Психология ж?не адам дамуы шпор
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2014 в 21:40, реферат
Психология объективтік шындықты бейнелеудің ерекше түрі ретінде психиканы, сананы қарастырады. Психологияның міндеті адам мен жануарлардың деңгейінде психиканы филогенетикалық және онтогенетикалық даму тұрғысынан зерттеу болып табылады. Психология адамның психологиялық үрдістерін, қалпын және қасиеттерінің әртүрлі кезеңдерін, оның дамуын, сонымен қатар оның қалыптасуының заңдылықтарын әлеуметтік үрдістің белсенді әрекеті ретінде зерттейді.
Психологияның негізгі қағидаларының бірі детерминизм қағидасы болып табылады. Детерминизм қағидасы дегеніміз адамның барлық іс-әрекеті, қылығы сыртқы әсердің себептік жағдайына тәуелділігі.
Психология пәні, мақсаты, міндеттері.
Психология ғылымының салалары, әдістері.
Қазіргі кездегі психология.
Психологияның даму кезеңінің негізгі сипаттамасы.
Психологияның ғылым ретінде анықталуы.
Шетел және отандық психологияның дамуы.
Қазақстанда психология ғылымының дамуы. Психологияның негізгі принциптері.
Фат, Фақ-311 Кешен психол 2014.doc
Психикалық әрекетті осылайша екі түрлі көзқарас тұрғысынан түсіну, қоғам дамуының кейінгі кезеңдерінде, әсіресе орта ғасырлар заманынан бермен қарай кең өріс ала бастады. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл–Фараби (870 – 950) дүние материядан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп, өзгере береді, жан денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деп материалистік тұрғыдан дұрыс пайымдаса, батыс ойшылы Фома Аквинский (1225 – 1274) жанның мәңгі өлмейтіндігі, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді ары карай дамытып, осы көзқарастың кең өріс алуына мүмкіндік береді.
Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі — шамамен 2500 жылға созылған, көш басы Аристотельден басталатын жан дүниесі жайлы түрлі ой пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде психология басқа ғылымдармен, әсіресе, философиямен қосақтаса дамып келеді. Оның екінші тарихы 1879 жылдан басталады. Осы жылы неміс ғалымы В.Вундт (1832 – 1920) Лейпцигте тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, мұның дербес эксперименттік ғылым болуына себепкер болды. Психологияның даму тарихы жоғарыда аталған ғұламалармен қатар Герофил, Эразестрат, Гиппократ, Гален, Әбу әлі Ибн Сина, Декарт, Гоббс, Спиноза, Лейбниц, Локк, Гартли, Дидро, Вольф, Галлер т.б. оқымыстылардың есімімен тығыз байланысты.
Психология ерекшеліктерін танудың қиындығы олардың адам ақылына сиып болмайтын, қалыптан тыс, тылсым құбылыс болуында. Себебі әрқандай нақты заттың өзі мен оның қабылданған кейпі бір-бірінен ажыралып тұ-ратыны даусыз.
Адам психика жөніндегі кейбір түсініктерді өз өмір тәжірибесі негізінде топтайды. Әлеуметтік қатынастар мен еңбек барысында түсінісуге, бірлікті тұрмыс құруға, іс-әрекет арқылы адамды тануға қажет болудан жинақталған жай психологиялық пайымдаулар ғылыми психологияға дейінгі білімдер ауқымын қүрады.
Психологияның жантану ғылымы ретінде мәні неде? Оның ғылыми дені (предмет) не?
ХІХ ғ. соңы - ХХ ғ. басында танымал ғалым Г.Эббингауз психология жөнінде қысқа да дәл былай деген: Психологияның тарих алды ұланғайыр, ал тарихы өте қысқа. Психика зерттеулерінің тарихы деп отырғанымыз психологияның пәлсападан бөлініп, жаратылыстану ғылымдарымен ұштасып, өзінің эксперименттік зерттеулерін ұйымдастыра бастаған дәуірі. Бұл ХІХ ғ. кейінгі шерегі болғанымен, психология бастаулары көз жетпес ғасырлар тереңінде өріс алды.
1. Психологияның ғылым ретінде анықтамасы
Пән атының өзі де грек тілінен аударуында психология - жан туралы ғылым (психо - "жан", логос - "ғылым") дегенді аңғартады. Осыдан, жан жөніндегі зерттеулер мен түсініктер психологияның пәндік аймағының кемелденуінде бірінші кезең болды да психология әуел бастан жан туралы ғылым деп танылды. Бірақ бұл жанның не зат екеніне жауап табу оңайға соқпады. Әр тарихи дәуірлерде ғалымдар бұл сөз мағынасын сан қилы түсіндірді. Психика мәніне байланысты көзқарастардың қалыптасуы мен дамуы философияның өзекті мәселесін - материя мен сана, заттық және рухани болмыстардың ара қатынасын - шешуге тәуелді болып келді.
Ғылым ретінде психологияның міндеті – психикалық өмірдің негізгі заңдарын зерттеу. Бұл заңдарды білу әрбір адамға қажет. Психологияны зер салып зерттеген адамның қай–қайсысы болса да өзінің күшті және осал жақтарын көре біледі, өзін–өзі тәрбиелеп, жақсы қасиеттерін жетілдіруге, кемшіліктерін жоюға мүмкіндік алады. Психологияны үйреніп білу – адамға еңбек және оқу істерінде тигізер көмегі мол. Ой–әрекетін жақсы түсінуге, еске сақтауға, зейін аударуға жол ашып береді. Адамның психикалық өмірін бейнелейтін әдебиетті, тілді, тарихты және басқа қоғамдық ғылымдарды зерттеп білуде психологияның маңызы зор. Балалардың психикалық ерекшеліктерін білмейінше, оларды ойдағыдай оқытып тәрбиелеуге болмайды. Жалпы психологиямен қатар психологиялық ғылымның жеке салалары да болады. Мұғалімдер мен тәрбиешілер үшін, бала және педагогикалық психологияны білудің маңызы зор. Педагогикалық психология оқу–тәрбие жұмысы процесінде балалардың психикасын зерттеумен шұғылданады. Ол оқушыларды ойдағыдай оқытып тәрбиелеудің психикалық шарттарын зерттейді.
Психологияның, әсіресе, мұғалімдер үшін маңызы зор. Анатомия мен физиологияны жөнді білмейтін дәрігердің жұмысы қандай пәрменсіз болатын болса, психологияны білмейтін мұғалімнің де оқу–тәрбие саласындағы еңбегі нәтижелі болмайды. Осы жайды Украинаның аса көрнекті педагогы, психолог А.С.Макаренко (1888 – 1939) бізге талай рет ескерген болатын. Ғылыми–техникалық прогресс елімізде осы ғылымның ұдайы дамуына ерекше ықпал жасап келеді. Кеңес психологтары, әсіресе оқу–ағарту, тәлім–тәрбие мәселелерінің көптеген қырларына замана талабына сай зерттеулер жүргізді. Мәселен, төменгі сынып оқушылары оқудың жаңа жүйесіне көшіруде психологтар (Л.Б.Занков, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, т.б.) елеулі еңбек сіңірді. Психологияның салиқалы проблемалары Мәскеу, Киев, Тбилисидегі ғылыми–зерттеу институттарында, университеттер мен пединституттардың арнаулы кафедраларында зерттелуде, осы ғылым саласындағы үздік ғылыми еңбектері үшін С.Л.Рубинштейнге 1940 жылы, Соколянский мен Мещеряковтарға 1980 жылы Мемлекеттік сыйлықтар берілді. Елімізде психология кадрлары көптеген университеттерде даярланады. 1957 жылдан бастап психологтардың Бүкілодақтық қоғамы жұмыс істеді. Диссертациялық зерттеулер үшін психология ғылымының кандидаты, докторы деген арнайы ғылыми атақтар беріледі.[2, 14-16 беттер].
Дәл осы мәселенің шешімі төңірегінде бір-біріне тікелей қарсы философия бағыттары - идеализм мен материализм - пайда болды. Идеалистер психиканы болмыс бастауы, өз бетінше жасайтын, материяға тәуелсіз, белгісіз бір зат деп қарастырды. Ал материалистік танымда психика - туынды, материяға тәуелді құбылыс.
Идеалистік бағыт өкілдері материяға қатысы жоқ ерекше рухани бастаманың барын мойындап, психиканың әрекеті тәнсіз, мәңгі жойылмас жанның көрінісі деп біледі. Ал барша заттасқан дүние мен процестер, оларша, біздің түйсігіміз бен елестеріміздің нәтижесі.
Адам психикасы - рухи өмірдің көрінісі, сондықтан ол материалдық дүние заңдылықтарына бағынбайды деп санаған идеализм мен діни догматтар адам жан дүниесін материалистік тұрғыдан түсіндіруге ұмтылған ғылыми ой-пікірлерді көп ғасыр кейінге ысырып тастады.
Тек ХҮІІІ ғ. психология білімінің дамуында Рене Декарт жаңа дәуір есігін ашты. Ол адамның ішкі мүшелері ғана емес, тіпті дене әрекетінің де жанға ешқандай қатысы болмайтыны жөнінде пікір айтып, дәлелдеді. Бұл жантану ғылымының кейінгі желісіне үлкен ықпал жасады. Декарт ғылымға екі түсінікті - рефлекс және сана - бірдей енгізді. Бірақ ол өз тағылымында жан мен тәнді бір-біріне қарсы қойды, өзара тәуелсіз екі болмыс - материя және рух - жасайтынын уағыздады. Сондықтан да психология тарихында бұл Декарт тағылымы "дуализм" (екі тарапты) атауын алды.
Шамамен осы дәуірде психология дені жөнінде жаңа түсініктер қылаң бере бастады. Ойлау, сезу, қалау қабілеттеріне сана атауы беріліп, психика санамен баламаластырылды. Осыдан жан психологиясы орнына сана психологиясы жүзеге келді. Мұндай түсінім кең етек алып, ал бұл бағыттағы идеализм интроспекттік (ішке үңілу) сана тағылымы атын алды. Осыдан сана өзімен өзі шектеліп, психика объектив болмыс пен субъекттің өзінен де толығымен ара байланысын үзді.
ХІХ ғ. екінші жартысында дербес ғылымға айналған психологияның дамуы өз алдына әртүрлі мақсаттарды белгілеп, әртүрлі зерттеу тәсілдерін қолданған, бір-бірін ауыстырып отырған теориялар таласында жүріп отырды. ХІХ ғ. аяғындағы барша теориялар, ХХ ғасырдағы біршама тағылымдар сананың осы интроспекттік психологиясы шеңберінде зерттелді. Бұл теориялар бойынша психологиялық зерттеулердің бәрі қоршаған орта мен адам іс-әрекетіне байланыссыз жан толғаныстарымен көріністеріне негізделді. Ал сана мен ми арасындағы қатынас бұл теорияларда дуализм бағытында шешімін тапты.
Бірақ бұл бақылаулардың ерекшелігі: адам өзінің ішкі жан-күйін, се-зімін, ой толғанысын өзі бақылайды, осыдан мұндай зерттеуде интроспекттік аталған әдіс қолданылды. Мұндай бақылау, әлбетте, басты ғылыми талап-обьективтілікке сай келмейді. Осының салдарынан ХХ ғ. басында, бір жағынан - ғылыми объектив білімдер дамуына орай та-лаптардан, екіншіден - әлеуметтік-экономикалық өркендеу сұраныстарынан интроспекттік психологияның дағдарысы көрініс берді.
Адам әрекет-қылығын қадағалап, бақылау құрал-жабдықтарын дайындауды қажет еткен капиталистік өндіріс әдістерінің дамуына байланысты практикалық міндеттер алдында "сана психологиясы" өз дәрменсіздігін байқатты.
Осыдан ХХ ғ. екінші он жылдығында психологияның және бір бағыты пайда болып, оның өкілдері психологияның жаңа пәнін жариялады: ол психика да емес, сана да емес, ал сырттай бақыланатын, негізінен адам қозғалысының жиынтығы - әрекет-қылық (поведение) еді. Бұл бағыт "бихевиоризм" (ағылш. behavіour-қылық) аталып, психология пәні жөніндегі түсініктер дамуының үшінші кезеңін қалады. Бихевиоризмнің ірге тасын қалаушы Дж.Уотсон психологияның міндетін қоршаған ортаға бейімделуші тіршілік иесінің қылық-әрекетін зерттеу деп білді.
Сонымен, психология өз даму жолында бастапқыда - жан туралы ғылым, кейін - жансыз ғылым, ақырында - санасыз ғылымға айналды. Психология пәнін осылай пайымдаудан оның келесі, және бір дағдарысқа кезігуінің мәнін түсінеміз.
Психология пәнін (предмет) нақтылауда болған дағдарыстар себебі аталған теориялардың негізге алған әдіснамалық тұжырымдарында болып отыр. Атап айтсақ, саналық психология болмыс пен сананың, объектив дүние мен субъектив болмыстың ара қатынасын идеалистік тұрғыдан шешті. Бихевиористер болса, сол мәселені дөрекі материализм көзқарасымен түсіндірді. Олар үшін психикалық құбылыс пен материалдық дүние арасында айырмашылық болмады. Осылай, қате әдіснамалық бастаулар өз пәнін дұрыс анықтауда психологияның жолына кесе-көлденең тұрып алды. Бұл тығырықтан шығудың жолын диалектикалық материализм тапты. Диалектикалық материализм үшін барша дүниенің негізі жалғыз-ақ - материя, ал психика, ойлау, сана одан туындағын екінші сатыдағы құбылыс.
Диалектикалық материализм тұрғысынан материя алғашқы, ал сана - екінші, одан туындаушы, яғни объектив дүниенің мидағы бейнесі. Осы түсінікке орай материалдық болмыс (заттар, дүние құбылыстары) пен идеалдық (заттық дүниенің сезім, ой т.б. түрінде бейнеленуі) бір-біріне тікелей қарама-қарсы. Бірақ бұл қайшылық салыстырмалы сипатта, себебі түйсік, ой, сезімдер т.б. - материалдық органның - мидың әрекеті, сыртқы тітіркендіру энергияларының сана өміріне айналуының нәтижесі.
Ғылыми психология тірек еткен диалектикалық материализм категориялары жүйесінде бейнелеу теориясы басты маңызға ие. Себебі осы категорияға орай психиканың жалпылама және мәнді сипаты ашылады: әрқандай психикалық құбылыстар объектив шындықтың субъектив бейнеленуінің түрлі формалары мен деңгейлерін көрсетеді. Бейнелеу теориясы психология ғылымының мәнін анықтауда, оның әдістерін таңдауда, деректер, түсініктер, тұжырымдар тобынан қажеттісін ажыратуда жалпы әдіснамалық бағдар ролін атқарады.
Сыртқы, заттасқан дүние болмайынша тіршілік иесінің ішкі психикалық өмірі болуы мүмкін емес, яғни сана, психика өзінен тыс және тәуелсіз жасайтын танымды бол-мыстың бейнесі. Егер де осы қоршаған объектив шындық болмаса, санадағы оның бейнесі жөнінде әңгіме қозғау қажетсіз. Әрқандай психикалық акт - нақты болмыстың бір бөлшегі де және оның бейнесі де.
Сонымен, психиканың қызметі, біріншіден - қоршаған дүние заттары мен құбылыстарының қасиеттерін, байланыстарын бейнелеу, екіншіден - осының негізінде адам қылығы мен қызмет - әрекетін реттестіру. Психиканы диалектика-материалистік тұрғыдан қарастыру - әрқандай ішкі жан-күйлік құбылыстардың өзімен өзі шек-телмегенін, шындықтан бөлінбей, онымен түбегейлі әрі тығыз байланыста екенін танытады.
Ғылымдағы күрделі міндеттердің бірі - заңдылықты сипатқа ие байланыстар мен қатынастарды көре білу. Ғылымдық қатал талап - объектив заңдарды ашып қана қоймастан, олардың әрекеттік аймағы мен қолдану жағдайларын көрсете алу. Сондықтан да психология зерттеулерінің объекті - психологиялық деректер мен қатар психологиялық заң, заңдылықтар.
Сонымен бірге ескеретін жәйт, заңдылық байланыстарды білу өздігінен заңдылықтарды іске асыратын нақты тетіктерді (механизм) ашып бере алмайды. Осыдан психологияның міндеті - психологиялық деректер мен заңдылықтарды аша отырып, психологиялық іс-әрекетті қозғаушы механизмдерді де анықтап білу. Ал енді сол механизмнің қандайда да психологиялық процесті орындайтын нақты анатомия-физиологиялық аппаратты іске қосуына байланыстылығынан, ол механизмнің табиғаты мен әрекетін психология басқа ғылымдармен бірлікте зерттейді.
Работа содержит ответы на вопросы по дисциплине "Психология".
ПСИХОЛОГИЯ.doc
Тұлға дегеніміз-тұрақты психологиялық сипаттамалар жүйесінде алынған нақты адам.
Тұлға дамуы-оның әлеуметтік ұнамды сапалары жүйесін әр өмір кезеңдеріне орай қалыптасып баруы, адамға қоғамдық жатсынуға итермелейтін жағдайлардың күшін жоюды талап етеді.
Адам тұлға болып туылмайды, ал қалыптасады деген көзқараспен қазіргі психологтардың көбісі келісуде. Бірақ тұлғаның дамуы қандай заңға бағынатыны жөнінде көзқарастар сан алуан. Өйткені тұлға дамуы үшін қоға мен әлеуметтік топтардың мәні, дамудың заңдылықтары мен кезеңдері,тұлға дамуының дағдарыстары, даму процесін тездету мүмкіндіктері әр қилы түсіндіріледі. Кең тараған тұлға теорияларының әр қайсысында тұлға дамуы өздігінщше қарастырылады. Мыс, психоаналитикалық теория дамуы деп-адамның биологиялық табиғатының қоғамда өмір сүруге бейімделуін, белгілі қорғаныс механимзмдерінің пайда болуын, қажеттіліктерді қанағаттандыру жолдарын түсіндіреді. Адам тұлға ретінде қалыптасып, дами келе кемшіліктерді де үйренеді. Бір теорияда оң және теріс қасиеттердің үйлесімін жан-жақты көрсету мүмкін емес. Сондықтан Эриксон өз концепциясында тұлға дамуының екі шекті желісін бейнелеген: қалыпты және аномалді. Олар таза күйінде өмірде кездеспегенмен, адамның тұлғалық дамуының барлық аралық варианттарын елестетуге мүмкіндік береді. Э.Эриксон тұлға дамуының кезеңдерін 8 топқа бөліп қарастырған: 1) ерте нәрестелік шақ(туылғаннан 1 жасқа дейін); 2) кейінгі нәрестелік шақ(1-3 жас); 3) ерте балалық шақ(3-5 шамасында) ; 4) орта балалық шақ(5-11 жас аралығы); 5) жыныстық жетілу, жеткіншек жасы және бозбалалық(11-20 жас аралығы); 6) ерте ересек шақ(20-45 жас арасы); 7) орта ересек шақ(40-45 және 60 жас арасы); 8) кеш ересек шақ( 60-тан жоғары). Эриксон тұлғаның дамуының кезеңдерін бөле отырып, дамудың қалыпты желісі мен дамудың аномалді желісінің әр кезеңдегі ерекшеліктерін көрсеткен.
25. Қарым-қатынастың классификациясы
Қарым-қатынас психологиясы мынадай құбылыстарды зерттейді: адамдардың бірін-бірі қабылдауы және түсінуі, еліктеу, сендіру және нандыру, ұйымшылдық немесе жанжалдық, біріккен іс-әрекет және тұлға аралық қатынастар.
Қарым-қатынас-адамдар арасындағы жай байланыс қана емес біріккен іс-әрәкет процесінде адамның бір-бірін қабылдауы және ақпарт алмасуы болып табылады.
1.маскалар байланысы-ресми қарым-қатынас, адам басқа адмның тұлғалық ерекшеліктерін есепке алмайды және оны түсінуге де ұмтылмайды,ғ әр түрлі маскаларды қолданады. Басқаша айтқанда, бұл басқа адамға деген шынайы эмоция мен қарым-қатынасты білдіртпейтін бет-әлпет көріністері мен ым-ишара жиынтығы.
2. қарапайым қарым-қ- басқа адамды қажетті не кедергі объект ретінде бағалау.
3. ресми рөлдік қарым-қатынаста қатыр-қатынас мазмұны мен құралы көрініс табады. Мұнда адамның рөлін білеу жеткілікті.
4. кәсіби қарым-қ-та тұлғаның мінезі, жасы, жеке басының ерекшеліктері есепке алынады, бірақ іс- әрекет ерекшеліктері маңыздырақ болып таб.
5. рухани қарым-қатынасы достар арасындағы тұлғааралық қарым- өқатынас, олар әр түрлі тақырыптарда әңгімелесе алады.
6. манипулятивті қарым-қ.с- адамның тұлғалық ерекшеліктеріне байл. әр түрлі тәсілдерді қолдану арқылы одан өзіне қажетті пайда алуға бағытталады.
7. ауқатты қауым қарым- қатынасында адамдар өз ойын емес, тек сол жағдайда рұқсат етілген нәірсе жайлы айтады. Күнделікті өмірде кездесетін қарым-қатынастарды 3 түрге бөлеміз: 1. Қажетті қарым-қатынас-ата-ана, туған-туыс.2. міндетті қарым-қатынас-студент пен мұғалім. 3. Ынтымақты қарым-қатынас-достар, жолдас, т.б.
26. Мінез типологиясы Мінез – әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктер жиынтығы.
1. адам мінезі онтогенезде пайда болып, бүкіл өмір бойына тұрақты.
2. мінезге кіретін жеке адам бітістері кездейсоқ емес, олар мінезді анықтауға көмектеседі және типтерге бөледі.
3. сол мінез типтері бойынша адам мінезі бірнеше топқа бөлінеді. Мінез акцентауциясы А.Е.Личко бойынша: жасөспірімдерді бақылауға негізделген нақты бір мінез күшеюін қарастырды, ол сыртқа жағдайларына байл.мінезді 11 типке бөліп қарастырды: гипертимді, циклоидты, лабильді, астено-невротикалық, сензитивті, психо-астеникалық, шизоидты, эпилептоидты, истероидты, тұрақсыз, конформды тип. К.Леонгард өз классификациясында адамдардың басқа адамдармен қарым-қатынасына сүйенеді дей отырып, мінезді 12 типке бөлді: гипертимді, дистимді, циклоиді, қозғыш, тежелгіш, пидантты, уайымшыл, эмотивті, демонстративті, экзалтацияланған, экстравертивті, интравертивті. Адам мінезіндегі әрбір ерекшелік белгілі жағдайларға сәйкес көрініс береді. Мұндай ерекшеліктердің өзіндік физиологиялық ерекшеліктері бар. Осы орайда, И.И.Павлов қандайц сигнал жүйесінің басым екендігіне қарай, адам мінезінің типтерін мынадай 3 типке бөледі: 1.ойшыл тип-бұл негізінен сөзбен байланысты, екінші сигнал жүйесі рефлекторлық қызметінің басымдылығы.
2. көркем тип. Бірінші сигналдық шартты рефлекстің басымдылығы.
3. орташа тип- мұнда екі сигнал жүйесінің бірде-бірі басымдылық көрсете алмайды.
Қарым-қатынас – екі және одан да көп адамдар арсындағы өзара әрекеттестігі немесе байланыстылығы. Қарым-қатынастың өзара байланысты 3 жағы бар:
- Коммуникативтік қарым-қатынас- қ.қ арқылы адамдар бір-біріне ойын, мақсатын, алған беталысын айыруға тырысады,яғни адамдардың өзара ақпарат алмасуы. Бұл процесстің қүрамына(сөз, сөйлеудегі ырғақ, ым-жымдар жатады). Коммуникативтік қарым-қатынастың мақсаты-соған қатынасатын адамдардың бір-біріне әсері.Кері байланыс- тура және жанама, тура және кері байланыстар адамның түрі анық беріледі. Мысалы, сенің пікірің маған ұнамайды және әртүрлі жест, ренжу, қуану.
Жанама кері байланыс- психологиялық мәліметті берудің түрі-бұл жағдайда кекетуғ әртүрлі сұрақтар, күтпеген реакциялар болу.
- Интерактивті қарым-қатынас – адамдардың өзара әрекеттесуін ұйымдастыру.
- перцептивті –адамдардың бір-бірін қабылдауы және соның негізінде өзара түсінушіліктің орнауы .
28. Ойлау мен сөйлеудің өзара қарым-қатынасы.
Ойлау дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының, байланыс қатынастарының мида жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Сөз—адам ішкі дүниесінде болып жатқан түрлі құбылыстарды жеткізу құралы болып табылады.Біз сол сөздер қосындысы арқылы басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсе аламыз. Сөйлеу деп пікір алысу процесінде жеке адамның белгілі тілді пайдалануы. Бір тілдің өзінде сөйлеудің сан алуан формалары болуы мүмкін. Сөйлеу жеке адамдардың арасындағы өзара түсінуді реттестіру үшін, пікір алысу үшін қызмет етеді. Адамның ойы әрқашан да сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектеліп, дәлелдене түседі. Ойлау мен сөйлеуді бірдей деп олардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес. Ой сыртқы денені бейнелеудің ең жоғарғы формасы болса, ал сөз ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал болып табылады. Бала тілі шықпай тұрған кезде де ойлай алады. Нәресте афналасындағы дүниені бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы танып біледі. Ойлаудың бұл түрі оның танымын онша кеңіте алмайды. Баланың тілі шығып, сөз арқылы үлкендермен қарым-қатынасқа түскенде ғана оның ойлау шеңбері кеңейетін болады.
29. Қабілеттің даму деңгейі мен дербес ерекшелігі.
Психологияда қабілеттің даму деңгейін жіктеудің төмендегідей түрлері жиі кездеседі: қабілеттілік, дарындылық, таланттылық, данышпандық. Кез келген қабілет өзінің даму процесінде алдағы деңгейде жеткілікті рәсімделуіне қажетті неғүрлым жоғары деңгейге көтеретін кейбір қабілеттер үшін бірқатар кезеңнен өтеді. Бейімділік пен қабілеттілік дамуының табиғи негізін қалыптастыруды жүйке жүйесінің анатомия физиологиялық ерекшелігі түсіндіріледі. Қабілет дамуының келесі деңгейі дарындылық болып табылады. Дарындылық адамды қандай да бір әрекетті табысты орындау мүмкіндігімен қамтамасыз ететін қабілеттің өзгеше сәйкестігі деп аталады. Адам қабілеттілігінің дамуының келесі деңгейі –талант. Талант бұл қабілеттің үйлесімділігі, олардың жиынтығы. Қазіргі кезде таланта арнайы қабілеттіліктің жоғары деңгейі болып табылады. Қабілет сияқты талант да әрекет негізінде айқындалып, дамиды. Қабілет дамуының жоғары деңгейі- данышпандық деп аталады. Данышпандық туралы адамның шығармашылық жетістігі қоғамдық өмірде, мәдениет дамуында бүтін дәуірді құрастырғанда айтылады.
30. Ойлаудың формалары. Ойлау ой операцияларымен қоса, ой формаларынан да тұрады. Ойлаудың негізгі формаларына ұғым,пікір, ой қорытындысы жатады.Ойдың бастапқы формасы ұғым болып есептеледі. Ұғым дегеніміз- заттар мен құбылыстар туралы ой. Пікір- бұл бір зат туралы мақұлдау не оны жоққа шығаруда көрінетін ойлаудың формасы. Жалпы, ойлау дегеніміздің өзі- мәселені шешу, оның мәнісін түсіне білу деген сөз. Ойлаудың ең күрделі және жоғарғы формаларының бірі- ой қорытындылары. Ой қорытындылары дегеніміз бірнеше пікірлерден жаңа пікірлер шығару тәсілі. Қорытынды шығару үшін оны белгілі бір тәртіпке байланыстыруымыз қажет. Ой қорытындысының негізгі 3 түрі бар: дедукциялық, индукциялық, аналогиялық ой қорытындысы. Дедукция дегеніміз жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы. Индукция жекеден жалпығы қарай жасалатын ой қорытындысы. Аналогия дегеніміз ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау.
31. Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны.
Адам - көптеген ғалымдардың зерттеу тақырыбы болып келеді. Адамзат өзінің тарихын, шығу тегін, тілдері мен салт-дәстүрлерін тануында психология ғылымы ерекше орын алады. Психологияның зерттеу пәнінің негізіне, адам болмысының табиғаты, психикалық құбылыстары, үрдістері, қасиеттері кіреді. Адам дамуының заңдылықтары және оның ерекшеліктері туралы ғылыми ілімдердің жүйесі жалпы қоғамның дамуы үшін қажет. Бірақ адам жеке өзіндік арнайы мәселелері бар әр түрлі ғылымдардың амалдары арқылы кешенді зерттеулердің объектісі болып саналады. Гуманитарлық ғылымдар әлеуметтік үрдістерді зерттеген кезде психологиялық факторларды ескеру қажеттілігі туындайды. Бірақ әрбір ғылым өз пәнінің ерекшеліктерімен айрықшаланады. С.Л.Рубинштейн "Жалпы психология негіздері" еңбегінде (1940) былай деп жазды: "Психология зерттейтін құбылыстардың арнайы шеңбері анық әрі айқын көрінеді. Бұған біздің өміріміздің ішкі мазмұнын құрайтын және бізге тікелей тән уайымдар сияқты сезімдер, ойлар, ұмтылыстар, тілектер, ниеттер, қабылдаулар және т.б. жатады. ". Психологияның ерекшеліктерін, ежелден, адам ақылы тысқары құбылыстар ретінде қабылдап келе жатқандықтан, оларды ғылыми тұрғыдан анықтау қиындыққа соқтырады. Ғылым ретінде психология нені сипаттайды? Оның ғылыми ілімдеріне не кіреді? Бұл сауалға жауап беру үшін ғылыми психология тарихының әрбір даму кезеңіндегі психологиядағы ғылыми ілімнің мағынасы туралы көзқарастың қалайша өзгеретініне үңілу қажет. Психология көне әрі жас ғылым. Оның мыңжылдық өткені бола тұрса да, келешегі де зор. Оның жеке ғылыми пән ретінде таралуына жүз жылға жетер-жетпес уақыт болды, бірақ басты мәселесі, философия пайда болғаннан бері, философиялық ой ретінде кездеседі. XIX ғасырдың соңы - XX ғасырдың басында, белгілі психолог Г.Эббингауз психологияның тарихы қысқа, ал тарих алдындағы кезеңдері ұзақ деп психология туралы қысқа да нұсқа айтты. Бұл жерде, тарих ретінде, философиядан бөлініп табиғи ғылымдарға жақындау және жеке эксперименттік әдістерді ұйымдастыру кезеңі деп аталған психиканы зерттеудің кезеңі айтылған. Бұл XIX ғасырдың соңғы ширегінде болды, бірақ психологияның қайнар бұлағы ғасырлар қойнауында жатыр.Бірақ заңды байланыстарды білу, заңдылықтарды айқындауға себепші болатын нақтылы механизмдерді өздігінен ашпайды. Психология міндетіне психологиялық айғақтар және заңдылықтармен қатар, психикалық әрекеттің механизмдерін орнықтыру да кіреді. Ал механизмдер осы немесе басқа психологиялық үрдісті жүзеге асыратын нақтылы анатомо-физиологиялық аппараттардың жұмысын қажет ететін болғандықтан, психология бұл механизмдердің табиғаты мен әрекетін басқа ғылымдармен бірге зерттейді. Сонымен, психология дегеніміз - психиканың айғақтарын, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейтін ғылым.Қазіргі кездегі адамдардың психикасымен жұмыс істейтін, ең ауыр салалардың бірі болып табылатын бұл саланың маңызы соңғы онжылдықта арта түсуде.

Читайте также: