Карана вирус уй жа?дайында ?алай емдейді
Ең алдымен, шылымнан бас тартыңыз. Никотин - асқазанның жауы. Шылым асқазан жарасының пайда болуына тікелей әсер етеді. Сондай-ақ ішімдіктің де зиянды екенін естен шығармаңыз.
Асқазан жарасынан арылу үшін ағзаңызға жасұнықтың көп мөлшерін жіберіңіз. Неғұрлым көп болған сайын, соншалықты жақсы. Жасұнық алмұрттың, шабдалының, алманың құрамында өте көп. Және де фасоль мен бұршақ тұқымдастар да сізге жақсы әсер етеді.
Пиязды жақсы көріп жесеңіз, асқазаныңыз рақмет айтатын болады. Тым болмағанда күніне жарты пиязды жеуге тырысып бағыңыз. Немесе пияздың көп мөлшері бар салаттар мен жеңіл тағамдарды серік етіңіз.
Сонымен қатар, асқазан жарасын үй жағдайында жеңудің тағы бір жолы - жаңғақтар. Бір келіге жуық жаңғақты шағыңыз да дәнін жеуге қойыңыз. Ал қабығын стақанға салып, спирт құйыңыз да жылы жерге бұқтырып қойып қойыңыз. Бір аптадан кейін күніне бір шәй қасықтан ашқарынға ішу керек. Тұнбаны таусылғанша күніне үш реттен пайдаланыңыз.
Диета - асқазан аурын емдеудегі ең маңызды ережелердің бірі. Себебі, асқазан аурының пайда болуы дұрыс тамақтанбаумен тығыз байланысты.
Мұндайда сүтті және сүтқышқылды тағамдарды, бұқтырылған, қайнатылған көкөністерді, әртүрлі ботқаларды (күріш пен макароннан басқа), қайнатылған тауық, сиыр етін, жеңіл балықты, жұмыртқаны жеуге болады.
Ал қуырылған, майлы тағамдардан, майлы еттерден, ащы тағамдардан, консервілерден, саңырауқұлақтардан, газды сусындар мен қышқыл шырындардан бас тартыңыз.
Қосымша ем-домдар:
1. Шырғанақ майымен асқазан жарасын емдеудің өте нәтижелі әрі кең таралған түрі. Шырғанақ майын тамақтан бір сағат бұрын үш апта бойы ішесіз.
2. Ақбас орамжапырақтың шырыны асқазанға өте пайдалы.
3. Картоп шырыны да жақсы нәтижелер береді. Бұл шырынды дайындау үшін таза әрі ескірмеген картоп керек. Қызыл сортының болғаны тіптен жақсы. Шырынды таңғы ас пен түскі астың алдында жарты стақаннан ішіп тұру керек.
4. Айран мен өсімдік майының қоспасын жатар алдында ішіп тұру асқазан жарасының бетін қайтарады (бір стақан айранға бір ас қасық май).
5. Ауруыңыз асқынып кеткен болса, таңертең жарты ас қасық шикі жұмыртқаның ағын ішіп жүріңіз.
6. Жара пайда болған жағдайда сұлы тұңбасы әжептеуір әсер етеді.
7. Жалбыздың жапырағы мен мыңжапырақтан, түймедақ гүлдерінен жасалған тұнбалар да оң әсер береді.
Өт жолдарын емдеу
Балды емделуге қолдану.
Балды, әсіресе, бауыры және өт жолы ауыратын адамдар көбірек пайдаланады. Оны белгілі бір мөлшерде ақ ірімшікке (творог), сәбізге, лимон шырынына қосып жеген дұрыс.
Кейде тұрыптың (редька) ішін үңгіп, оған балды толтырып қойып, үш – төрт сағаттан соң дайын болған шырынды өт жолы ауыратын ересек адамға ас қасықпен, ал балаға шәй қасықпен күніне 2 – 3 рет беру керек.
Мұндай әдіс өт жолы мен бүйректе құм, тас жиналудан сақтайды.Сондай-ақ, бір стақан сәл жылытылған минерал суына бір ас қасық бал қосып, оны аш қарынға ішіп, бір жарым, не екі сағаттай қырынан жатып, бауырға аса ыстық емес грелка басқан жөн. Сонда бауырда жиналып қалған өттің асқазанға қарай ағып өтіп, бауырдың жеңілденуіне әсер етеді.
Балды үккіштен өткізілген сәбізден қосып, банкіге салып біраз уақыт қойса, әбден еріп, сәбіздің шырынына қосылып, тосап сияқты өте тәтті тағам болады. Оны, әсіресе, бауыры, өт жолы ауыратындар ем ретінде пайдаланса, шипалық қасиеті мол. Бал қосылған сәбіздің құрамында каротин деп аталатын дәруменді зат жақсы сақталады. Балды лимонға қосып сақтаса, бүйрегі, бауыры, өт жолы ауыратындарға өте пайдалы.
ПИЯЗ БАУЫР МЕН ӨТ ЖОЛДАРЫНА ЕМ
Үстіне шекер сеуіп буға пісірілген пияз бауыр мен өт жолдары ауруларына ем болады. Пияздың тұқымын суға қайнатып ішсеңіз, бүйрек ауруларына дауа. Осы қайнатпаны 1/1 мөлшерінде піскен сүтке араластырып ішсеңіз, көзіңіздің көру қуаты артады.
Жалбыз
Жалбызды өт бөлінуінің бұзылыстарында, өттің және өт жолының қабынуында, сонымен қатар өттегі тас аурулары мен сары ауруда, ісінулерде, асқазан шаншуларында, асқорыту және жүйке жүйесінің жұмысындағы бұзылыстарында, ұйқысыздықта, бас сақинасында, невралгияда, жүйке тырысуында және етеккір кезеңінің бұзылыстарында қолданады.
Оны қосымша ретінде салатта, кондитер өндірісінде, сусындар, арақтар мен ликерлар өндірісінде, сонымен қатар хош иістендірілген сірке суын, қуырылған етті және зельц дайындауда қолданады.Ұлыбританияда жалбызды тұздық көптеген тағамдарға қосылатын дәстүрлі қосымша болып табылады.
Ескерту: Жоғарыдағы ем-домдарды пайдаланбастан бұрын, дәрігерге қаралып, толық тексеруден өткеніңіз жөн. Өйткені, асқазанда қандай ақаулардың бар екенін білмей жатып, өз бетіңізше емделу денсаулығыңызды онан сайын нашарлатып жіберуі мүмкін.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 11-наурызда коронавирусқа байланысты халықаралық деңгейде төтенше жағдай жариялады. ДДСҰ соңғы дерегіне сүйенсек, эпидемия 151 елге таралып, 167 511 адам ауру жұқтырған. Қайтыс болғандар саны 6600-ден асты. Пандемияға айналған вирустан әсіресе, кәрі құрлықтағы Италия, Испания, Франция сынды елдер қатты зардап шегіп жатыр.
Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 32-ге жетті. Сонымен коронавирустың белгілері қандай? Одан қалай қорғануға болады? Вирусты жұқтырып алған жағдайда не істеу керек? Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Алматы филиалы көпшілікті мазалаған осы және өзге де сұрақтарға жауап дайындады.
- Коронавирустың белгілері қандай?
Коронавирустың белгілері өткір респираторлық инфекция мен тұмау белгілеріне ұқсас болып келеді. Бірақ, көптеген жағдайларда бұл кәдімгі респираторлық жұқпаның симптомдары болуы әбден мүмкін:
- Түшкіру
- Әлсіздік
- Бас ауру
- Дене қызуының көтерілуі
- Тамақтың жыбырлауы
- Кеуде қуысының ауыруы
- Жүрек қағысының жиілеуі
- Тыныс алудың жиілеуі
- Коронавирусқалай таралады?
COVID-19 вирусы екі түрлі жолмен таралады:
- Жөтелгенде, түшкіргенде, ауру адаммен сөйлескенде ауа арқылы
- Тұрмыстық заттар арқылы
- Коронавирустың алдын алу жолдары қандай?
Ең алдымен, әр адам санитарлық гигиена талаптарын сақтауға міндетті. Көпшілік тамақтанатын жерлерге, қоғамдық орындарға, базарларға барудан бас тартқан жөн.
Қолды жиі-жиі сабындап жуыңыз, арнайы антисептикалық құралдарды пайдаланыңыз. Үйіңізді (жұмыс орныңызды) таза ұстауға тырысыңыз: жиі-жиі сумен жуып, ауаны тазартып отырыңыз.
Түшкіргенде, жөтелген кезде мұрныңыз бен аузыңызды бір реттік сулықтармен жабыңыз. Ортақ тұрмыстық құралдарды пайдаланбаңыз.
- Коронавирус белгілері неше күнде білінуі мүмкін?
Вирус жұққан күннен бастап 14 күннен 28 күнге дейін.
- Коронавирус жұққан-жұқпағанын анықтайтын анализдерді қай жерде тапсыруға болады?
COVID-19 вирусын төмендегі мекенжайлар арқылы тапсыруға болады:
- Ұлттық сараптама орталығы
- Орталық республикалық зертхана
- Қалалық клиникалық инфекциялық аурухана
- Қандай жағдайда коронавируске тест тапсыруға болады?
Ең алдымен, эпидемиологиялық ахуал қиындаған және вирус таралған елдерден келген азаматтар, сондай-ақ, клинискалық белгілер анықталған және коронавирус жұқтырған пациенттермен байланыста болғандар тест тапсырады. Басқа жағдайларда анализ тапсырудың қажеті жоқ.
- Инфекция жұқтырған адаммен байланыста болғандар не істеуі керек?
Вирус жұқтырған адамммен қандай да бір байланыс болған жағдайда 1406 бірыңғай байланыс нөміріне, еманаға немесе жұқпалы аурулар ауруханасына хабарласу қажет.
- Өзге мемлекеттерге барып келгендер не істеуі керек?
Коронавирус таралған елдерге барып келген азаматтар 1406 нөміріне қоңырау шалып, өзі жайлы мәлімет беруі тиіс. Сонымен қатар, тіркелген емханасына, жұқпалы ауруларды қабылдайтын ауруханаға хабарласуға болады. Әрі қарай не істеу керектігін мамандардың өздері айтады.
- Коронавирус жұқтырған адамның отбасы мүшелері не істеуі керек?
Вирус жұқтырған адамның отбасы мүшелері міндетті түрде анализ тапсыруы тиіс. Дәрігерлер тест нәтижесіне қарап оны ауруханаға жатқызу немесе сырқат белгілері болмаған жағдайда үй жағдайында карантинге орналастыру жөнінде шешім қабылдайды.
- Коронавирустан қалай емдейді?
Кез-келген ауру сияқты коронавирусты да емдеудің белгіленген тәсілдері бар. Нақтырақ айтқанда, вирусқа қарсы әрекет ететін арнайы препараттар мен жеке гигиена талаптары қолданылады.
- Коронавирус жұқтырғанда үйде емделуге бола ма?
Бұл әр адамның жеке жауапкершілігіне байланысты мәселе. Ауырған адам үй жағдайында карантинге жабылған жағдайда дәрігердің талаптарын бұлжытпай орындауы тиіс. Карантинге жабылған азаматтардың ешқайда шығуына болмайды. Гигиена талаптарын сақтап, бетперде киіп жүрсе, жеке ыдыс-аяқ пайдаланса, қолын сабынмен жуып, зарарсыздандыратын құралдарды қолданса, бөлменің ауасын жиі жаңартып отырса – вирусты отбасы мүшелеріне жұқтыру қаупі төмендейді.
- Карантин неше күнге созылады?
Карантин 14 күнге созылады. Кейін пациенттер емхана дәрігерлерінің бақылауында болады.
- Ауырмаған адамдар бетперде киюі қажет пе? Вирустан қорғану үшін қандай бетперде киген дұрыс?
Дені сау адамдарға маска киюдің қажеті жоқ. Дәріханаларда сатылатын кәдімгі үш қабатты бетперде вирустан қорғануға жеткілікті немесе респираторлық бетперделерді пайдалануға болады.
- Аурудың алдын алу үшін қандай дәрумендерді ішкен дұрыс?
Аонайы дәрумен қабылдаудың қажет жоқ. Қазір дұрыс тамақтанып, жеміс-көкөніс жеген дұрыс. Қоғамдық жерлерден тамақтанбай, үйдің тамағын жеу қажет.
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Этникалық украиналық Евгений Перепада 1989 жылы АҚШ-қа көшіп кеткен екен. Нью-Йорктегі ауруханалардың бірінде жедел жәрдем қызметінде болған ол Covid-19 дертімен өзі де ауырып, аман қалыпты.
- Евгений мырза, АҚШ-тағы, оның ішінде Нью-Йорктегі коронавирус инфекциясының өршу жағдайы туралы айтып бере аласыз ба? Індетті жұқтырғандардың азаятын түрі бар ма?
- Қазір әлбетте вирусты жұқтырғандардың саны азайып келеді. Алғашында адамдар емханаға жүздеп түскен болатын. Қазір олай емес. Наурыздағы жағдайға қарағанда емханаға түскендердің саны 50 пайызға азайып қалды.
- Біздің білуімізше, Сіз коронавирус инфекциясын жұқтырып, жазылған екенсіз. Осы туралы толығырақ айтып бере аласыз ба? Ауру қанша күнге созылды? Сізді карантинде қанша уақыт ұстады?
- Бойымнан алғашқы ауру белгілері 8-10 наурыз күндері біліне бастады. Бүкіл денем ауырып, белім айналып, иығым, мойным ауырлады. Ауру қозып, тамағымнан да білінді. Бұрын бұлай ауырып көрмеген едім. Тұмау болмағаны анық. Ең қызығы, алғашқы күндері қызуым 38 градустан жоғары көтерілмеді. Алайда ауру бірнеше күннің ішінде анық сезіліп, жөтел, қатты әлсіздік байқалды. 5-6 метрдегі жатын бөлмеге немесе дәретханаға барудың өзі қиынға айналды. Жата бергің келеді екен. Бұл белгілер 7-8 күнге созылып, артынша жағдайым оңала түскендей сезілді. Тағы екі күннен кейін қалыпты жағдайға келдім. Есептесем 14-15 күнге созылған екен. Қызуым бір аптаға созылды. Әлсіздік қинады. Демалу мүмкін болмай, ұйықтап жата бергім келді. 10 күн бойы дәм мен иісті сезбей қалдым. Дәм сезу қабілетім қайтып келгенімен иіс сезу әлі 100 пайыз қалпына келген жоқ.
- Карантинде қанша уақыт жаттыңыз?
- Карантинге өзімді-өзім қамадым. Қанша дегенмен дәрігермін ғой. Карантинде қанша уақыт қалғыңыз келсе де – өз еркіңіз. Себебі Нью-Йоркте онсыз да жұмыс орындарының бәрі тоқтап қалған. Әйтсе де мен емханада жұмыс істеймін. Сол себепті бізге дене қызуы болмаса міндетті түрде жұмысқа шығу керек. Мұндай стандарт барлық жерде енгізілген. Емделгеннен кейін жұмысқа шығу міндет. Осылайша 15 күннен кейін жұмысқа қайтып келдім.
- Сіз вирусты пациенттерден жұқтырып алдыңыз ба?
- Солай болуы керек. Себебі олармен күнде көрісіп, жұмыс істеймін.
- Карантин туралы айтар болсақ, Штаттардағы карантин тәртібі туралы айтып бере аласыз ба?
- Кинотеатрлар мен мейрамханалардың бәрі жабық. Тек тамаққа тапсырыс бере аласыз. Бизнестің бәрі де жабылып қалды. Адамдарға үйде отыруға және мүмкіндігінше басқа жерге шықпауға кеңес беріледі. Жалпы еш жерге шықпау керек. Адамдар арасында екі метр қашықтықты сақтау міндет. Сыртта жүрсеңіз, маска киюге міндеттісіз. Бірақ менің ойымша, бұл жеткіліксіз. Тәртіпті күшейткен абзал. Мәселен, Қытайда адамдарға тамақ, дәрі-дәрмек сатып алудан немесе дәрігермен кеңесу керек жағдайдан басқа мүлде сыртқа шығуға тыйым салынады. Вирус өте тез тарайды. Адамдар үлкен үйлерде тұрса да, қауіптен құтылдым дей алмайды. Вирус тіпті лифтте де таралады. Егер жұқтырған адам лифтпен жүрсе, инфекция екі сағат ішінде ауада қалқып тұратынын ұмытпау керек. Осы уақытта лифтке кірген кез-келген адам оны вирусты жұқтырып алуы мүмкін. Сондықтан сіз үйде көбірек болуыңыз керек. Әсіресе, 8 миллион адам тұратын Нью-Йоркте. Мұнда адамдардың вирус жұқтыру ықтималдығы жоғары.
- Ауру жұқтырған кезде үрейлендіңіз бе?
- Шынымды айтсам, қатты қорықтым. Байбалам салған кездер де болды. Вирус жұқтырған кезде дереу бөлмеме оқшауландым. Мен оқшауланғаннан кейін 7-ші күні жаңа туған қызым (ол кезде небәрі 6 апталық еді) да індетті жұқтырып алды. Оның қызуы көтерілді. Ауруханаға баруға тура келді. Аурудың 15-ші күні әйелім ауырып қалды. Олардан да коронавирус расталды. Міне осы кезде қатты сескендім. Қызым мен әйелімнің өмірі үшін, өз өмірім үшін қатты қорықтым. Дәл сол кезде - әйелім ауырып қалған уақытта емханаға да жылжитын уақыт келіп қалды. Менде мұндай үрей сезімі ешқашан болған емес, өйткені мұндай жағдайда ертең не болатынын білмей дал болады екенсің. Қазір Кұдайға шүкір, бәрі жақсы. Әйелімнің бойындағы белгілері менікіндей қатты болмағанын айта кету керек. Оның температурасы бір апта көтерілді. Тыныс алуында қиындық болмады. Пневмония байқалмады.
- Штаттардан қазір коронавирус жұқтырған адамдарды қалай емдеп жатыр?
- Бізде емдеу әдістері көп әрі әртүрлі. Бірақ шынын айтсам, ештеңе көмектеспейді. Бізді әу баста антибиотиктермен қатар пневмонияға, безгекке қарсы дәрі-дәрмекпен емдей бастады. Ауру жеңіл өтсе, жақсырақ. Бірақ барлық орган вирустан зардап шеккенде, мұның ешқайсысы көмектеспейді. Әртүрлі компания вирустарға қарсы көптеген дәрі шығарып та жатыр. Бірақ олар көмектесетін емес. Қазір медицина қызметкерлері науқастан науқасқа қан құя бастады. Бірақ оның да көмегі шамалы. Бұл жағдайда көмектесе алатын жалғыз нәрсе - уақыт. Бірақ жасанды желдетуді қажет ететін пациенттер, шын мәнінде, ол аппараттан бір сәтке алыстай алмайтынын ескертемін. Бізде аппаратта бір айдан астам уақыт бойы жатқан науқастар бар.
Бір жаңашылдық бар - кейінгі кезде біз адамдарды желдеткіштерге қоспауға тырысамыз. Ол аппараттарды адамдардың кеудесіне қоямыз да, тыныс алу қиынға соғатын адамдарға дем алуды жеңілдететін арнайы маска кигіземіз. Бұл сәл жақсы тыныс алуға көмектеседі. Кейбір тәжірибелік препараттар бар, бірақ олардың көмектесетін-көмектеспейтінін нақты айтуға әлі ертерек.
- Коронавирустың алдын алуға қатысты халықтық сипатта әртүрлі кеңестер айтылып жатыр. Біреу зімбір, екіншісі усарымсақ, үшіншісі ішімдік инфекциядан қорғайтынын айтуда. Мұндай тұжырымдармен келісесіз бе?
- Біз АҚШ-қа 1989 жылы СССР-дан көшіп келдік (күледі). Менің әке-шешем усарымсақ, лимон, 100 грам арақ ішу секілді амал-әдісті жақсы көреді. Совет кезінен бері келе жатқан сол буын әлі де мұндай тұжырымдарға сенеді. Бірақ мен басқа жағдайда өстім. Сол себепті сене бермеймін. Алдын алу болсын, аурудың басқа түрі болсын пікірім солай. С дәрумендері, мультивитаминдер. Алайда өзіңіз айтқан амал-әдістер көпке пайдалы дегенді айта алмаймын. Дәрігер болғанымнан шығар.
- Бізде алғашқы күннен бастап көшеде маска тағып жүру керек пе, жоқ па деген сұрақ аясында пікірталас жүріп жатыр.
- Масканы көшеде киіп жүру керек. Оны пәтерден шығар алдында дереу киіп алған абзал. Бір ғана мысал: сіз көшеде келе жатырсыз делік. Қарсы жүрген адам түшкіреді. Егер ол коронавируспен ауырса, бұл вирус ауада 8 сағатқа дейін өмір сүре алады. Егер ол қандай да бір беткейге түссе де, ол жерде сақталып тұрады. Міне, сол себепті масканы үнемі кию керек. Бұл сізге вирусты жұтып қоймай, қолыңызды аузыңызға албаты тигізбеуге де көмектеседі. Адамдар күніне жүз реттен артық еріксіз бетіне қолын тигізеді, оны басқару қиын. Масканы көшеде киюге болмайды деген ұсыныстардың өзі дұрыс емес. Маска кию арқылы сіз өзіңізді өзгеден, өзгені өзіңізден қорғайсыз. Қолды үнемі жуып тұру керек. Қанша дегенмен бұл аурудың алдын-алуға көмектеседі. Өзім де қолымды бірнеше рет жуамын да, артынша арнайы крем жағамын.
- Қазақстанда вирусты жаппай жұқтырудың алдын алу үшін қатаң карантин шаралары енгізілген. Азаматтарға албаты көшеде қыдыра бермеуге кеңес беріледі. Әйтсе де адамдардан қазір сабыр қаша бастаған. Бұған қатысты не айтар едіңіз?
- Сіз айтқан сабыры қашқан азаматтар бір сәтке Нью-Йоркте не болып жатқанын көру керек. Сонда ғана олар ашуын ауыздықтай алады. Күн сайын мұнда мыңдаған адам қайтыс болады. Егер олар бүлік шығарса және карантинде қалғысы келмесе - өздерінің шешімі. Мұны түсінбейтін және талапты орындағысы келмейтін адамдармен жұмыс жүргізу қиын. Қалай болғанда да, сізге карантин керек. Әйтпесе сіз бұл вирусты тоқтата алмайсыз. Біреулер бұл вирус жаздың өзінде жойылады дейді. Маған сеніңіз - бұл вирус жазда жойылмайды! Карантин ашылғаннан кейін вирус қайтып оралады. Сондықтан адамдар еш себепсіз ашуланады, менің ойымша. Мысалы, мен де серуендегім келеді, мейрамхана мен кинотеатрға барғым келеді. Әсіресе менің кішкентай қызым болғандықтан қыдыруды қалаймын. Достармен кездесіп, ата-анама барсам деймін. Мен де қалыпты өмір сүргім келеді. Бірақ қазір бұл мүмкін емес.
- Әлеуметтік желідегі пікірлерге қарасақ, еліміздегі кейбір адамдар коронавирусты жұқтырып, қайтадан жазылып шыққандарына сенімді. Тек олар бұл ауруды кәдімгі тұмау деп ойлағандарын айтады. Бұл адамдардың тұжырымымен келісесіз бе?
- Бір қызығы, шынымен де сондай адамдар бар. Олар коронавируспен ауырған, бірақ оны байқамаған. Яғни, олардың бойындағы ауру белгілері соншалықты айқын көрінбеген. Неліктен бұлай екенін айта алмаймын. Кейбіреулердің неге коронавирустан қайтыс болып кететінін, ал басқалары тіпті ауруды мүлде сезбей қалатынын түсіну мүмкін болмай тұр. Қазір бұл құбылысты түсіндіру мүмкін емес. Мысалы, коронавируспен ауыратын науқастардың иммундық жүйесінде коронавирусты қабылдамауға көмектесетін IGG жасушалары пайда болады. Бірақ олардың адам ағзасында қанша уақыт болатынын ешкім білмейді. Менің өзім де кем дегенде бір жыл осы вируспен ауырмайтыным туралы үміт бар ма - мұны ешкім білмейді. Оңтүстік Кореяда коронавирусты жұқтырған адамдар тағы да осы дертке шалдықты деген ақпарат бар. Бірақ бұл мәлімет расталған жоқ.
- Сөз соңында АҚШ-та коронавирустан көз жұмғандарды қалай жерлеп жатқанын білсек деп едік.
- Бұл ең қиын мәселе. Ол туралы ойласам, жүрегім ауырады. Біздің ауруханаға пациенттер (кез келген аурумен) түскен кезде туыстары оларға енді бара алмайды. Ешкімді кіргізуге рұқсат жоқ. Адам осылайша жападан жалғыз көз жұмады. Оларға көмектесу үшін мен туыстарына Whats App және Skype арқылы қоңырау шалып жатамын, олардың көзінше телефон ұстап беремін. Көз жұматын адам қоштасып, отбасына соңғы сөзіп айтып жатқан кезде жүрегің ауырады. Коронавируспен ауырып, төсекте жатқан адамға медициналық қызметкерлерден басқа ешкімді кіргізуге болмайды. Адам коронавирустан қайтыс болған кезде оның денесі мәйітханаға жіберіледі. Осыдан кейін ол тиісті рәсімдерсіз және туыстарының қатысуынсыз туыстарының шемімен жерленеді немесе крематорийге жіберіледі. Нью-Йоркте Манхэттеннің жанында арал бар. Сол жерде коронавирустан қайтыс болған мыңдаған адам жерленген. Бұл өте қорқынышты, сондықтан өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз, режимді сақтаңыз! Бұл үндеу жер шарындағы барлық адамзатқа арналған.
2019 жылғы желтоқсан айында пайда болып, бүгінде дүние жүзін дүрліктіріп тұрған коронавирустың ресми атауы – Covid-2019. Індет Қазақстанға да жеткен соң, елде қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, коронавирус мәселелері бойынша Telegram-бот іске қосылды.
Informburo.kz Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңесі бойынша Covid-2019 туралы жиі қойылатын сұрақтардың жауабын, дерттен сақтану жолын ұсынады.
Covid-2019. Бұл не?
Covid-2019 – коронавирустың осы уақытқа дейін анықталмаған жаңа түрі. Коронавирустар көбіне жануарларды зақымдайтын вирустар тұқымдасы болып табылады, бірақ кей жағдайда адамға да жұғуы мүмкін. Covid-2019 – коронавирустың адам ағзасына әсер ете алатын жетінші түрі.
Коронавирустың қаупі қандай?
Қалыпты жағдайда Covid-2019 жұқпасынан кейін асқыну қаупі жоқ. Бұл вирус:
- 65 жастан асқан адамдарға;
- бес жасқа дейінгі балаларға;
- жүкті әйелдерге;
- иммунитеті әлсіз не жүрек, өкпе, бүйректің созылмалы аурулары бар адамдарға қауіп туғызуы ықтимал.
Сырқат кей науқастарда ауыр түрде өтіп, пневмония мен тыныс алудың қиындауына әкелуі мүмкін. Сирек жағдайда вирус өлімге әкеледі.
Covid-2019 симптомдары
Коронавирус кәдімгі тұмау тәрізді болғандықтан, оның алғашқы белгілерін көп адам байқай бермейді. Дегенмен, дәрігерлер келесі симптомдар білінсе, бірден дабыл қағуға кеңес береді:
- дене қызуының көтерілуі, жоғары тепмература;
- құрғақ қатты жөтел;
- бастың ауруы;
- кеуде тұсының ауруы;
- ентікпе және тыныс алудың бұзылуы;
- жүрек қағысының жиілеуі;
- пневмония;
- безгек;
- мұрынның бітуі;
- фарингит;
- диарея.
Осындай симптомдарды байқасаңыз, 103 нөміріне хабарласып, бірден медициналық мекемеге хабар беріңіз. Әсіресе вирус тараған елдерден сапарлап келген болсаңыз, міндетті түрде тексерілген жөн.
Коронавирус қалай жұғады?
Коронавирус респираторлық жолмен жұғады.
Covid-2019 инфекциясын жұқтырған адаммен жақын байланыссаңыз, қауіпті дертке шалдығуыңыз әбден мүмкін. Инфекция ауру жұқтырған адамнан келесі адамға жөтелгенде не түшкіргенде науқастың мұрнынан, аузынан бөлінетін ұсақ тамшылар арқылы беріледі. Бұл тамшылар заттардың бетіне, есік тұтқасына түседі. Ол заттарды ұстаған адам қолын жумастан көзіне, мұрнына немесе аузына тигізсе, ауруды жұқтырады. Сондықтан, коронавирусқа шалдыққан адамнан 1 метрден аса қашықтықта жүру маңызды. Қазіргі уақытта ғалымдар вирустың заттардың бетінде қанша уақыт тіршілік ететінін анықтауда. Вирус бір сағаттан бірнеше күнге дейін өміршеңдігін сақтай алады деген болжам бар. Сондықтан, вирусты өлтіру және олардың адамға жұғуына жол бермеу үшін қарапайым дезинфекциялаушы заттарды қолдануға болады.
Коронавирустан қалай сақтану керек?
Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының инфекцияның алдын алуға беретін кеңестері:
- Қолды әр жарты сағат сайын 20 секунд бойы сабындап жуу;
- Микробтарды өлтіруге антисептик көмектеседі. Медициналық спирт те қолдануға жарайды. Егер спиртке аллергия бар болса, санитайзерді пайдаланыңыз;
- Түшкіргенде және жөтелгенде мұрын-аузыңызды қағаз майлықпен не шынтағыңызбен жабыңыз. Содан кейін майлықты жабық контейнерге тастап, қолыңызды жуыңыз;
- Қолыңызды көзіңізге, мұрныңызға және аузыңызға тигізбеңіз, бұлар вирустың "кіріс қақпасы" саналады;
- Жөтел, жоғары температура және тыныс алу мүшелері ауруларының басқа симптомдары бар адамдардан аулақ жүріңіз;
- Адам көп жиналатын қоғамдық орындарға, той-томалақ, жиындарға бармай, үйде отыруға тырысыңыз;
- Адамдармен қол алыспай, қашықтықтан амандасқан жөн;
- Іссапардан бас тартып, әлем бойынша саяхатты шектеңіз;
- Үйдің терезесін жиі ашып, ауаны тазартып тұрыңыз;
- Қоғамдық көлікті жиі пайдаланбаған жөн;
- Қолма-қол ақшадан бас тартып, төлемді мүмкіндігінше банк картасы арқылы жасаңыз;
- Бөлмені жиі желдетіңіз;
- Табиғат пен фермалардағы жануарлардан аулақ жүріңіз;
- Ет пен жұмыртқаны ұзақ уақыт қайнатып не пісіріңіз, яғни, шала піскен күйінде тұтынбаңыз;
- Температура көтерілгенде, жөтелгенде және тыныс алу қиындағанда дереу медициналық жәрдемге жүгініңіз;
- Иммунитетіңізді нығайтып, салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Ақуыздарға, дәрумендерге және минералды заттарға бай тағамдарды тұтыныңыз.
Профилактикалық 5 шара
Денсаулық сақтау министрлігі профилактикалық 5 шараны тұрақты істеуге кеңес береді:
- қол мен бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;
- қолға арналған спирттік антисептиктерді қолдану;
- көп адам жиналған орындардан аулақ болу;
- науқас адамдармен байланысқа түспеу;
- салқын тию белгілері (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болғанда міндетті түрде дереу үйге жедел жәрдем шақыру қажет.
Карантинге кімдер жатқызылады?
Қазақстанның Бас санитарлық дәрігерінің "Қазақстанда коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша шараларды ары қарай күшейту туралы" 2020 жылғы 4 наурыздағы №12 жаңа қаулысына сәйкес, Covid-19 коронавирустық инфекция бойынша қауіпті елдердің тізімі жасалды. 1А санатына жататын мемлекеттен келгендер міндетті түрде медициналық мекемеге оқшауланады. Қалғаны үй карантиніне жатады:
- 1 А санаты – ҚХР, Иран, Оңтүстік Корея, Италия;
- 1 Б санаты – Франция, Германия, Испания;
- 2 санат – Швейцария, Ұлыбритания, Нидерландтар;
- 3 санат – Бельгия, Швеция, Норвегия, Үндістан, Ирак, Филиппин, АҚШ.
- 1 А санаты – Иран, Италия;
- 1 Б санаты – ҚХР, Оңтүстік Корея, Франция, Германия, Испания;
- 2 санат – Австрия, Бельгия, Дания, Катар, Норвегия, Нидерландтар, БАӘ, Швейцария, Швеция;
- 3 санат – Әзербайжан, Ұлыбритания, Ирак, Люксембург, Словения, АҚШ, Чехия, Жапония.
Үй карантинінде жатқан адамдар нені ескеруі керек?
Covid-2019-дың инкубациялық кезеңі 14 күнге дейін созылады. Дәрігерлер үйде оқшауланған науқастарға келесі кеңестерді ұсынады:
- Үйден шықпаңыз;
- Жабық есігі бар, жақсы желдетілетін бөлмеде жатыңыз;
- Қажеттілік үшін бөлмеден шыққан жағдайда, маска киюді ұмытпаңыз;
- Түшкіргенде және жөтелгенде мұрын-аузыңызды қағаз майлықпен не шынтағыңызбен жабыңыз;
- Қолыңызды жиі дезинфекциялаңыз, әсіресе тамақ ішер алдында тазалық шараларын қатаң сақтаңыз;
- Қолды бір рет қолданатын қағаз майлықпен сүртіңіз;
- Мүмкіндігінше бөлек гигиеналық бөлме пайдаланған жөн;
- Үйге қонақтардың келуін шектеңіз.
14 күндік карантинге жатқызылған адам ол аяқталғаннан кейін де 10 күнге дейін телефон арқылы медқызметкерлердің бақылауында болады.
"Мифтерге сенбеңіз!"
Жаңа вирустық инфекциялар таралғанда әдетте күмәнді, жалған ақпарат таралады. Дүниежүзілік деңсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирус жайында танымал мифтердің жалғандығын хабарлады:
- Қытайдан келген пошта қауіпті емес – хаттар мен сәлемдемелерден жаңа коронавирус жұқтырып алуға болмайды;
- Үй жануарлары, мысықтар мен иттер Covid-2019 жұқтырушысы емес. Оған ешқандай ғылыми дәлел жоқ;
- Пневмонияға қарсы вакциналар жаңа коронавирустан қорғамайды. Оған арнайы екпе қажет, оны дәл қазір ғалымдар әзірлеуде;
- Сарымсақ, күнжіт майы, ауыз шаюға арналған сұйықтық немесе мұрынға арналған тұз ертіндісі вирусқа қарсы көмектесетініне еш дәлел жоқ;
- Антибиотик коронавирусты емдеуге көмектеспейді. Егер вирус бактериялық инфекцияға әкелсе, дәрігеріңіз антибиотик тағайындауы мүмкін, себебі анибиотик бактериялық инфекцияны емдейді. Бірақ, ол коронавирустан емделуге көмектеспейді;
- Коронавирустың алдын алатын не емдейтін дәрілер жоқ. Ғалымдар қазір сондай препаратты әзірлеумен айналысуда.
Әрбір адам өз денсаулығына жауапты болып, бірден дәрігерге жүгінуі керек. Медициналық көмек симптомдарды жеңілдетуге және аурудың әрі қарай дамуына жол бермеуге көмектеседі.
Өзіңізге ыңғайлы жерден informburo.kz оқыңыз:
Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жариялауына және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстанда короновирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Ендігі кезекте жаһандық проблемаға айналған инфекцияға дұрыс әрі уақытылы шара қолдана білу қажет.
Мен иммунолог маман ретінде, сіздерге әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылған түрі шаралар турасында кеңінен айтамын. Эпидемия кезінде қолданылатын қауіпсіздік мақсатындағы алдын алу шараларын әлемдік тәжірибеден алуға кеңес беремін.
Коронавирус та вирустар тобына жатады. Ол әр жылы эпидемиялық ауру таратуға түрткі болған. Мәселен 2003 жылы (SARS) өкпе қабынуын, 2012 жылы таяу шығыстағы (MERS) респираторлық инфекциялар синдромын тудырды.
Ал қазір таралып жатқан коронавирустың ресми атауы – SARS-CoV-2. Оның таралуына кесіртке, құмырысқалар мен Қытайда мекендейтін жарқатанаттар ықпал етуі мүмкін. Аталған вирус адамдарда COVID-19 деп аталатын инфекциялық ауру тудырады. Оның негізгі сипаты – өкпені зақымдауында. Вирустан еркін тыныстай алмайды, жөтел қысып, ыстығы көтеріледі. Бұлшық ет ауырады, іші өтіп, әлсіздік пайда болады.
Алайда аталған сипаттамалар кәдімгі тұмауға ұқсағанымен, COVID-19 коронавирусының инфекциясы әлдеқайда қауіпті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебі бойынша, короновирустан қайтыс болу көрсеткіші 3,4 пайызды құрайды. Бұл кәдімгі тұмаумен салыстырғанда 30 есе жоғары.
Өйткені ем-дом жасап, алдын алу шараларын уақытылы жүргізгенімен короновирусты инфекцияның ауыр түрлері көп жағдайда адам өлімімен аяқталады. Оның үстіне масштабты эпидемия кезінде ауруханалар секторы мен медицина қызметкерлеріне ауыр салмақ жүктеледі.
Әрине бұл кезеңде масштабты эпидемияның тараларына тосқауыл қоюда Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің дайындығы да сынға түседі. Яғни бір мезетте 500 ге жуық науқасқа көмек көрсету бір бөлек те, біртіндеп емханаға түсіп жатқан ауруларды емдеу бір бөлек нәрсе. Соңғысында мамандар уақыттан ұтып, қажетті ресурстарды ықшамдауға мүмкіндік алады.
Аса қауіпті жұқпалы дерттің инкубациялық кезеңі 14 күнді құрайды. Алайда егер инфекция жұққан болса ол бесінші күні ақ алғашқы белгілерін байқата бастайды. Сондай-ақ, инкубациялық кезеңде ешбір белгі байқаулмауы да мүмкін. Бірақ ол адамнан вирустың бөлшектері айналаға таралып, кемінде 2-4 адамға вирусты жұқтыруы мүмкін. Бір адамнан екінші адамға жұқтыру мерзімі орта есеппен 6 күнді құрайды. Сол себепті де короновируспен қарым-қатнаста болғандарды инкубациялық кезеңде оқшаулау аса маңызды.
Қазіргі уақытта коронавирус эпидемиясымен күресудің белгілі бір әлемдік тәжірибесі бар. Әсіресе, көрші Қытай мемлекетінде, Оңтүстік Кореяда, Сингапур мен Тайваньнан үйренетін нәрсе көп. Соның бірі – эпидемия кезінде науқастарды оқшаулау.
Эпидемиямен күресуде ауру жұқтырған адамдарды міндетті түрде карантинге оқшаулау қажет. Вирустың әрі қарай таралмауына осылайша тосқауыл қойған абзал.
Ғалымдардың есебінше егер 20 науқас вирусқа шалдықса, денсаулық сақтау саласының мамандары сол науқаспен бір апта бойы қарым-қатнаста болған 40-тан 100-ге дейінгі адамдар тізбегін анықтауы тиіс және араласқан адамдарды уақытылы тауып оқшаулау аса маңызды. Мұнда шаралар нәтижелілігі 80 пайызды құрап отыр.
Алайда бұл қажырлы еңбекті талап ететін жұмыс. COVID-19 дертіне шалдыққан және онысы расталған насқастарды бақылап отырған еуропалық орталықтың мәліметі бойынша, әрбір науқасқа орта есеппен медицина қызметкерлерінің 100 сағатқа жуық қызметі керек. Сондай-ақ, медицина қызметкерлерінің вирусты жұқтыру қаупі қарапаым халыққа қарағанда бірнеше есе жоғары.
СОЛ СЕБЕПТІ МЕДИЦИНА САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫНА ВИРУСҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТЕ МЕЙЛІНШЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТКЕН ЖӨН.
Бұл орайда халық арасында ауызбіршілік пен қатаң тәртіп аса маңызды. Бүгінгі таңда барлық қазақстандықтардан не талап тілді? Бірінші кезекте, қауіпсіздік ережелерін бұлжытпай орындау.
Нұсқаулар еліміздің денсаулық сақтау министрлігінің мессенджерлері арқылы белсенді таралып жатыр. Әрі басылымдар мен электронды бұқаралық ақпарат құралдарында да ақпарат кеңінен жарияланып жүр. Дерттің алдын алуға бағытталған іс шараларды орындауларыңызды сұраймыз.
Көрші мемлекеттердің тәжірибесі көрсеткендей эпидемияның бастапқы кезінде алдын алу шараларын жүргізу айтарлықтай нәтиже береді. Әсіресе, бірінші күннен бастап сақтық шараларын күшейтіп, адамдардың тығыз қарым-қатнасын азайтқан жөн. Мұндай тәсілді эпидемиологтар әлеуметтік дистанциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету деп біледі. Бүгінде Қазақстанда мектептер жабылып, халық көп шоғырланатын орындарға баруға тыйым салынған. Мұндай шара вирус жұқтыру көрсеткішін төмендетуге септеседі.
Егер мұндай шаралар да әсер етпесе, жаңдай ушығып Қытай мен Италия мемлекеттерінің сценариі бойынша дамуы мүмкін. Яғни халықты карантинге жабу.
Біздің елде барлық іс-әрекеттер жасалып, ондай ушығуға жол берілмейді деп ойлаймын!
Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.
Читайте также: