондықтан, халықтың сумен жабдықталуы сапасыз ұйымдастырылған, ауыз суы нашар немесе сумен байланысты апаттар, мысалы су басқан елдерде А және Е гептитінің эпидемиялары жиі пайда болады. А және Е гепатитін кір қолдар ауруы деп атайды. Жеке гигиенанаң қарапайым ережелерін орындамау, жуылмаған азық түлік, сапасы нашар, ауру жұқтырылған су аурудың себептері болып табылады.
Жергілікті санитарлық – гигиеналық жағдайларды жақсартуға бағытталған шаралар жүргізілуі керек. Ең тиімді әдіс вакцинация. Келесі биопрепараттар қолданылады:
1. тірі аттенурленген (Қытайда сертифицирленген);
2. инактивирленген виросомды вакцина (Швейцарияды сертифицирленген).
Вакцинация тиімді әсер береді. 1 рет бұлшық етке салған кезде 90-100% тиімділікті көрсетеді, ал 6-12 айдан кейін қайталап салынған вакцина ұзақ уақыт 100%-ға дейін тиімді болып саналады. Орташа 10 жылға тиімді.
- гигиена ережелерін сақтау: асқа отырарда және дәретханадан шыққан соң қолды жуу керек.
- жуылмаған жемі-жидек пен көкөніс жемеу
- белгісіз қайнар көздерден су ішпеу
-екпе жасату арқылы аурудың алдын алу.
1967 жылы табылған. Гепатовирустың тобына жатады. Оның геномы 2 жіпшелік ДНК молекуласынан қалыптасады. Ішкі – сыртқы қабыршақтармен қосылған сыртқы ортаға өте төзімді. Кәдімгі бөлме температурасында 3 ай бойы сақталады. Тоңазытқышта 6 ай, қатырылған түрде 15-20 жыл бойы.
ВГВ-ң таралуы өте кең. Инфекция көзі болып әр түрлі клиникалық ауруларымен ауырған адам және созылмалы тасымалдаушылар болып табылады. Зақымдану механизмі:
Табиғи және жасанды.
теріні және шырышты қабаттарды зақымдайтын манипуляциялар (операциялар, инъекциялар, эндоскопиялық тексерулер, манипуляциялар, педикюр, татуаж).
жарақаттанған тері қабаттары арқылы. Берілу факторлары:
Тұрмыстық қатынас арқылы да беріледі:
тұрмыстық зат, тіс щеткасы, қырынатын заттар, т.б. ВГВ-ны қабылдау мүмкіндігі өте жоғары. Инфицирлену күші СПИД-ке қарағанда 100 есе көп. ВГВ-мен 12 жасқа дейінгі балалалар және 30 жастан асқан адамдар ауырады. Сырқаттанғаннан кейін ұзақ уақыт иммунитет түзіледі.
ВГВ вирус бауыр паренхиманы, яғни гепатоциттерге тробты болады.
3. клиникалық көрініссіз: а) субклиникалық; б) вирус тасымалдаушылық. Ауырлығы: жеңіл, орташа, ауыр. Инкубациялық кезеңі 40-180 күнге дейін. Сарғаю алдындағы кезеңі 1-2 аптаға дейін созылады. Кейде одан да ұзақ. Бұл кездерде мүмкін болу синдромдар:
- артралгиялық – көбінесе тән;
- сирек түрде болатын латентті кезең.
Сырқат біртіндеп басталады. Әлсіздік, енжарлық, тәбетінің төмендеуі, 2-5 күннен кейін тамақтан соң жүрегі айнып, құсады. Қату не іш өту. Оң жақ қабырға астында ауырлық және ауырсыну сезімі болады. Артралгиялық синдром: сүйек – буындары ауырып, мазалайды. Астеновегетативті синдром: әлсіздік, енжарлық, бас айналу, бас ауыру, ұйқысыздық байқалады. Сарғаю алдындағы кезеңнің аяғында зәр қоңырланып, нәжісі ақ түске айналады, алғашқыда склера, одан кейін теріде сарғаю байқалады. Сарғаю кезеңі 3-4-5 аптаға дейін және одан да ұзақ болуы мүмкін. Интоксикация белгілері үдейді. Сарғаю белгілері де жоғарылайды. Ұйқысының бұзылуы, эйфория, апатия, тітіркену байқалады. Брадикардия, гипотония, бауыр және көкбауырдың үлкеюі тән. Қанның жалпы анализінде: лейкопения, лимфацитоз, ЭТЖ-ң жоғарылауы байқалады. Жазылу кезеңі 12 ай бойы.
1. Жедел бауыр энцефалопатия (бауыр комасы);
2. Ісікті – асциттік синдром.
1. сарысудағы арнайы маркерлерді анықтайтын арнайы тесттер қолданылады;
2. биохимиялық тесттер бауырдың функциясының жағдайын көрсетеді;
3. Hbs антигендерді анықтау.
Міндетті түрде ауруханада емдеу. Комплексті түрде жүргізіледі:
3, парентеральді түрде дезинстоксикациялық ем;
4. белгілеріне байланысты. Ауыр ағымда глюкокортикостеродттар преднизалон 40-60 мг/тәулігіне дейін. Сулы – электролитті бұзылыс балансын қалпына келтіру үшін гипокалоиемия кезінде панангин, аспаркам. Спазмолитикалық препараттар: но-шпа, эуфиллин. Ішектің төменгі резорбциясы болған жағдайда антибиотик неомицин. Егер де холестаз белгілерінің айқын түрінде болған жағдайда урсодеоксихолий қышқылы (уросан, урсофальк) тағайындалады.
Иммунизация – ең тиімді профилактикалық әдіс. 1982 жылы билогиялық препараттар қатарына ВГВ-ге қарсы коммерциялық вакцинаның пайда болуы бұл инфекциямен тиімді күресудің мүмкіншілігін туғызады. Қазақстан Республикасында ВГВ-ға қарсы вакцина салу ұлттық егудің календарлық жоспарлану 1992 жылы енгізілді. ВГВ-ға қарсы вакциянация салынады.
1. жаңа туған нәрестелерге;
2. қанмен жұмыс істейтін медициналық жұмыскерлерге;
3. қан реципиенттерге (гемодиализ, гематология, бүйрек ауыстыру орталығында);
4. медициналық жоғарғы орталықтарында, студенттерге.
ВГВ-ң вакцина профилактикасы құрамында НВ антигені бар антиген вакцинамен жүргізіледі. Бұл вакцинанын бірнеше жерде плазмалы түрде шағырады. Солтүстік жәнк Оңтүстік Корея, Қытай, ал ДНК рекомбинатты вакцинаны Бельгия, Қытай, Куба, Франция, Жапония, Швейцария, АҚШ шығарады. Вакцинация курсы 3 рет бұлшық етке егуден тұрады. Жаңа туған балаларда 1-сі перзентханада туғаннан кейінгі 24 сағат ішінде. 2-сі 8 аптадан кейін (2 айда) АКДС-пен бірге. 3-сі 16 аптадаан кейін (4 ай) АКДС-пен бірге. Жоғарғы жастағы балалар мен ересектерге егу жоспар:
2. алғашқы егуден кейін 2 айдан соң;
3. алғашқы егуден кейін 6 айдан соң.
ВГВ-ға қарсы вакцинаны БЦЖ, АКДС, тірі және әсер еткен поливакциянациямен қызылша және эпидемиялық паротитке қарсы вакцинамен қатар жасауға болады. Тек қана 1 шприцке басқа вакциналарды араластыруға болмайды
Читайте также: