?азіргі заман тарихы шпор
Оқу жылына арналған ТАРИХ бойынша ГОС ЭКЗАМЕН жауаптары
Рметті оқырман . Бұл жауаптарды дайындаған 105 АБ группа студенттері.
Нұрбибі 1-11-сұрақтар,Ақсауле 12-22-сүрақтар,Ақтілек 23-33-сұрақтар,Айзат 34-44-сұрақтар,Айман 45-55-сұрақтар,Ерболат 56-66-сұрақтар,Мадина 67-77-сұрақтар,Нұргелді 78-88-сұрақтар,Дәулет 89-99-сұрақтар,Назерке 100-110-сұрақтар,Гүлдана 111-120-сұрақтар,Бану 121-130-сұрақтар,Гүлден 131-140-сұрақтар,Биназир 141-150-сұрақтар,Фариза 151-160-сұрақтар,Данияр 161-170-сұрақтар,Гүлшара 171-179-сұрақтар.
ГОС экзамен жауатаптарын естеріңізде сақтауға және ШПОР ретінде қолдануға сіздерге жақсы көңіл-күй тілейміз .ШЫН ЖҮРЕКТЕН.
· Қазақстанның қазіргі заманғы тарихи мәні:
Қазақстан аумағындағы ХХ ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейін орын алған тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, фактілерді, үрдістерді, тарихи заңдар мен заңдылықтарды аша отырып, оларды тығыз байланыста тұтас қарастыратын пән.
- Отандық тарихтағы негізгі оқиғалардың мазмұны туралы ғылыми дәлелденген фактілер негізінде міндетті толық білім қалыптастыру
- Тарихи- мәдени дамудың үздіксіздігі мен сабақтастығын дәлелді көрсету, рухани мұрагерліктің терең тамырларын ашып өту
- Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттілігі мен ұлттық қауіпсіздігін қалыптастыратын стратегиялық міндеттерге бағытталған тарихи білімнің теориялық және әдістемелік негізін қалыптастыру;
- Қазақ халқының этногенез мәселесін, Қазақстан аумағындағы мемлекеттілік пен өркениеттер түрлері эволюциясын, аса маңызды тарихи фактілер мен оқиғалар жиынтығын жан-жақты қарастыру.
Азіргі Қазақстан тарихы әлемдік-тарих кеңістігінде
1. Дүниежүзілік ядролық қаруды тоқтату жөнінде ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы. Ядролық қаруды таратпау жөнінде бас Штабпәтерді Мәскеуден Астанаға көшіруі.
2.1992ж. наурыз айынан БҰҰ мүше болды БҰҰ ҚР президенті Н.Назарбаевтың экстремизм мен терроризмге қарсы күресу жөнінде Дүниежүзілік БҰҰ жолынан қоғамдық күрес құрып оған Дүниежүзінің бюджетінің 1 пайыз аудару ұсынысы. БҰҰ ның штаб пәтерін Қазақстанға көшіру.
3. Уранды бейбітшілік мақсатқа қолдану жөнінде байытылған уранның банкісі Қазақстанда сақтау жөніндегі ұсынысы.
4. Экономикалық санкцияларды бір мемлекеттен екінші мемлекетке қолданбау жөніндегі саясатпен экономикалық ара жігін ажырату жөніндегі ұсыныс.
5. ДҮниежүзілік қаржы саясатын өзгерту туралы ұсыныс.
6.Ұлы Жібек жолын жаңарту арқылы Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожолын тез арада бітіріп, дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан шығу туралы ұсыныс.
7. Климаттың өзгеруіне байланысты Париж келісіміне қол қоюы.
8.Дүниежүзілік жасыл экономикаға көшу жөніндегі және балама энергияларды салу жөніндегі экспо – 2017 көрмесін өткізуді қолға алуы.
9. Еуропадағы ықпалдастық іс – қимыл шаралар жөніндегі парламенттік ұйымына төрағалық етуі.
10. Шанхай Ынтымақтастық ұйымын құру жөніндегі бастамасы және оны іске асыруы.
11. Дүниежүзілік діндердің 1,2,3 съездерін Қазақстанда өткізуі.
12. Индия мен Пакистанды, Армения мен Азербайджанды, Ресей мен Турцияны бір үстел басына отырғызып, арасы үзілмейтін етіп жалғаған. ҚР Дүниежүзіндегі тарихта алатын орнын көрсетеді.
азақстанның қазіргі заманғы тарихының кезеңделуі. Қазіргі заманғы тарихты оқытудың негізгі әдістері
Кешегі Кеңестік республиканың қулауы мен орын алған Қазақстандағы ұлттық қатнастардағы түбірлі өзгерістер ҚР азаматтарының ұлттық,әлеуметтік-саяси бірегейлік сана –сезімдерінде дағдарыс нышандарын тереңдете түскені белгілі.КСРО ыдырағаннан соң көптеген ұлттар қазақ жерлеріне әкелінді.Олармен бірге өмр сүріп келе жатқанымызға қазірде 100 жыл болды.Қазақстанда 150дей ұлттар болса ,олардың басым бөлігі түркі халықтары(қазақ,өзбек,тәжік,қырғыз,түрік т.б.).
Біздің еліміздің ерекшелігін айта келе ,Н.Назарбаев бірегейлік мәселені екі деңгей тұрғысынан шешу қажет дейді.
Екінші деңгейі қазақстандық және шетелдік қазақтардың ұлттық бірегейлігімен тығыз байланысты. Осы жерде қазақ ұлтының ішкі ұлттық бірегейленуі мәселесі шеше отырып, бірегейленудің алғашқы деңгейі – қазақ халқының азаматтық және саяси топтасуы мәселесін әсте естен шығаруға болмайды. Олар өзара тәуелді байланысты.
Қазірде ҚР қанша ұлт өкілдері бар, бірақ әр ұлттың тілі, сенімі бөлек болғанымен, оларға ортақ нәрсе бұл – туған жер. Сол үшін бір үйдің баласындай өмір сүріп жатырмыз.
Топ-объявления Посмотреть все
2 000 тг.
Алматы, Медеуский район Вчера 13:26
1 500 тг.
Шымкент, Аль-Фарабийский район Вчера 14:22
Обычные объявления
Найдено 24 объявлений
Найдено 24 объявлений
Хотите продавать быстрее? Узнать как
1 500 тг.
Шымкент, Аль-Фарабийский район Вчера 14:22
2 000 тг.
Алматы, Медеуский район Вчера 13:26
2 000 тг.
2 500 тг.
2 500 тг.
800 тг.
1 000 тг.
1 000 тг.
Нур-Султан (Астана), Алматинский район 27 июнь
1 000 тг.
Нур-Султан (Астана), Алматинский район 27 июнь
2 000 тг.
Нур-Султан (Астана), Есильский район 26 июнь
2 000 тг.
500 тг.
300 тг.
1 500 тг.
Шымкент, Абайский район 25 июнь
2 000 тг.
Шымкент, Абайский район 25 июнь
2 000 тг.
Шымкент, Абайский район 25 июнь
2 000 тг.
300 тг.
3 500 тг.
1 800 тг.
Шымкент, Абайский район 23 июнь
989 тг.
1 500 тг.
Нур-Султан (Астана), Есильский район 2 июнь
1 500 тг.
Кокшетау, Боровской 2 июнь
1 500 тг.
Караганда, Казыбекбийский район 1 июнь
- шпоры ент в рубрике Книги / журналы
- шпоры ент в рубрике Хобби, отдых и спорт
- Недавно просмотренные
- Избранные объявления ( 0 )
- Избранные результаты поиска ( 0 )
Однако вы можете найти похожие объявления в этой категории.
- Главные рубрики OLX
- Рубрики в разделе "Хобби, отдых и спорт"
- Восточно-Казахстанская область (6)
- Жамбылская область (2)
- Туркестанская область (5)
- Актюбинская область (1)
- Акмолинская область (5)
- Костанайская область (1)
- Карагандинская область (2)
- Алматинская область (2)
Книги и журналы
Товары для школьников:
- роликовые коньки для девочек
- купить сороконожки для футбола
- игра настольная купить
- купить гантели онлайн
- цена горных велосипедов
- автоматические палатки купить
- палатки на заказ
- все для рыболова
- настольная монополия купить
- настольные игры в казахстане
- купить snowboard
- горные лыж
- лыжи подростковые цена
- купить профессиональную ракетку для настольного тенниса
- купить ракетки
- сколько стоит хоккейная клюшка
- футбольная футболка
- купить бутсы найк
- бутсы купить адидас
- купить боксерские груши
- домашние силовые тренажеры
- питание купить
- заказать спортивный инвентарь
- Как продавать и покупать?
- Правила безопасности
- Карта сайта
- Карта регионов
- Популярные запросы в Хобби, отдых и спорт
- Работа в OLX
Бесплатное приложение для твоего телефона
- OLX.bg
- OLX.pl
- OLX.ro
- OLX.ua
Результаты поиска были добавлены в Избранные
Объявление было добавлено в Избранные
Войдите, чтобы сохранить Наблюдаемые в своей учетной записи
Этот сайт использует cookies. Вы можете изменить настройки cookies в своём браузере. Узнать больше.
Какие преимущества создания учетной записи на OLX?
- Размещение объявлений без подтверждения
- Доступ к пользователям OLX в любое время
- Легкость настройки учетной записи
- Быстрее получайте ответы на объявления
- Получите доступ к истории всех ответов
- Пользуйтесь всеми функциями вашей учётной записи
Входя в раздел Мой профиль, вы принимаете Условия использования сайта
АЛҒЫ СӨЗ
Әлемдік отарлық жүйенің жойылуы, Азия мен Африканың бұрынғы отар және жартылай отар елдерінің метрополиялар арасындағы тамыры тереңге кеткен әлеуметтік-экономикалық, сауда, мәдени байланыстарды жаңа сатыдағы ынтымақтастыққа негізделген қатынастарды қайтадан орнатуды күн тәртібіне қойды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптасқан жаңа әлемдік тәртіптің биполярлы жүйесінің жойылуы салдарынан өзгерістерге ұшырауы ұлан байтақ отарлық иеліктерді иемденген әлемнің жетекші алпауыт мемлекеттерін халықаралық қатынастар жүйесінде көздеген мақсаттарына жету жолында жаңа әдістер мен тәсілдерге жүгінуге мәжбүрледі.
Жаһандану үрдісінің қарқын алуы жағдайында Азия мен Африка елдері арасындағы көп қырлы байланыстардың гуманитарлық, сауда-экономикалық және ғылыми салаларының екі тарапқа да бірдей әділ орнатылуына ұжымдық дипломатия форматында өткізілген бірнеше кезеңдерден тұратын келіссөздер негіз қалап берді.
Тәуелсіздіктерін жеңіп алған Азия мен Африка елдері өздерінің саяси және экономикалық бостандықтарына қолдарын жеткізгенімен егемендіктерінің алғашқы жылдарында үлкен саяси және экономикалық тоқырауға ұшырау қаупі алдында тұрды. Тамыры бірнеше ғасырларға кеткен экономикалық, саяси және мәдени байланыстардың нашарлауы Азия мен Африка елдері және Еуропаның отарлық мемлекеттері үшін нағыз сын болды. Жаңа тәуелсіз мемлекеттердің экономикасында жаппай құлдырау байқалды. Бұл құбылыстың ары қарай жалғаса беруі үлкен гуманитарлық апаттарға ұрыну қаупін тудырды. Азия мен Африканың тәуелсіз мемлекеттері өздерінің саяси құрылысы мен экономикалық даму моделін таңдау алдында тұрды. Бірақ бұл мемлекеттердің басым бөлігі өздерінің болашақтағы тағдырын бұрынғы метрополиялармен байланыстыруды жөн көрді.
Қазіргі кездегі Азия мен Африка елдері әлемнің дамыған елдері арасындағы сан-саланы қамтитын ынтымақтастық байланыстар мен халықаралық қатынастар тәжірибесінде ұжымдық дипломатияның жаңа саласы ретінде көрініс беруде.
Сонымен қатар ххІ ғасырда адамзат басынан кешіріп жатқан кедейшілік, жергілікті немесе аймақтық қақтығыстарға ұласып жатқан тұрақсыздық жағдайлар, демократиялық құндылықтар мен адам құқықтарын қадірлеу сияқты мәселелер Азия мен Африканың бірқатар елдерінде әлі де болса шешімін таппай келеді.
КІРІСПЕ
Бірнеше ғасырлар ширегінде отарлық иеліктер тек қана өз метрополияларының экономикасының сұраныстарын қанағаттандырып келді. Оларда өндірілген ауылшаруашылығы өнімдері метрополиялардың нарықтарында өтімді тауар болды. Тропикалық жемістер, шай, кофе, қант және басқа да азық-түліктерді тұтыну көлемі жағынан Еуропаның отарлық елдері әлемдегі алдыңғы орындарды иемденді. Ал өз кезегінде отарлар метрополиялардан әкелінген өндірістік тауарларды тұтынатын өтім нарқына айналды. Отарлық алпауыт мемлекеттер қарқынды түрде өз иеліктерінің табиғи минералдық шикізат көздерін игеруге кірісе бастады. Бұндай процесс сол заманғы технологиялар мен банктік және өндірістік капиталдың отарлық иеліктерге орныға бастауына алып келді. Отарлық иеліктерде табиғи-минералдық шикізат пен ауылшаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар құрыла бастады. Аталмыш салаларды қаржыландыру метрополиялардың сыртқы экономикалық қызметінің басты бағыттарының біріне айналды. Мемлекеттік және жеке капиталдың ағымын әртүрлі деңгейдегі банкілер реттей бастады. Жоғарыда аталған шараларды жүзеге асыру барысында метрополиялар өз отарлық иеліктерін басқарудың жаңа жүйелерін жетілдіре түсті. Отарлық территориялар мен жергілікті халықтардың құқықтық жағдайларын шектейтін қатаң заңдар қабылданды. Бұл шаралардың барлығы отарлық иеліктерді метрополияға экономикалық және саяси-мәдени жағынан мықтап матастыруына алып келді.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезең тарихта әлемдік отарлық жүйе негізінің әлсіреуімен сипатталады. Еуропалық алпауыт мемлекеттердің отарлық иеліктерінде ұлт-азаттық қозғалыстың жаңа кезеңі басталды.Ұлттық сананың оянуына себеп болған факторлар ретінде соғыс жылдарындағы отарлардың метрополиялар үшін экономикалық, саяси және әскери маңызының артуын атап өтуге болады. Мысалы, Германиядан жеңіліс тапқан Франция қарсыласуын өзінің Солтүстік Африкадағы отарларына ойыстырды. Ал Англия Таяу Шығыс, Орта Шығыс және Африкадағы өзіне тиесілі отарлар мен доминиондарын Германия мен оның одақтастарына қарсы күреске жұмылдыра білді. Екінші дүниежүзілік соғыстан жеңімпаздар ретінде шыққан Англия мен Франция үшін отарлар сарқылмас экономикалық күш-қуат көзі болуымен қатар әскери-саяси маңызы бар территориялар болды. Соғыс кезінде метрополиялар тарапынан отарларға ерекше мән берілу өз кезегінде бұл территорияларда ұлттық сананың қалыптасып дамуына үлкен әсерін тигізді. Атап айтқанда, отарлардан әскер құрамына адамдар алынып қоймай, әскери тапсырысты орындайтын кәсіпорындарға қажетті орта білімі бар мамандарды жергілікті жерде дайындау тәжірибесі кеңінен қолданыла бастады. Бұндай шараларды жүзеге асыру ғасырлар бойы отарларды қатаң басқарып келген әдістерді біршама жұмсартуға өз себін тигізді. Яғни, отар халықтар бірқатар әлеуметтік және экономикалық құқықтарға ие болды. Бұл құқықтар шектеулі болғанымен, саяси құқықтар мен бостандыққа алып келетін қиындығы мен тауқыметі көп сара жолда жасалған алғашқы қадам болды. Тәуелсіздік пен бостандық жолындағы үздіксіз қозғалыстың нәтижесінде отар халықтардың арасында тәуелсіздік пен еркіндікке жетуді мақсат тұтқан саяси күштерге айналуға қабілеті бар белгілі бір деңгейдегі ұйымдар пайда бола бастады.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптасқан жаңа әлемдік тәртіп Англия және Франция сияқты мемлекеттердің пайдасына шешіле қойған жоқ. Олар Орталық, Шығыс және Оңтүстік Шығыс Еуропадағы өз ықпалын жоғалтты. Коммунизм қатері олардың шекараларына тікелей жақындады. Бұндай күрделі жағдай Еуропаның алпауыт отар мемлекеттерінен өздерінің Еуропа мен әлемдегі ықпалы мен беделін сақтау үшін орасан зор саяси қайрат пен ерік-жігерді талап етті. КСРО-ның екінші дүниежүзілік соғыстан кейін беделі мен ықпалының күн санап артуы Азия мен Африканың езілген халықтарына үлкен дем берді. Ұлт-азаттық қозғалыстың танымал көшбасшылары мен идеологтары КСРО-ның саяси жетекшілігі тарапынан ашықтан-ашық қолдауға ие болды. Ұлт-азаттық күрес жолына түскен елдерге кСРО бастаған социалистік лагерь елдері экономикалық, техникалық және қаржылай көмек көрсетуге дайындықтарын білдірді. Бұндай шаралар еуропалық алпауыт отарлық мемлекетерге өздерінің отарлық иеліктерін жоғалту қаупін төндірді. Еуропалық мемлекеттерге екі бағытта бірдей шешімі күрделі мәселелерді реттеуге тура келді. Біріншіден, еуропалық істердегі өздерінің беделін сақтай отырып, жаңа әлемдік тәртіптегі жетекшілік рөлін нығайту болса, екіншіден, отарлық иеліктерін коммунизмнің ықпалынан оқшаулай отырып сақтап қалу міндеті болатын.
Бірінші міндетті шешуде еуропалық интеграцияға үлкен мән берілді. Еуропалық біртектілік идеясының негізінде Термания, Франция, Италия және Бенилюкс елдерінің интеграциялық процеске қарқынды тартылуы, соғыстан кейінгі Еуропада біртұтас экономикалық-шаруашылық аймақтың құрылуына ықпалын тигізді. Бұл ең алдымен Термания мен Франция арасындағы өзара территориялық және экономикалық келіспеушілікті жойды. Интеграциялық процесс барысында пайда болған институттардың эволюциялық дамуы, экономикалық істермен қатар саяси мәселелермен айналысуына қажетті алғышарттарды қалыптастырып берді. Бұл институттар біртіндеп экономикалық, әлеуметтік функциялар мен қатар саяси функцияларды да жинақтай бастады.
Соңғы жарты ғасырдан астам уақыттан бері ұдайы, қарқынды дамып келе жатқан интеграциялық процестер халықаралық деңгейде әскери-саяси және әлеуметтік-экономикалық, ғылымимәдени ынтымақтастық салаларды қамту арқылы тамырын тереңдетіп қана қоймай, өзінің аясына тұтастай аймақтар мен жекелеген жаңа мемлекеттерді тарту арқылы географиялық жағынан ауқымын кеңейтіп келеді. Біртұтас әлемдік экономикалық-шаруашылық жүйені қалыптастыруды ұран етіп көтерген әлемнің жоғары дамыған елдерінің бастамасы қазіргі таңда қарқын алып келе жатқан жаһандану процесінің қайтымсыз заңдылықтарына бағынатындығын көрсетіп отыр. Жаһандану процесінің түпкілікті мақсаты мемлекеттер мен аймақтар арасындағы өмір сүру деңгейі мен әлеуметтік-экономикалық даму алшақтығын жою идеясы болып табылғанымен аталмыш процестің қазіргі таңдағы ұмтылыстары барысында пайда болған қиындықтар мен таласты мәселелердің орын алуы шешімін күтіп отырған көптеген проблемалардың бар екендігінің дәлелі болып табылады.
Тәуелсіздіктерін жеңіп алған Азия және Африка елдері өздерінің саяси және экономикалық бостандықтарына қолдарын жеткізгенімен егемендіктерінің алғашқы жылдарында үлкен саяси және экономиалық тоқырауға ұшырау қаупі алдында тұрды. Тамыры бірнеше ғасырларға кеткен экономикалық, саяси және мәдени байланыстардың нашарлауы Азия және Африка елдері мен Еуропаның отарлық мемлекеттері үшін нағыз сын болды. Жаңа тәуелсіз мемлекеттердің экономикасында жаппай құлдырау байқалды. Бұл құбылыстың ары қарай жалғаса беруі үлкен гуманитарлық апаттарға ұрыну қаупін тудырды. Азия мен Африканың тәуелсіз мемлекеттері өздерінің саяси құрылысы мен экономикалық даму моделін таңдау алдында тұрды. Бірақ бұл мемлекеттердің басым бөлігі өздерінің болашақтағы тағдырын бұрынғы метрополиялармен байланыстыруды жөн көрді.
Еуропаның отаршыл мемлекеттері үшін өздерінің иеліктерінен айрылу бірқатар әлеуметтік-экономикалық қиындықтарға алып келді. Дегенмен, еуропалық мемлекеттердің қажырлы дипломатиялық іс-әрекеттері тараптар арасындағы мүдделер тоғысын анықтап, екі жаққа да тиімді жаңа деңгей мен сападағы ынтымақтастықтың үлгісін қалыптастыруға себеп болды.
Азия және Африка елдері осы күнге дейін олардың көпшілігінің ДСҰ-ға мүше-мемлекеттер екендігіне қарамастан, ДСҰ-мен (негізінен Еуропалық Одақпен) осы ұйым ауқымындағы ынтымақтастықтың мәселелері жөнінде тиянақты әрі табанды келіссөздерді жалғастырып келеді. Мұндағы басты себеп, Азия мен Африка елдерінің бірқатары ДСҰ шеңберінде пайда болған және пайда болуы мүмкін болатын ықтималды тосын жағдайлардың алдын алып, болдырмау ниетінде жатыр.
Отарлар үшін күрес бірінші дүнижүзілік соғыстың шығуындағы басты себептердің бірі болса, отарлық жүйенің ыдырауы және деколонизация үрдісінің басталуы еуропалық мемлекетердің екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ұжымдық дипломатиясының белсенді қызмет танытқан нысанына айналды.
XX ҒАСЫРДЫҢ 40 ЖЫЛДАРЫ МЕН XX ҒАСЫРДЫҢ БАС КЕЗІНДЕГІ ҚИЫР ШЫҒЫС ЕЛДЕРІ
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапониядағы оккупациялық тәртіп. Екінші дүниежүзілік соғыста жеңілгенін мойындауға мәжбүр болған Жапония Потсдам конференциясының шешімдерін қабылдады. Потсдам конференциясының шешімі бойынша Жапонияны одақтастар атынан АҚШ оккупациялады. Осы сәттен бастап 1952 жылғы Сан-Франциско бейбіт шартына қол қойылғанға дейін Жапониядағы жоғарғы билік АҚШ-тың, оккупациялық әкімшіліктің басшысы генерал Макартурдың қолына көшті. Тек 1945 жылдың аяғына таман 11 елдің өкілдерінен тұратын Қиыр Шығыс комиссиясы және КСРО, АҚШ. Ұлыбритания және Қытай өкілдерінен тұратын Одақтық Кеңес құрылды.
КСРО мен АҚШ арасында Жапонияның соғыстан кейінгі құрылысы жөнінде қайшылықтар өткір болды. Америка Құрама Штаттары, КСРО мен басқа да мүдделі елдердің, оның ішінде революция жеңісінің нәтижесінде 1949 жылдың 1 қазанында құрылған Қытай Халық Республикасының қатысуынсыз сепараттық бітім шартын дайындауға кірісті. 1951 жылдың қыркүйегінде Сан-Францискода Жапониямен бітім шартын жасау жөніндегі конференция болып өтті. Конференцияны ұйымдастырушылар КСРО делегациясы мен өзге мемлекет өкілдерінің енгізген түзетулері мен толықтыруларына құлақ аспады. КСРО территориялық реттеу мәселелері туралы нақты тұжырымдаулардың жасалуын, Жапониядан шетел әскерлерін шығару жөніндегі баптың қабылдануын. Жапонияға әскери-саяси одақтарға мүше болуға тыйым салуды талап етті. кСРО делегациясы мен конференцияға қатысушы басқа да мемлекет өкілдерінің осы жолғы түзетулері мен толықтырулары тағы да ескерілмей қалды. Бұған наразылық ретінде КСРО, Польша және Чехославакия шартқа қосылудан бас тартты. кСРО мен Жапония арасында бітім туралы шарт жасау мәселесі кСРО ыдырағанға дейін өз шешімін тапқан жоқ.
АҚШ – елді басқарудағы ең маңызды деген мемлекеттік функцияларды қолына шоғырландырды. Атап айтқанда, қаржылық мәселелерге, мемлекеттік бюджетке, сыртқы саудаға, соттар мен полицейлік аппаратқа бақылау орнатты, парламенттің заң шығару билігін шектеді. Жапон үкіметі басқа елдермен байланыстар орнату құқығынан айырылды. Сыртқы саясаттың барлық функциялары оккупациялық биліктің құзырында болды.
1949 жылға дейін Жапонияның экономикасын қайтадан қалпына келтіру негізінен ірі монополияларға үкімет тарапынан бөлінген субсидиялар және американдық көмек арқылы жүзеге асырылып келді. Бірақ, бұл шаралар тек уақытша сипатқа ие болды. 1948 жылдың қарашасында АҚШ үкіметі оккупациялық әскерлер штабына елдегі жағдайды тұрақтандыру жоспарын енгізу туралы үзілді-кесілді нұсқау берді. Бұл жоспар тоғыз пункттен тұрды. Жоспардағы пункттерге сәйкес жапон үкіметі: 1) мемлекеттік бюджетті баланстауға; 2) салық көлемін ұлғайтуға; 3) субсидиялар беруді қатаң шектеуге; 4) жалақыны тұрақтандыруға; 5) бағаның тұрақтануын бақылауға алуға; 6) сыртқы сауда мен шетелдік валютаға қатаң бақылау орнатуға; 7) экспорттық өндіріске қажетті материалдармен жабдықтау жүйесін жақсартуға; 8) импортты шектеу үшін жергілікті шикізат пен тауар өндірісін ұлғайтуға; 9) азық-түлікпен жабдықтау жүйесін жетілдіруге міндетті болды. 1949 жылдың мамырында Жапониядан репарациялар алу жоспарынан бас тартқан АҚШ, монополияларға қарсы заңды қайта қарап, өндіріс пен капиталдың шоғырлануына жағдай жасап берді.
Осы кезеңнен бастап, ұзақ жылдар бойы біріккен консерваторлар лагерін басқарып келген – ЛДП (Либералды демократиялық партия Демократиялық және Либералдық партиялардың бірігуі негізінде құрылған) Жапонияның саяси өмірінде билікке келді. ЛДП Жапониядағы бірқатар прогрессивті партияларға, ең алдымен, Жапонияның социалистік партиясына (ЖСП) қарсы күш ретінде қалыптасып, осы кезге дейін елдің саяси-әлеуметтік және экономикалық дамуында шешуші рөл атқарып келеді. 1955 жылы премьер-министр Хатояма өзінің үшінші кабинетін құрды. хатояма үкіметіне консерваторлар лагеріндегі ауызбірлік, ел экономикасындағы дағдарыстан сәтті шығу, халықаралық сахнадағы оң өзгерістер АҚШ-тан біршама тәуелсіз дербес саясат жүргізуге мүмкіндік берді. АҚШ-тың тікелей қарсылығына қарамастан, Жапония, КСРО-мен күрделі сипаттағы келіссөздер жүргізді.
XX ғасырдың 60-жылдары жапон экономикасының жоғары даму қарқыны бірқатар факторлармен:
а) еңбек өнімділігінің айтарлықтай жоғары болуына қарамастан, жалақының төмен деңгейде болуымен (1969 жылы Жапонияның өңдеуші өндіріс саласындағы жұмысшының жалақысы АҚШ-тың осы салада жұмыс істейтін жұмысшының жалақысынан төрт есе аз болды);
ә) мемлекеттің қолдауы арқасында капиталдың қорлану деңгейінің жоғары болуымен шарттасты. 1969 жылы ұлттық жиынтық өнімге қатысты негізгі капиталға салынған инвестицияның үлесі 35,2 %-ды құраса, бұл көрсеткіш басқа да дамыған елдер АҚШ-та 14,1 %, ал, Францияда 25,4 % болды;
б) ірі капитал қорланымдары машина және құрал-жабдықтар жасау саласындағы инвестицияларды ұлғайтуға мүмкіндік берді. Бұл салада Жапония, 1950-1970 жылдары Англия мен Франциядан 2,6 есе, ал, АҚШ-тан төрт есе асып түсті;
в) капитал салымдары ең алдымен, жапон экономикасының жетекші салалары болып табылатын металлургия, машина жасау, мұнай химиясы сияқты салаларға жасалынды. Бұл салалар ел экономикасы өсуін анықтайтын салалар болды;
г) патенттер мен лицензиялар сатып алу арқылы өндіріске әлемдегі ғылым мен техниканың жетістіктерін жаппай енгізу жалғаса берді;
д) Жапония импорттайтын мұнай және өзге де шикізаттарға ұзақ уақыт бағаның төмен болуы, ал керісінше, бұл ел экспорттайтын машиналар мен құрал-жабдықтарға әлемдік нарықта бағаның жоғары болуымен байланысты болды;
е) Жапонияның әскери шығындарының төмен деңгейде болуымен, мысалы, 1976 жылы Жапонияның әскери шығындарының көлемі ұлттық жиынтық өнімнің 1 %-ын құрауымен анықталды.
хх ғасырдың 80 жылдарының орта шеніне қарай Жапония қарқынды әрі тұрақты дамушы ел ретінде әлемдік экономиканың орталықтарының біріне айналды. Жапония алтын мен валюта қорының көлемі бойынша әлемдегі бірінші орынды иемденді. Жапонияның жан басына шаққандағы жылдық табысы 18 мың долларды құрады. Ал бұл көрсеткіш АҚШ-та 15 мың доллар болды.
Құнарлы жердің тапшылығына қарамастан, Жапонияда ауылшаруашылығы өте жақсы дамып келеді және ол 125 млн. тұрғынды қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етуде. 1970 жылдардың соңы мен 1980 жылдардың бас кезіндегі экономикалық дағдарыстар жапон экономикасының отын-энергия ресурстарымен нашар жабдықталғандығын көрсетті. Бұл Жапонияны экономиканың ғылыми сыйымдылығы жоғары салалары – электроника, компьютер, телекоммуникация, өлшеу-бақылау жабдықтарын шығару, автоматтандыру, биотехнологияны дамыта түсуге итермеледі. Қазіргі кезде Жапония әлемдегі видео аппаратура өндірісінің 90 %-дан астамын шығарып, әлемдегі роботтық техниканың 2/3 иемденеді. Жапония – қазіргі кезде индустриалды қоғамнан басты құндылық білім болып табылатын ақпараттық қоғамға өтуді жүзеге асыруда. Жапония XX ғасырдың 70-жылдары патенттер мен лицензияларды сатып алуды екінші кезекке қойып, ғылыми және техникалық зерттеу салаларын кең көлемде қаржыландыруға көшкен болатын.
50 жыл үздіксіз дамудан кейін 1991 жылдың соңында жапон экономикасы бірқатар қиындықтарға тап болды. Ресми жапон статистикасы көрсеткендей, 1992 жылы ұлттық жиынтық өнімнің өсімі тоқтап қалған. Иена бағамының шапшаң көтерілуіне және экономиканың даму қарқынының тежелуіне байланысты әлемдік нарыққа шығарылатын жапон экспорты қысқарды. 1993 жылы жапон еңбек өнімділігі минустық өсім көрсетіп, жұмыссыздық керісінше, 3,2 %-ды құрады. Экономикада қалыптасқан бұндай келеңсіз жагдай жапон үкіметін елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының жалпы жоспарының мақсаттары мен міндеттерін қайта қарауға мәжбүр етті.
Қазіргі кезде ЛдП билік басына қайта оралғанымен оның жағдайын мығым деп айтуға болмайды. 1998 жылдың шілдесіндегі парламенттің жоғарғы палатасындағы сайлауларда ЛдП тағы жеңіліске ұшырады. ЛдП жетекшісі Рютаро хасимото биліктен кететіндігін жариялап, жеңіліс үшін өзін кінәлімін деп есептеді. Осы оқиғадан кейін министрлер кабинетін кэйдзо Обути басқарды.
2. хатояма үкіметіне АҚШ-тан біршама тәуелсіз дербес саясат жүргізуге мүмкіндік берген факторларды көрсетіңіз.
4. 1948 жылдың қарашасында АҚШ үкіметінің Жапониядағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында қабылдаған жоспарының пункттерін атап беріңіз.
5. хх ғасырдың 60 жылдары жапон экономикасының жоғары қарқынмен дамуына әсер еткен факторлар.
?азіргі заман ?аза?стан тарихы ?олданбалы курс жоспары
Тақырыбының атауы
Өткізу түрі
Қолданылатын әдебиеттер
Ұлттық идея - Тәуелсіздік тұғыры
Н.Ә. Назарбаев – ұлт көшбасшысы
Егемен Қазақстан, 2009,
Тәуелсіз Қазақстан: дамуы, қазіргі кезеңі және болашағы
Саяхат сабақ, пікір сабақ
Тәуелсіздік және шетел қазақтары
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: тарихы және қазіргі кездегі қоғамдағы алатын орны
Дәріс, шығармашылық жұмыс
Қазақстан мектебі- ғылыми- педагогикалық журнал, № 9, 2008. № 5-6, № 9-10, № 11-12, 2009.
Тәуелсіз Қазақстан және ұлттық мәдениеттің қайта өрлеуі
Қазақстан Республикасының қоғамдық –саяси дамуы
Қазақстандағы парламентаризмнің даму тарихы
Қазіргі кездегі саяси партиялар мен қозғалыстардың рөлі
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты. Оның қазіргі кезеңдегі бағыттары мен проблемалары
Қазіргі заманғы Қазақстанның әлеуметтік жағдайы
Демографиялық саясат. Қазақстан ұлтаралық қатынастар аясында
Қазақстандағы аграрлық қатынастар және ауыл шаруашылығы саласының нарықтық қатынастарға әсері
Қазіргі замандағы өркениеттің жаһандық мәселелері
Қазақстандық патриот. Алаш арыстары
Алаш тағылымы және қазіргі Қазақстан руханияты
Қазақстандағы қазіргі діни мәселелер мен жағдайлар
Қоршаған ортаның қазіргі экологиялық жай- күйі
Қазақстан Республикасының 1991-2008 жылдардағы тарихи даму қорытындылары
Жыл бойы өткенді қайталау
Қазақстан тарихы пәні қазіргі замандағы оқушыларға патриоттық тәрбие берудегі елеулі роль атқаратын пәндердің ең негізгісі.Сонымен бірге, Қазақстан тарихы ең күрделі, ең қызықты, оқушылардың өз Отаны үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеуге қызмет ететін, шығармашылығын дамытатын, зерттеу жұмыстарына баулитын пән.
“Қазақстан тарихында” ақтаңдақтар өте көп, сонымен бірге, тарихта орын алған қарама – қайшы түсініктерді түзету, жөндеу, бар түсініктерге қосымшалар, өзгертулер енгізуді талап етеді.
Негізгі міндеті: Тарихи балама жолдың болу мүмкіндігін қарастыра отырып, саясат, қоғам диалектикасына ой жүгірту; терең ойлау, іздену, зерттеу, өз жұмысымен жұмыстану қабілетін дамыту.
Мақсаты: Отаншылдық, патриоттық, демократтық идеяларға баулу. Болашақ Қазақстанды өркендететін өздері екендігін сезіндіру.
Факультативтік сабақтыіске асырудағы күтілетін нәтижелер:
Отандық тарих және Отандық деректемелерді оқу арқылы оқушылардың қызығушылығы артады;
Оқушыларда тарихтағы тұлғалардың қоғам, ғылым, әдебиетті, экономиканы, мәдениетті дамытудағы еңбегі мен үлестері туралы жан-жақты, терең және тиянақты түсінік қалыптасады;
Қазіргі таңда болып өткен тарихи оқиғаларты салыстырып оларға баға бере алады және өз білімдерін пікірталас, дискуссия, диспут кездерінде қолдана алады;
Жағымды және жағымсыз тарихи оқиғалардың тарихтағы рөлін айыра алады және қолайлы моделін жасай біледі;
Әртүрлі негіздеме бола алатын әдебиеттермен жұмыс жүргізе алады, олардың материалдарын тақырыптар және даталар бойынша топтасытыра біледі;
Рефераттар, хабарламалар дайындай алады және ақтаңдақтар бойынша материалдар іздестіру қажеттігін ұғынады;
“Мәліметтер банкін” жаратады;
Сайыс, байқау, тест кезінде өз білімдерін көрсете алады, яғни ұқсас және ұқсас емес жағдайда білімдерін қолдана алады.
Оқушылардың білімі, біліктілігі және дағдыларына қойылатын талаптар
І. Оқушылар төмендегідей дағдыларды игеруі қажет:
Тарихи материалдар: құжаттар, хаттар, ережелерді танысып зерттей білуі;
Кестелер, салыстырмалы кестелер, диаграммалармен жұмыс істей білуі;
Оқиғалардың алдын немесе кейін болғанын айыра білуі;
Карта, хронологиялық картадан қажетті мағлұматтарды ала білуі;
Өз білімдерін ұқсас, ұқсас емес жағдайларда қолдана білуі;
Пәнаралық байланысты таба білуі;
Тарихи тұлғалардың тарихи жағдайлардағы іс-әрекетіне баға бере білуі;
Белгілікті тұлғаның идеал образын жасай білуі;
Тапсырмалар бойынша баяндама, реферат, хабарламалар дайындай білуі;
Оқушылар конференциялары немесе семинар сабақтарда өз материалдарымен қатысуы;
Қоғамдық, саяси, әскери, мәдени, әлеуметтік, экономикалық құбылыстардың себептері мен салдарына зерттеу жүргізе білу;
ІІ.Оқушылардың білімі мен біліктілікті игеруіне қойылатын талаптар:
Тарихи оқиғалардың мекен-жайы, мерзімі, оның кейіпкерлерінің аты-жөнін білуі;
Әр тарихи тұлғаның тарихтағы орнын нақты білуі;
Қоғам қайраткерлерінің, ел азаматтарының, қаһарман батырларының қай салада, қай заманда еңбек еткендігін, олардың өмірлік мұратын, қоғамды дамытудағы ерекшелігін айыра білуі;
Тарихи тұлғалардың образына сипаттама бере білуі;
Тарихи тұлға немесе құбылыстар туралы хабарламалар дайындап оны қорғай білуі;
Бағдарлама бойынша тиянақты білімі болуы қажет;
Хронологиялық жағдайлар және тұлғалар туралы материалдарды көркем, саяси, шығармашылық және деректемелік әдебиеттер бойынша таба білуі қажет.
Читайте также: