Вирус ар?ылы таралатын аурулар
П?ні биология
Сыныбы 10
Саба? №22
Саба?ты? та?ырыбы §21 Вирустар – тіршілікті? жасушасыз т?рі
Саба?ты? ма?саты: а) білімділік О?ушылар?а вирустар-тірі организмдерді?
ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі екенін, олар ар?ылы
таралатын кейбір ауруларды? т?рлері туралы т?сінік беру.
?)дамытушылы?: О?ушылар?а с?ра? ?оя отырып,
вирустар, бактериофаг туралы ал?ан т?сінікті
б) т?рбиелік О?ушыларды тірі а?заларды ?ор?ау?а, аялау?а,
ата-тегіні? ?асиеттерін ?астерлеуге, жеке т?л?аны? ?з
бойында?ы ??ндылы?тарын ны?айту?а т?рбиелеу
Саба?ты? типі жа?а білім беру
Саба?ты? т?рі аралас саба?
Саба?ты? ?дісі: ??гіме-с?хбат, т?сіндіру ,с?рау, жауап алу.
Саба?ты? к?рнекілігі: вирустарды? суреттері, схемалар, интерактивті та?та
П?н аралы? байланыс жануартану, ?сімдіктану
Саба?ты? жоспары
- ?йымдастыру кезе?і
- ?й тапсырмасын с?рау
- ?й тапсырмасын бекіту
- Жа?а саба?ты ?туге дайындау
- Жа?а саба?
- Жа?а саба?ты бекіту
- Білімдерін ба?алау
- ?йге тапсырма беру
Саба?ты? барысы: І. ?йымдастыру кезе?і
- О?ушылармен с?лемдесу, т?гендеу.
- О?ушыларды? назарын саба??а аудару
ІІ ?й тапсырмасын с?рау
Ой тол?ау
- Микробиология нені зерттейтін ?ылым ?
- Микробиология ?ылымыны? дамуына ?лес ?ос?ан ?алымдарды ата.
- Микроорганизмдер пайдалы ма, ?лде зиянды ма?
- Прокариоттар дегеніміз не?
- Бактериялар неше т?рлі болып таби?атта тарал?ан,пішініне байланысты.
- ?андай прокариоттарда хлорофилл пигменті бар ?
Микробиология тарихында
Б?л кім?
Л. Пастер ( 1822- 1895) аш?ан жа?алы?тарды? м?ні аса зор. Европа ?нерк?сіптік капитализм ?ар?ындап дамыды . Осы?ан байланысты микробиологияда бір?атар жетістіктер пайда бролды. Ол жетістіктерге Пастерді? тікелей ?атысы бар. Ол 1857 жылы ашу процесін зерттеп, оны? таби?атын таныды, 1891 жылы ж??палы аурулар ?оздыр?ыштарын зерттеп, онымен к?ресу ?шін пайдасы мол е?бек етті. ?сіресе Л. Пастерді? 1860 жылы "тіршілікті? ?здігінен пайда болуы"?зілді –кесілді со??ы беруді ма?ызды болды. Пастер тіршілік еш?андай ?здігінен пайда болмайды?оректік ортада?ы ?згеріс микроптар ?серінен болады деп біржолата ?зілді- кесілді ?орытынды жасады.
Микроорганизмдерді ал?аш к?ріп, сипаттап жаз?ан Галландия ?алымы Антон Ван Левенгук (1632 - 1723). Ол заттарды 160-300 есе ?лкейте алатын ал?аш?ы оптикалы? ??рал "жабайы"микроскоп жасады. 1695 жылы ?з зерттеулерін А. Левенгук "Антон ван Левенгук аш?ан таби?атты? ??пия сырлары "деген атпен кітап етіп жазып шы?арды. Левенгук зерттеулері сол кездегі к?птеген таби?ат зерттеушілеріні? назарын аударды.
ІІІ ?й тапсырмасын бекіту
Семантикалы? карта
К?беюі
Эукариот жасушасы
Прокариот жасушасы
І?. Жа?а саба?ты ?туге дайындау
Прокариоттардан т?мен т?р?ан не?
Жа?а саба?
Вирустар – тіршілікті? жасушасыз т?рі
Д?ниеж?зілік микробиологиятарихында орыс ?ылымы Д.И.Ивановскийді? алатын орны ерекше. Ол ХІХ ?асырды? со?ында темекі те?білі ауруын зерттеп, ол ауруды? ?оз?алыштарыны? бактериялардан да ?са? тіршілік иесі екенін тап?ан. Д.И.Ивановский ауру?а шалды??ан жапыра?ты жуып, ол жуындыны бактерияларды с?зетін с?згіден ?ткізгенде одан ?тіп кеткен. Осы с?йы?ты?ты темекіге ж??тыр?анда, оны? жапыра?ы ?айтадан сар?айып, ауру?а ?шыра?ан. За?ымдан?ан темекі жапыра?ын ?лкейткіш ??ралдармен тексергенде кристалдар бай?ал?ан. Кейіннен 1935 жылы америкалы? ?алым У.Стенли б?л кристалдарды? темекі те?білі вирустарыны? шо?ырыл?ан жиынты?ы екнін тапты. ХІХ ?асырды? со?ында Д.И.Ивановский аш?ан ?те ?са? тіршілік иесіні? вирустар екендігі д?лелденді.
Вирус (латынша "virus"- у) – тірі организмдерді? ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин ?ыш?ылынан немесе дезоксирибонуклеин ?ыш?ылынан ??рал?ан нуклеопротеидтерден, сондай-а? ферментті н?руызбен ?аптал?ан ?абы?шадан – капсидтерден т?рады. Б?л ?абы?ша вирусты? ??рамында?ы нуклеин ?ыш?ылдарын сырт?ы ортаны? ?олайсыз жа?дайларынан ?ор?айды. Кейбірвирустарды? ??рамында нуклеин ?ыш?ылдарынан бас?а к?мірсулар, май т?різді заттар, биотин (Н витамині) ж?не мыс молекулалары кездеседі.
Вирустар тек тірі жасушада ?ніп-?сіп к?беюге бейімделген. Электронды? микроскоппен 300 мы? еседей ?лкейтіп ?ара?анда, оны? пішіні тая?ша т?різді, жіп т?різді немесе іші ?уыс цилиндр пішінді болатыны д?лелденді. Вирустар тірі организмдерді? барлы?ын уландырады. ?азіргі кезде вирустарды? жылы ?анды омырт?алыларды уландыратын 500-дей, ал ?сімдіктерді уландыратын 300-ден астам т?рі белгілі болып отыр.
Бактерияларды за?ымдап, ерітіп(лизис) жіберетін вирустарды бактериофагтар деп атайды. Бактериофагтарды ал?аш рет 1915 жылы а?ылшын вирусологі ж?не бактериологі Ф. Туорт сипаттап жазды. Кейбір бактериофагты? пішіні итшаба??а ??сайды. Оны? денесі – басы, ??йры?ы ж?не іші ?уыс тарма?тал?ан базальді та?ташадан т?рады. Вирусты сыртынан н?руыз ?абатты ?аптайды, ішінде ДН? немесе РН? болады. Басыны? м?лшері 40 нм, ал "??йры?ыны?" ?зынды?ы 20-22 нм-ге те?. "??йры?ыны?" ?шы – н?руыз молекуласынан т?ратын ?уыс т?тік.
Вирустар ар?ылы таралатын кейбір ауруларды? т?рлері. ?сімдіктерде болатын вирусты аурулардан темекі, асб?рша? ж?не бас?а да?ылдарды? те?біл ауруы белгілі. М?нда вирустар ауру ?сімдіктерді? хлоропластарын б?зады да, жапыра?тарды? за?ымдан?ан жерлері т?ссізденіп ?алады. Жануарларды?, ?сімдіктер мен бактерияларды? жасушаларына енген вирустар к?птеген ?ауіпті аурулар ту?ызады. Мысалы, т?мау, полиомиелит, шешек, аусыл, ??тыру ж?не т.б.аурулар вирус ар?ылы таралады.
Т?мауды? на?ыз ?оздыр?ышы 1933 жылы табылды. Б?л ауру ертеден белгілі. Т?мау індеті адам баласына шешек пен обадан кем тимеген. 1918-1920 жылдары 500 миллиондай адам аурып, оны? 20миллиондайы ?айтыс бол?ан.
Полиомиелит – тез таралатын індет. Полиомиелит вирусы т?мау вирусымен салыстыр?анда ?те кішкентай болады. 1916 жылы Нью – Йоркте полиомиелиттен 2 мы?дай адам ?айтыс болып, 7 мы?дай адам сал ауруына шалды??ан. Б?л ауру, ?сіресе балалар арасында ке? тарал?ан. Оны? ?оздыр?ышы су, та?ам ж?не ауа ар?ылы таралады. Полиомиелит індеті ?аза?станда, ?сіресе 1961 жылы ке? ?ріс алды. Б?л ауруды? ?оздыр?ыштары ж?йке жасушаларына еніп, адам?оз?алысын бас?аратын ж?келерді б?зып жансыздандырады.
Электронды о?улы?тан вирустар туралы ?ыс?аша т?сінік беру.
VІ. Саба?ты бекіту
Ой таным
1. Вирустар туралы не білесі??
2. Олар бас?а жасушаларда ?алай дамиды?
3. Д.И. Ивановский мен Ф.Тоуорт е?бектеріні? ??ндылы?ы неде?
4. Вирустар ар?ылы таралатын ?андай ауруларды? т?рлерін білесі??
Терминдік болжам
- Вирус
- Бактериофаг
- Фаг
- Лизоцим
- Лизоген
Вирустарды ажыраты біл
Т?мау, ?шы? , с?зек, ??тыру, оба, СПИД, полиомелит, ?ызылша, сары ауру, сіреспе, іш с?зегі, баспа, туберкулез
Проблемалы? с?ра?
- ??с т?мауы ауруы туралы не білеміз?
- Т?мау ауруынан ?алай са?танамыз?
Рефлексия
Білемін
?йрендім
?йренгім келеді
VІІ. Білімдерін ба?алау
VІІІ.Тапсырма беру. §21 ?йге, вирус та?ырыбына реферат жазу.
Сабақтың тақырыбы §21 Вирустар – тіршіліктің жасушасыз түрі
Сабақтың мақсаты: а) білімділік Оқушыларға вирустар-тірі организмдердің
ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі екенін, олар арқылы
таралатын кейбір аурулардың түрлері туралы түсінік беру.
ә)дамытушылық: Оқушыларға сұрақ қоя отырып,
вирустар, бактериофаг туралы алған түсінікті
б) тәрбиелік Оқушыларды тірі ағзаларды қорғауға, аялауға,
ата-тегінің қасиеттерін қастерлеуге, жеке тұлғаның өз
бойындағы құндылықтарын нығайтуға тәрбиелеу
Сабақтың типі жаңа білім беру
Сабақтың түрі аралас сабақ
Сабақтың әдісі: әңгіме-сұхбат, түсіндіру ,сұрау, жауап алу.
Сабақтың көрнекілігі: вирустардың суреттері, схемалар, интерактивті тақта
Пән аралық байланыс жануартану, өсімдіктану
Үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасын бекіту
Жаңа сабақты өтуге дайындау
Жаңа сабақты бекіту
Үйге тапсырма беру
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
Микробиология нені зерттейтін ғылым ?
Микробиология ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдарды ата.
Микроорганизмдер пайдалы ма, әлде зиянды ма?
Прокариоттар дегеніміз не?
Бактериялар неше түрлі болып табиғатта таралған,пішініне байланысты.
Қандай прокариоттарда хлорофилл пигменті бар ?
Л. Пастер ( 1822- 1895) ашқан жаңалықтардың мәні аса зор. Европа өнеркәсіптік капитализм қарқындап дамыды . Осыған байланысты микробиологияда бірқатар жетістіктер пайда бролды. Ол жетістіктерге Пастердің тікелей қатысы бар. Ол 1857 жылы ашу процесін зерттеп, оның табиғатын таныды, 1891 жылы жұқпалы аурулар қоздырғыштарын зерттеп, онымен күресу үшін пайдасы мол еңбек етті. Әсіресе Л. Пастердің 1860 жылы "тіршіліктің өздігінен пайда болуы"үзілді –кесілді соққы беруді маңызды болды. Пастер тіршілік ешқандай өздігінен пайда болмайдықоректік ортадағы өзгеріс микроптар әсерінен болады деп біржолата үзілді- кесілді қорытынды жасады.
Микроорганизмдерді алғаш көріп, сипаттап жазған Галландия ғалымы Антон Ван Левенгук (1632 - 1723). Ол заттарды 160-300 есе үлкейте алатын алғашқы оптикалық құрал "жабайы"микроскоп жасады. 1695 жылы өз зерттеулерін А. Левенгук "Антон ван Левенгук ашқан табиғаттың құпия сырлары "деген атпен кітап етіп жазып шығарды. Левенгук зерттеулері сол кездегі көптеген табиғат зерттеушілерінің назарын аударды.
ІІІ Үй тапсырмасын бекіту
ІҮ. Жаңа сабақты өтуге дайындау
Прокариоттардан төмен тұрған не?
Вирустар – тіршіліктің жасушасыз түрі
Дүниежүзілік микробиологиятарихында орыс ғылымы Д.И.Ивановскийдің алатын орны ерекше. Ол ХІХ ғасырдың соңында темекі теңбілі ауруын зерттеп, ол аурудың қозғалыштарының бактериялардан да ұсақ тіршілік иесі екенін тапқан. Д.И.Ивановский ауруға шалдыққан жапырақты жуып, ол жуындыны бактерияларды сүзетін сүзгіден өткізгенде одан өтіп кеткен. Осы сұйықтықты темекіге жұқтырғанда, оның жапырағы қайтадан сарғайып, ауруға ұшыраған. Зақымданған темекі жапырағын үлкейткіш құралдармен тексергенде кристалдар байқалған. Кейіннен 1935 жылы америкалық ғалым У.Стенли бұл кристалдардың темекі теңбілі вирустарының шоғырылған жиынтығы екнін тапты. ХІХ ғасырдың соңында Д.И.Ивановский ашқан өте ұсақ тіршілік иесінің вирустар екендігі дәлелденді.
Вирус (латынша "virus"- у) – тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан – капсидтерден тұрады. Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғайды. Кейбірвирустардың құрамында нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар, май тәрізді заттар, биотин (Н витамині) және мыс молекулалары кездеседі.
Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген. Электрондық микроскоппен 300 мың еседей үлкейтіп қарағанда, оның пішіні таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді болатыны дәлелденді. Вирустар тірі организмдердің барлығын уландырады. Қазіргі кезде вирустардың жылы қанды омыртқалыларды уландыратын 500-дей, ал өсімдіктерді уландыратын 300-ден астам түрі белгілі болып отыр.
Бактерияларды зақымдап, ерітіп(лизис) жіберетін вирустарды бактериофагтар деп атайды. Бактериофагтарды алғаш рет 1915 жылы ағылшын вирусологі және бактериологі Ф. Туорт сипаттап жазды. Кейбір бактериофагтың пішіні итшабаққа ұқсайды. Оның денесі – басы, құйрығы және іші қуыс тармақталған базальді тақташадан тұрады. Вирусты сыртынан нәруыз қабатты қаптайды, ішінде ДНҚ немесе РНҚ болады. Басының мөлшері 40 нм, ал "құйрығының" ұзындығы 20-22 нм-ге тең. "Құйрығының" ұшы – нәруыз молекуласынан тұратын қуыс түтік.
Вирустар арқылы таралатын кейбір аурулардың түрлері. Өсімдіктерде болатын вирусты аурулардан темекі, асбұршақ және басқа дақылдардың теңбіл ауруы белгілі. Мұнда вирустар ауру өсімдіктердің хлоропластарын бұзады да, жапырақтардың зақымданған жерлері түссізденіп қалады. Жануарлардың, өсімдіктер мен бактериялардың жасушаларына енген вирустар көптеген қауіпті аурулар туғызады. Мысалы, тұмау, полиомиелит, шешек, аусыл, құтыру және т.б.аурулар вирус арқылы таралады.
Тұмаудың нағыз қоздырғышы 1933 жылы табылды. Бұл ауру ертеден белгілі. Тұмау індеті адам баласына шешек пен обадан кем тимеген. 1918-1920 жылдары 500 миллиондай адам аурып, оның 20миллиондайы қайтыс болған.
Полиомиелит – тез таралатын індет. Полиомиелит вирусы тұмау вирусымен салыстырғанда өте кішкентай болады. 1916 жылы Нью – Йоркте полиомиелиттен 2 мыңдай адам қайтыс болып, 7 мыңдай адам сал ауруына шалдыққан. Бұл ауру, әсіресе балалар арасында кең таралған. Оның қоздырғышы су, тағам және ауа арқылы таралады. Полиомиелит індеті Қазақстанда, әсіресе 1961 жылы кең өріс алды. Бұл аурудың қоздырғыштары жүйке жасушаларына еніп, адамқозғалысын басқаратын жүкелерді бұзып жансыздандырады.
Электронды оқулықтан вирустар туралы қысқаша түсінік беру.
VІ. Сабақты бекіту
1. Вирустар туралы не білесің?
2. Олар басқа жасушаларда қалай дамиды?
3. Д.И. Ивановский мен Ф.Тоуорт еңбектерінің құндылығы неде?
4. Вирустар арқылы таралатын қандай аурулардың түрлерін білесің?
Вирустарды зерттейтін ғылымды вирусология деп атайды. Құрамындағы қышқыл түріне байланысты рибонуклейнді (РНҚ) және дезаксириболнуклейнді (ДНҚ) деп екі топқа бөледі. Вирустарда өз кезегінде ортапоксвирус, герпесвирустар, аденовирустар, парвовирустар, реовирустар, парамиксовирустар, ортомиксовирустар, коронавирустар және т.б. болып бөлініп кете береді.
Дәл қазіргі дүниені дүрліктірген коронавирус өте аз зерттелген вирустарға жатады. Ашылғанына да көп бола қойған жоқ, 1968 жылы ғана жеке топ ретінде бөлінді. Коронавирус дейтін себебі, ауру қоздырғышын электронды микроскоппен қарағанда вирустың антигендік құрылымы (нуклеокапсид) ортасы дөңгелектеніп келіп шет жақтарынан жан- жаққа қарай бұтақ тәрізді өсінділер тарайтындықтан оны коронаға (тәжге) ұқсатып коронавирустар деп атап кеткен.
Коронавирус тудыратын аурулармен адамдармен бірге ірі қара мал, түйе, шошқа, ит, мысық және т.б. жануарлар да ауырады.
Коронавирустар негізінен тыныс алу, ас қорыту, жүйке жүйесін көп зақымдайды. Ауру көп жағдайда жеңіл өткенімен, оның кейбір штаммдарынан күрделі асқынулар пайда болады. Коронавирустар мутацияға өте бейім келеді, бір түрден екінші бір түрге жылдам өзгеріп, алғашқыда жануарларда, соңынан адамдарда, белгілі бір уақыттан кейін қайтадан жануарларда ауру тудырады.
2019-nCov Ухань коронавирусы деп аталатын жаңа коронавирус алғаш рет 2019 жылы бөлінді. Бастапқыда онымен балық базарына барған адамдар ауырды, адамдар ауруды жануарлардан жұқтырды деген болжам бар, бірақ қандай жануар екені айтылмады. Ақпарат құралдарының деректері бойынша айтылған базарда теңіз сүтқоректілерінен басқа, жарғанат, тауық, қоян, жылан және жануарлардың басқа да түрлері сатылған. Осы жануарлардың бірі ауру ошағы болуы мүмкін, вирус зооноз ретінде жануарлар мен адамдар арасындағы байланыстан немесе көптеген микробтар тәрізді ауалы-тамшылы жолдар арқылы тараған. 2020 жылы 20 ақпанда дәрігерлер вирустың адамнан адамға жұғатынын дәлелдеді.
Негізгі жұғу жолы ауалы-тамшылы, яғни адам жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде жұғады. Сирек жағдайларда болса да жұғудың контактілі түрі де кездеседі. Тыныс алу, ас қорыту және жүйке жүйесінің ішіндегі ең көп зақымдалатыны тыныс алу жүйесі.
Аурудың белгілері өкпе қабынуының және жедел респираторлық синдромның ауыр түрінің белгілеріне ұқсас келеді. Ауырған адамда құрғақ жөтел пайда болады, мұрыннан су ағады, тамағы жыбырлайды, температура 38 0 С және одан да жоғары болады, тыныс алу қиындап, ауа жетпей қалады, адамның көкірек тұсы қатты ауырады, басы ауырады, еттерде ауырсыну белгілері пайда болады (миалгия), әлсіздік белең алып, өкпе ұлпаларының прогрессивті бұзылуы салдарынан адам естен танып, өліп кетуі де мүмкін.
Коронавирустар тұқымдасы 40 түрлі вирустан тұрады. Өткен ғасырда тіркелген коронавирустар жедел респираторлық вирустық инфекциялардың қоздырғышы ғана болып, аса қауіп тудыра қоймаған болатын. 2003 жылы коронавирустың ТОРС-СоV деген түрі әлемнің 33 елінде пневмонияның (өкпе қабынуының), кәдімгі пневмонияға тән емес түрін таратып, одан 623 адам көз жұмды. Ғалымдар Уханьдағы 2019-nCoV коронавирусы мен өкпе қабынуының өте ауыр түрін қоздыратын ТОРС-СоV коронавирусының бір-біріне 70 пайыз ұқсас екенін анықтап отыр. Коронавирустар тарататын пневмония бактериялар тарататын пневмонияға қарағанда өте күрделі әрі жылдам өтеді. Мұндай жағдай ауруға жылдам диагноз қойып, емдік шаралар жүргізуді қиындатады.
Коронавирустың МЕРС-СоV деген түрі 2012 жылы Сауд Арабиясында індеттің өте ауыр респираторлы синдромын тудырып, одан 416 адам өлімге душар болды, бұл көрсеткіш ауруға шалдыққан адамдардың 35 пайызы болатын. Адамдар ауруды түйелерден жұқтырған. Қазіргі жаңа коронавирусты ғалымдар 2002 жылы Қытайда өкпе қабынуының өте ауыр, кәдімгі өкпе қабынуына ұқсамайтын түрінен эпидемия тудырған SARS коронавирусына ұқсатып отыр.
Аурудың біліне қоймайтын инкубация кезеңі өте қысқа 6-14 күн аралығында, ал ауру адамнан адамға жұғатын болса тіптен қысқа болып 5-6 күннен ары аспайды. Мұндай қысқа мерзімде аурудың белгілері толық пайда болып үлгермейтіндіктен аталған індетке диагноз қою қиындық тудырады. Сондықтан емдеу шаралары кеш басталып, көп жағдайда нәтижесіз аяқталады. Коронавирусты індеттің клиникалық белгілері жедел респираторлық вирусты аурулардың белгілеріне өте ұқсас келетіндіктен дұрыс диагноз қоюға мүмкіндік бермейді.
Иммунодиагностикалық зерттеу әдістері арқылы нәтижелі диагнозды ауруды жұқтырғаннан кейін 21 күннен соң ғана қоюға болады. Иммуноферментті талдау (ИФА) арқылы диагнозды ауру пайда болғаннан кейінгі 10 күннің ішінде қоюға мүмкіндік туады. Ең нәтижелі әрі жылдам қойылатын диагноз әдісіне молекулярлық-генетикалық құбылысқа негізделген полимеразды тізбекті реакцияны (ПЦР) жатқызамыз. Оған сынама ретінде қанды, сілекейді және басқа да физиологиялық сұйықтықтарды қолданады. Бұл әдіс арқылы диагноз қорытындысын 4-5 сағат әрі кеткенде 1 күннің ішінде алады. Аталған әдіс ДНҚ фрагменттерінің ең аз мөлшерінің өзін көбейтуге мүмкіндік туғызады. Бірақ бұл әдіс арқылы диагноз қою қымбатқа түседі.
Емдеу әдістеріне келетін болсақ, жаңа коронавирусқа тікелей қарсы әсер ететін препарат әлі табылған жоқ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хаттамасы бойынша науқас толық оқшауланады да, аурудың ауыр, жеңілдігіне, індетті құбылыстың өту ерекшелігіне байланысты жалпы вирусқа қарсы емдік шаралары жүргізіледі.
Індеттен қорғанудың қарапайым әдістеріне мыналар жатады: қолды сабындап жуу, соңынан спиртпен сүрту, жөтелгенде немесе түшкіргенде ауыз бен мұрынды орамалмен жауып тұру, тұмау және суық тию белгісі бар адамдармен көп араласа бермеу жолдарын қарастыру, жұмыртқа және ет өнімдерін қайнатқаннан кейін қолдану, үй жануарлары мен жабайы аңдарға көп жақындай бермеу және т.б.
Қазіргі таңда коронавирус індетінің алдын алу үшін қолданылатын вакцина жоқ. Қытай ғалымдары вакцина алу жолдарын қарастырып жатыр. Олар індет қоздырғышын бөліп алғанмен, вакцина жасауға қажетті штаммды әлі толық анықтай алмай отыр. Бұл өте ауқымды ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.
Зардабы өте жоғары, әлі толық зерттеле қоймаған, елімізде бұрын-соңды тіркелмеген коронавирус тәрізді экзотикалық аурулар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын биологиялық қауіпсіздік деңгейі жоғары зертханалық орталықтар мен институттар ғана жүргізе алады.
Мұндай мүмкіндігі бар кәсіпорын Қазақстанда екеу ғана. Бірі – Отардағы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу институты, екіншісі – Алматыдағы Орталық референттік зертхана.
Ал күрделі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге Орталық референттік зертхананың мүмкіндігі мол. Бір ғимаратта 3 министрліктің ғалымдары жұмыс істейтіндіктен ғылыми-зерттеу проблемаларын бірлесе, кешенді түрде шешуге толық негіз бар. Әкелінген сынамалар жан-жаққа тасымалданбай бір ғимарат ішінде жүргізілетіндіктен, оның сыртқы ортаға таралуына жол берілмейді.
Қорыта айтқанда, коронавирус және басқа да экзотикалық және эмерджентті аурулармен күресу кешенді, жедел және жан-жақты, ең бастысы ғылыми-зерттеу жұмыстарына негізделген болса, ауру тез ауыздықталып, еліміздің биологиялық және осыған негізделген басқа да қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілетіні сөзсіз.
Батырбек АЙТЖАНОВ,
ҚазҰАУ профессоры, ветеринария ғылымдарының докторы
Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі: Ж.Тұрған
Пән: Биология Мектеп: № 201
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мұғалімнің аты-жөні: Пазылбекова Перизат
Күні: 26.11.2016 Қатысқандар саны: 14
Вирустық аурулар және олардың алдын алу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
Вирусология ғылымының ашылу тарихын, вирустар арқылы таралатын кейбір аурулардың түрлерін және олардан сақтану мен алдын алу шаралары туралы түсінік беру
Барлық оқушылар: Вирустар арқылы таралатын кейбір аурулардың түрлерін және олардан туындайтын аурулардың қауіптілігін біледі.
Көптеген оқушылар: Жануарлар мен өсімдіктерде болатын вирустық аурулардың түрлерін ажырата алады.
Кейбір оқушылар: Қазіргі уақытта вирустық аурулардың емінің жоқтығын, адам денсаулығына әсерін, жұғу жолдарын және сақтану шараларын айқындайды.
- Вирустар арқылы таралатын кейбір аурулардың түрлерін және олардан туындайтын аурулардың қаншалықты қауіптілігін айтады.
- Жануарлар мен өсімдіктерде болатын вирустық аурулардың түрлерін ажыратады.
- Қазіргі уақытта вирустық аурулардың емінің жоқтығын, адам денсаулығына әсерін, жұғу жолдарын және сақтану шараларын біледі.
Негізгі сөздер мен тіркестер; ЖИТС, тұмау, полиомиелит, шешек, аусыл, құтыру, интерферон, иммуномодуляторлар, вирион, вакцина, гемофилия.
Салауатты өмір салтын ұстануға, (жеке бас гигиенасын сақтауға, вирустық жұқпалы аурулардан сақтану жолдарына ) тәрбиелеу
Бейнебаян, слайд арқылы суреттер көрсетілді.
Тіршіліктің жасушалық емес формалары. Вирустар және фактар.
Сабақтың жоспар -ланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс -әрекет
Микробиология ғылымының дамуына қандай ғалымдар еңбек сіңірді? (Д.И.Ивановский, У.Стенлидің)
Д.И.Ивановский мег Ф.Туорт еңбектерінің құндылығы неде?
Адам өмірінде ашытқыш бактериялар мен шіріткіш бактериялардың қандай маңызы бар?
Фактың көбею сатысының ұзақтығы? (30-90 минутқа дейін)
Вирустар туралы не білесіңдер? Олар басқа жасушаларда қалай дамиды?
Бүгінгі сабақтан не білетінің, не білігісі келетінің және не білгеннің анықтау кестесі (инсерт)
Вирустық аурулардың түрлерімен танысу.
Бейнебаян көрсету. Вирустық ағзалардың түрлері мен жұғу жолдары.
Do not produce energy
They don`t eat Do not breathe
They don`t see Vaccines
Give off wastes Able to reproduce
They don`t move Do not grow and develop Very small size
2. Мәтінмен жұмыс. Оқушылар оқулықтағы мәтінмен танысып топта жұмыс жасайды.
Сұрақ. Адамның иммундық тапшылық вирусын сипаттау .
Тапсырмалар
Адамның иммундық тапшылық вирусының ішкі құрылысын сипаттап жазу
Тіршілік әрекеті мен аурудың алғашқы белгілерін жазу
Берілген вирустық аурулардың алдын алу шараларын (медициналық тұрғыдан) жазу
Адамның иммундық тапшылық вирусының ішкі құрылысын сипаттауы (1ұпай)
Тіршілік әрекеті мен аурудың алғашқы белгілерін жазуы (1ұпай)
Берілген вирустық аурулардың алдын алу шараларын (медициналық тұрғыдан) жазуы (1ұпай)
Сұрақ. Қазақстанда кең тараған індет.
Полиомиелит ауруының эпидемиологиясын сипаттап жазу
Клиникалық белгілерін жазу
Аурудың қоздырғыштарын жазу
Полиомиелит ауруының эпидемиологиясын сипаттауы (1ұпай)
Клиникалық белгілерін жазуы (1ұпай)
Аурудың қоздырғыштарын медициналық тілмен атауы
Жануарлар мен өсімдіктерде болатын вирустық аурулар.
Өсімдіктерде кездесетін вирустық аурулардың пайда себептерін жазу
Вирустардың өсімдік жасушаларында таралуын жазу
Үй жануарларында кездесетін вирустық ауруларды жазу
Өсімдіктерде кездесетін вирустық аурулардың пайда себептерін жазуы (1ұпай)
Вирустардың өсімдік жасушаларында таралуын жазуы (1ұпай)
Үй жануарларында кездесетін вирустық ауруларды жазуы (1ұпай)
1 тапсырма. Кестені толықтыр.
Дайын жауап арқылы жұптық тексеру.
2 тапсырма. Төменде көрсетілген аурулардың қайсысымен адам өмірінде бір рет қана ауырады.
Адам ағзасына зақымдайтын аурулар қандай жалпы белгілермен анықталатынын түсіндір
Б)бірнеше рет 1,2,3,4,7,8,9,10,11,12,13
1 тапсырма. Сандар сыры. Сәйкестендіру.
(Тақырыпты пайдалана отырып, берілген сандарды cәйкестендіру)
Дұрыс жауаптары арқылы бірін – бірі тексеру
(әр дұрыс жауапқа 1 ұпай)
1933 жылы – Тұмаудың нағыз қоздырғышы табылды.
1961 жылы – Полиомиелит Қазақстанда кең тараған.
1916 жылы – Нью-йоркте полиомиелиттен 2 мыңдай адам қайтыс болған.
1983 жылы – Адамның иммундық тапшылық вирусы ашылды.
1981 жылы – Алғаш рет АИВ АҚШ – та бөлініп алынды.
100-120 нм – Диаметрі, шар тәрізді бөлшектер.
9-11 жылға – ЖИТС – тің даму мерзімі
20 млн-дайы –Тұмаудан қайтыс болған.
Термин сөздерді үш тілде сәйкестендіру.
(әр дұрыс жауапқа 1 ұпай)
Өрмекшінің торы арқылы сабақты қорытындылау.
Яғни вирусты аурулардың алдын алу шараларын өрнектеу.
1.Бір рет пайдаланатын шприцтерді қолдану
2.Медициналық құралдарды мұқият стерильдеу
5.Интерферон препараттарын қолдану
6.Салаутты өмір салтын қалыптастыру
7.Имандылық тәрбиесін жолға қою
Қорытындылау. Кері байланыс
Сабақтан көптеген қызықты мәлімет алдым
Үйге тапсырма: А,В,С сұрақтарына жауап жазу. Жаңа терминдермен жұмыс. Мәтін бойынша тест сұрақтарын құрау.
Қазіргі кезде кең тараған вирустық ауруларды зерттеу.
Деңгейлік тапсырма
Мақсаты: Вирустар арқылы таралатын кейбір аурулардың түрлерін білуі, олардан туындайтын аурулардың қауіптілігін, жұғу жолдары мен алдын алу шараларын ажырата алуы.
Ойлау дағдыларының деңгейі: білу және түсіну, қолдану
Бағалау критерийі : білім алушы
Вирустық аурулардың атын атау;
Жұғу көздерін білу;
Вирустық аурулардың ағза үшін қауіптілігін дәлелдеу.
1-тапсырма
Адамның иммундық тапшылық вирусы қандай ауру тудырады?
____________________________________________
Дискриптор: Білім алушы
Пайда болған вирустық ауруды атайды; 0/1 ұпай
2-тапсырма
Өсімдіктерде болатын вирустық ауруларды ата?
___________________________________________
Дискриптор: Білім алушы
Темекі теңбілі, асбұршақ және басқа дақылдардың ауруын атайды; 1/2ұпай
3-тапсырма
Бұл аурудың қоздырғыштары жүйке жасушаларына еніп, адам қозғалысын басқаратын жүйкелерді бұзып жансыздардырады. Қай індетке тәң белгілер?
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті
Тақырыбы: 1)Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу.Вакцина дайындау принциптері.Адьюванттар,иммуномодул яторлар
2)Құтырық,Аусыл,Шмалленберг,Блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары
Орындаған:Жексембай А.Р.
Тексерген: Омарбеков Е.О.
Тобы: ВМ-305
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу.
2.2. Вакцина және оның түрлері
2.3. Вакцина дайындау принциптері.
2.4 Адтюванттар, иммуномодуляторлар.
2.5 Құтырық, Аусыл, Шмалленберг, Блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары.
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Вирустық аурулар -- вирустар арқылы таралатын жұқпалы аурулар мен қатерлі ісіктер.
Жануарлардың, өсімдіктер мен бактериялардың жасушаларына енген вирустар көптеген қауіпті аурулар туғызады. Мысалы, тұмау, полиомиелит, шешек, аусыл, құтыру және т.б. аурулар вирус арқылы таралады. Тұмаудың нағыз қоздырғышы 1933 жылы анықталды. Бұл ауру ертеден белгілі. Тұмау індеті адамзатқа шешек пен обадан артық болмаса, кем залал тигізбеген. 1918-1920 жылдары тұмаумен 500 миллиондай адам ауырып, оның 20 миллионға жуығы қайтыс болған
Індеттен сақтандырудың негізгі жолы - арнамалы дуалау, вакцинамен немесе қан сарысуымен егу. Егудің арқасында организмнің арнамалы қорғану факторлары және механизмдері іске қосылады. Ауруға қарсы қолданған шаралардың салдарынан қоздырушымен ауруға шалдығатын организм арасында папуляциялық - экологиялық өзара байлаланыстар өзгерді. Аурудың өршуі, вирустардың әр түрлі қасиеттері де өзгеріске түсті. Қоздырушының бір малдан екінші малға өту жолдары да өзгерді. Осындай жағдайларда вирустардың орталыққа байланысты күшейген түрлері пайда болып, олардың иммунитетке қарсы тұрарлық қасиеттері бар түрлері дүниеге келді. Сонымен қатар, вирустардың уыттылығы төмендеген түрлері де пайда болды. Вирустардың өзгеруіне сәйкес аурулардың жаңа түрлері пайда болды. Олармен күресу де күрделі бола бастады.
Сондықтан, вирус қоздыратаын аурулардан сақтандыру үшін ең алдымен індеттік процесті, вирустардың індетаралық кездерінде өз түрлерін сақтау үшін тірі клетка ішінде болуы шарт. Демек организмге енуі қажет. Вирустар мал организіиінде ұзақ уақыт сақтала алады. Кейбір жіті түрде өтетін аурулардың, мысалы, аусыл, шошқаның африкалық және европалық обасы, Ауески ауруы, құтыру т.б. созылмалы, жасырын түрге ауысуы осы вирустардың өзгеруіне және олардың індет аралық кездерінде ортаға ыңғайланып сақталуын көрсетеді және керісінше,вирустардың уыттылық түрінің пайда болуы мал организімінің ауруға қарсы төзімділігінің яғни иммунитеттің төмендеуіне байланысты жайт. Бұл вирустық аурулардың тез таралуына әкеп соғады.
Мал ауруын қоздыратын вирустардың осылайша өзгеріп отыруы, вирустардың вируленттік түрі пайда болғанда аурудың таралуы, вируленттігі төмендеген кезде індеттің сақталуы, яғни вирустардың табиғатта айналысқа түсуі осы қоздырушылардың биологиялық түрі ретінде табиғатта сақталуына негіз жасайды.
Арнамалы дауалау. Арнамалы дауалау дегеніміз малды жұқпалы аурулардан вакцина немесе гипериммунды қан сарысуы арқылы сақтандыру. Ауырып жазылған малда және вакцина егілген соң вирусқа қарсы пайда болған иммунитет әр түрллі дамиды. Мұнда гуморальдық және клеткалық факторлар әр түрлі роль атқарады.
Сондықтан да вирустарға қарсы вакцина алу үшін және ол вакцинаны қолдану үшін осы клеткалық, гуморальдық факторлардың өзара ерекшелігін ескерген жөн.
Ауруға клеткалық және гуморальдық қарсы тұру қасиетіне сәйкес инфекциялар бірнеше топқа бөлінеді.
Кейбір індеттерге организмнің қорғану қасиеттері тек гуморальдық факторларға сүйенген, яғни антиденелердің мөлшеріне байланысты, ал клеткалық факторлар әсері тіпті жоқ десе де болады, немесе өте аз әсер етеді. Мысалға аусылды, шошқаның европалық обасын атауға болады.
Ал екінші топқа жататын індеттерден сақтандыру үшін әрі клетқалық, әрі гуморальдық факторлардың маңызы зор. Мысалы үшін, Ньюкасл, тұмау, құтырық ауруларын келтіруге болады.
Үшінші топтағы аурулардан сақтандыру үшін клеткалық факторлардың маңызы зор. Бұл ауруларға қарсы құралған иммунитет клетка деңгейінде пайда болады. Ал гуморальдық факторлар қосалқы рөл атқарады. Марек, Ауески, шешек, қара сүйел аурулары осының айғағы.
Иммунитеттің гуморальдық және клеткалық факторлары әр түрлі вакциналармен іске асады.
●Тірі вакциналар - тірі, бірақ әлсіретілген вирус штамдарынан алынған;
●Өлтірілген - немесе инактивтелген вакциналар - вирустарды физикалық не химиялық жолдармен өлтіріп алынған;
●Суббөлікті вакциналар - вирустың тазаланған белоктарынан алынған;
●Гендік - инженерлік вакциналар - гендік инженерия тәсілдерімен алынған;
●Жасанды, немесе синтетикалық вакциналар - вирус антигеніне полиэлектролит не полимер қосып, вакциналық жиынтық алынған.
Вакциналар қолдану - індетпен ауырған малдың сол ауруға қайта шалдықпайтынына негізделген. Содықтан вакциндеу (егу) дегеніміз мал организміне қоздырушыны әдейі енгізу. Тек алдымен қоздырушыны әлсіретіп алу керек. Егудің нәтижесінде организмде қорғану механизмдері пайда болады, яғни антиденелер синтезделеді. Сол себептен вакцина егуді белсенді егу деп, ал егу үшін қолданататын препаратты вакцина деп аталады. Демек вакцина не өлтірілген, не тірі, бірақ әлсіретілген вирустан алынған биологиялық препарат.
Вакцинаға қандай талаптар қоюға болады?
Біріншіден, вакцина ауру қоздырушының белгілі бір түріне сәйкес болуы керек.
Екіншіден, вакцина зиянсыз, індет туғызбайтындай қасиеті болуы керек.
Үшіншіден, вакцинаның жеткілікті иммуногендік қасиеті болуы қажет,
Яғни вакцина еккеннен 2-3 апта өткен соң сол вирусқа қарсы организмде иммунитет пайда болуы шарт.
Індеттен сақтандыру үшін 1798 жылы Э.Дженнер вакцинаны тұнғыш рет қолданды.Шешектен сақтандыру үшін ол сиыр шешегін жас балаға екті.
Француз ғалымы Луи Пастер Дженнердің құрметіне вакцина (ағылшынның vacca - сиыр) сөзінен деген сөзді қолдануды ұсынды.
Әлсіретілген тірі вакциналар. Тірі вакцинаны әлсірететін вирустардан алады. Әлсірету-вирусты немесе микробты әлсірету. Әлсіретудің салдарынан вирус індеттің ауыр түрін қоздыра алмайды, яғни қоздырушының патогендік және уыттылық қасиеттері жойылады , ал иммуногендік қасиеті сақталады. Вирусты әлсірету кезінде вирустарға арнаулы әсер етіп, олардың кейбір нәсілдік қасиетін өзгертіп, өзгерген түрлерін алады.
Вирус фиксті адамдар мен жануарлар терісінің астына енгізгенде оларда иммунитет пайда болады. Осы жолмен алынған вакциналарға мысал ретінде шошқаның европалық обасына қарсы вирусының К штамынан алынған құрғақ АСВ -- вирусвакцинасын айтуға болады. Вирустарды әлсіретудің тағы бір жолы бар. Ол вирустарға төменгі температурамен әлсірету оларға тс - мутанттар, организм клеткаларында белгілі бір температурада ғана өсіп - көбейетін, температураға сезімтал штамдар жатады.
Вирустық ауруларға қарсы тірі вакцина алу өте қиынға түседі. Ол үшін тірі жүйелер т.б. қажет. Олар мынадай түрлерге бөлінеді.
1.Ависделген (латынның avis - құс деген сөзінен шыққан) вакциналар.
2.Клетка өсінділерін қолданып алынатын вакциналар- вирустарды әр түрлі клетка өсінділеріне өсіріп көбейтеді.
3.Лапинделген вакциналар - вирустарды қоян организіміне бейімдеу арқылы алынған.
Инактивтелген вакциналар. Белсенді қасиеті жоқ, өлтірілген немесе инактивтелген вакцина деп тазаланған вирусты химиялық немесе физикалық жолмен өлтірілген вакцинаны айтады. өлтірілген вирустар организмде өсіп-көбейе алмайды, демек клеткада көбею қасиеті жоғалады да, антигендік қасиеті сақталады.
Вирусты өлтірудің физикалық факторлары:
* Вирустарға жоғары температурамен әсер ету;
* Ультракүлгін сәулемен әсер ету;
* Гамма - сәулесінің әсерінен вирустардың әрі нуклеин қышқылы, әрі белок қабаты бұзылады;
* Вирусты өлтіру үшін қолданылатын химиялық факторлар.
Вирусты өлтіру үшін әр түрлі химиялық құралдар қолданылады:
Формалин - вирус өлтіру үшін өте кеңінен қолданылады. Ол вирустың нуклеин қышқылының құрылысын зақымдайды.
β - пропилактон - вирустың белок қабатынан өтіп нуклеин қышқылына әсер етеді де, ауру туғызатын қасиетін жоғалтады, ал антигендік қасиетін сақтайды.
Суббөлікті вакциналар. Тірі және өлтірілген вакциналар бүтін, толық вириондардан тұрады. Өздерінізге белгілі, күрделі вирустардың құрамында әр түрлі белоктар, көмірсулар, липидтер болады. Ал вирус белоктарының тек 10 пайызға ғанат вирусқа қарсы тұру қабілетін туғызады. Вирус арқылы тарайтын аурулар . жалғасы
Читайте также: